Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Спикерлер

1Иво де Бор

Ғаламдық «Жасыл өсім» институтының бас директоры (Сеул, Корея)

 

2014 жылғы 15 сәуірден Ғаламдық «жасыл өсім» институтының (GGGI) бас директоры лауазымына сайланды.

Бұрындары KPMG-та климаттың өзгеруі пен орнықты сервис мәселелері бойынша ғаламдық төрағасы лауазымын атқарған.     KPMG-та жұмыс істей жүріп,  әлемнің 60 елінде өкілдігі бар, климаттың өзгеруі мен орнықты бизнес бойынша халықаралық консалтинг желісін құрды.

БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша Негіздемелік конвенцияның атқарушы хатшысы болды (2006-2010 жж.).  бұл орында болған кезінде климаттың өзгеруі туралы мәселені жоғары саяси деңгейге көтерді және БАҚ-тың назарын осы мәселеге аударды.     2009  жылы Копенгагенде климаттың өзгеруі бойынша халықаралық келіссөздерді ұйымдастырды, оған әлемнің 100-ден астам көшбасшылары қатысты, 90-нан астам ел парниктік газдардың шығарындыларын азайту бойынша міндеттемеге қол қоды.

БҰҰ РКИК жұмыс істегенге дейін Нидерланды Қоршаған орта министрлігінің бас директорының орынбасары, БҰҰ орнықты даму жөніндегі комиссиясының вице-төрағасы, Қытай үкіметінің кеңесшісі, Қытай мен Бүкіләлемдік банктің үкіметтерінің кеңесшісі болды.       2011 жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумның климаттың өзгеруі жөніндегі Ғаламдық бағдарлама кеңесін басқарды.

2Нонпен Лю

АТМЭӘК (ЭСКАТО) энергетикалық қауіпсіздік, су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау мен дамыту бөлімінің басшысы

 

Хонпен Лю мырза Азия және Тынық Мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) қоршаған ортаны және даму бөлімі энергетикалық қауіпсіздік және су ресурстары секциясының төрағасы.

Оның қызмет шеңберіне орнықты даму мақсатында энергетикалық және су қауіпсіздігі мен ресурстарды басқару бойынша аумақтық ынтымақтастық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу мен басқару,  директивтік және техникалық кеңестер ұйымдастыру, саяси диалогтар мен Азия және Тынық Мұхит аумығына мүше елдердің әлеуетін асыру кіреді.

БҰҰ-ға дейін Қытайдың Орталық үкіметінде энергетикалық қауіпсіздік және энергияның жанартылатын көздері, су ресурстарын сақтау және қоршаған ортаны қорғау (оның ішінде климаттың өзгеруі), технологиялар саясаты, жоспарлау мен дамыту, және де халықаралық ынтымақтастық салаларында түрлі қызметтер атқарған.

3Бузруков Джалил Джалолович

Орталық Азияның орнықты дамуы бойынша Мемлекетаралық комиссиясы ғылыми-ақпараттық орталығының Тәжік филиалының басшысы

 

1990 жылға дейін «Аэрокосмогеодезия» ғылыми-өндірістік орталықта ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы болып қызмет еткен. Ғылыми зерттеулері геологияда жерді зондылаудың космос тәсілдерін пайдалану, аэросуреттердің мұқамын анықтау негізінде табиғи ресурстарды инвентаризациялау салаларымен байланысты.

Табиғатты қорғау жүйесінде 1990 жылдан жұмыс істейді. Қалдықтарды басқару, пайдалы кендерді қорғау және пайдалануды мемлекеттік бақылау инспекциясының басшысы, Согды облысының табиғатты қорғау төрағасының орынбасары, табиғатты қорғау министрінің кеңесшісі, Орталық Азияның орнықты дамуы бойынша Мемлекетаралық комиссиясы ғылыми-ақпараттық орталығының Тәжік филиалының басшысы (2000 жылдан).

Түрлі бағдарламалар мен стратегиялық құжаттардың, аумақтық және ұлттық деңгейдегі қоршаған ортаның жағдайы туралы бағалау зерттеулердің авторы және бірлескен авторы. Табиғатты қорғау заңнама, экологиялық сараптамалау, қалдықтарды басқару бойынша сарапшы.

4Роджер Капп

Орнықты даму бойынша эксперт  (Швейцария)

 

30-жылдан аса елдік және халықаралық деңгейде ірі жобаларды үйлестіру және басқарумен айналысып келеді. Рио + 20 Саммитіне Швейцарияның позициясын Қоршаған ортаны қорғау федералдық ведомствоның басқаруымен Швейцарияның мақсатты тобының мүшесі ретінде әзірлеуге қатысты. Осы кезде Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің басшылығымен  2015 жылдан кейінгі барлық  күн тәртібі мен орнықты даму мақсаттары бойынша Швейцарияның позициясын әзірлеуге байланысты топтың мүшесі.

Рио+20 конференциясына және басқа түрлі жоғары деңгейдегі дайындық кездесулерге қатысқан, оның ішінде Рио+20-ға БҰҰ УЭК аумақтық дайындық кеңесіне, Астанада өткен Орнықты даму және «Жасыл Көпір» бастамасы бойынша конференцияға, «Рио+20: «жасыл» экономикаға практикалық үлес» Дөнгелек үстелге. «Жасыл» экономикаға көшуге септігін тигізетін басқа да түрлі бастамалардың  үйлестірушісі.

Үкімет, ҮЕҰ, ҮАҰ және жеке ұйымдар үшін басқару мен экологияға байланысты ұсынымдар әзірлеумен, қаржы жинау, орнықты даму стратегияларын даярлау және жүзеге асырумен айналысады.

5Роберт Аткинсон

Халықаралық консультант (Ұлыбритания)

Жобалар әзірлеу, жобаларды басқару, азаматтық қоғамға ықпал көрсету, әлеуетті нығайту (білім және оқыту) мен ұйымдастырулық даму салалары бойынша 20 жылдан аса тәжірибесі бар.

Еңбек жолын Әлемдік мониторинг орталығында бастаған (1988-1989), одан кейін Әлемдік табиғатты қорғау кеңесінде Шығыс-Еуропа Бағдарламасында жұмыс жасаған (1990-1991 Кембридж, Ұлыбритания). 1991 жылдан 1995  жылға дейін Орталық және Шығыс Еуропада демократия және қоршаған ортаны қорғауды басқару басқармасында East-West Environment бағдарламасын басқарған. Он үш жыл бойы (1995-2008) Венгрияда Орталық және Шығыс Еуропа аумақтық экологиялық орталықта еңбек еткен, (2004-2008) азаматтық бастамалар бойынша директор болған.

Отыздан жуық елдерде қоршаған орта және азаматтық қоғам мәселелеріне байланысты көптеген жобаларды әзірлеуге қатысқан. Азаматтық қоғам және экологиялық білім беру тақырыптары бойынша жиырмадан аса басылымдардың авторы және соавторы. 2009 ж. ЕҚЫҰ Орхус қоғамдық қатысу орталықтарын дамыту кешендік ұйымдастыру принциптерін әзірлеген. 2013-2014 жж. ЮНЕП-тің 2014-2015 жж. Арналған жұмыс бағдарламасы аясында негізгі топтар мен қызығушылық танытатын тараптардың азаматтық қоғам бойынша консультанты.

Қазіргі кезде бірнеше халықаралық жобаларда консультант болып істейді,  LIFE+NGO гранттарын пайдалану Еуропалық комиссияның және басқалардың мониторинг бойынша сарапшысы.

6Есекин Болат Камалбекұлы

Халықаралық сарапшы

 

Қазақстанда, Орталық Азия мен Еуропалық өңірде экология мен даму саласындағы танымал сарапшы. 1989-1993 жылдары  ҚОҚ (ООС) экономикалық құралдарын енгізуді, Арал, Каспий мен Семей полигонының проблемаларын халықаралық деңгейге көтеруді басқарды, ООС жөніндегі мемлекеттік бақылау бас басқармасын басқарды.

1993-1997  жылдары Алматы қ. Табиғатты қорғау басқармасын  және сонымен бірге ООС бойынша 1-ші ұлттық жоспарын әзірлеу бойынша Қоғамдық тобын  басқарған.  1997 жылы «Қазақстанның ООС  жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары» Бүкіләлемдік банк жобасының  жетекшісі болып сайланды.

Өңірлік экологиялық орталықты құру (РЭЦЦА) инициаторы  және оның бірінші директоры. Бұл орталыққа 1999-2006 жылдары басшылық жасады және оның табысы мен орнықтылығына зор үлес қосты.

Әртүрлі бағдарламаларды, халықаралық жобаларды басқаруда, мемлекетаралық келіссөздерді жүргізуде үлкен жұмыс тәжірибесі бар. 2007 жылдан бері  халықаралық сарапшы, «жасыл көпір»  халықаралық бағдарламасының бастамашысы мен әзірлеушісі.

БҰҰ ЕЭК этносаясат жөніндегі Комитет бюросы төрағасының орынбасары, Женева (1998 жылдан), Азия-Тынық мұхиты форумының мүшесі,  Жапония (2000-2002),  Ғаламдық су әріптестігі директорлар кеңесінің, Стокгольм (2013), Қазақстанның орнықты даму кеңесінің (2006),  «Қазақстанның экофорумы» ҮЕҰ Үйлестіру кеңесінің,  басқа кәсіби желілердің мүшесі болды.

8Дэниел Доулинг

ПрайсвотерхаусКуперс директорының климаттың өзгеруі және халықаралық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі

 

12 жылдан  астам орнықты даму және климаттың өзгеруі мәселелерімен айналысты. Халықаралық  даму агенттіктерімен  және қаржылық институттармен  климаттың өзгеруі, жасыл өсім, ресурстарды орнықты пайдалану, климат және қоршаған орта,  жеке секторды дамыту және инвестициялық жоспарлау сияқты салаларда  жұмыс істейді. Ірі ғаламдық бизнес-сектормен және ұлттық үкіметтермен климаттың өзгеруі және апат қаупін  азайту бойынша белсенді жұмыс істейді.

Орталық Азия, Таяу Шығыс, Шығыс және Оңтүстік Африка, Үндістан, Пәкістан, Чили, Бангладеш,  Қытай, АҚШ, Еуропа мен Ұлыбританияны қоса алғанда, 20-дан астам жұмыс тәжірибесі бар.

 

9Сафонов Георгий Владимирович

Жоғары экономика мектебі – Мемлекеттік университетінің қоршаған орта және табиғи ресурстар экономикасы орталығының директоры, РФ

1995 ж. – қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық және ресейлік зерттеу жобалары мен бағдарламалардың мүшесі және жетекшісі.

1999 ж. – климаттың өзгеруі және Киото хаттамасы бойынша БҰҰ Негіздемелік Конвенция тараптарының кездесулері мен конференциялары аясындағы халықаралық келіссөздердің тұрақты қатысушысы.

РФ Президенті, РФ Мемлекеттік Думасы, Экономикалық даму министрлігі, Энергетика министрлігі, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы, РФ Қоғамдық палатасы, РӨКО, «Іскерлі Россия»-ның экология мәселелері, «жасыл» экономиканы дамыту, энергия тиімділігі мен  жаңартылатын энергетика, климат саясаты бойынша Жумысшы топтардың мүшесі.

БҰҰ КӨНК халықаралық сарапшысы, 2014-БҰҰ Бүкіләлемдік Климат Саммитіне Ұлттық баяндама даярлаудың үйлестірушісі. «Экологиялық экономика» халықаралық ғылыми қоғамның, БҰҰ орнықты даму бойынша желісінің (UNSDSN), Climate Action Network  үкіметтік емес ұйымдардың мүшесі.

80-нен жуық орнықты даму, қоршаған орта экономикасы, халықаралық және ресейлік климат саясаты, көміртек нарығын дамыту, т.б. мәселелері бойынша ғылыми басылымдардың авторы.

 

10Павел Виктор

Басқарма  төрағасының  орынбасары «ConsusCarbonЕngineering»(Польша)

 

Польшада СО2.  жобасы бойынша шығарындыларды азайтудың бірінші  верификациясын  жүргізді. «Дэ Ношке Веритас» (ДНВ) компаниясында парниктік газдардың аудиторы (2004 жылдан) ретінде  СТВ ЕС үшін  жауапты қызметтерді  бірлесіп іске асыру саласында ДНВ басқарушы компаниясының жылдық есептерді дайындауына қатысты.

2005–2007 жылдары жетекші верификатор ретінде ірі Польша кәсіпорындары үшін жылдық есептер верификациясын жүргізді.

СР және Таза даму тетіктері (Үндістан) валидация мен верификация жүргізу үшін біліктілігі бар.  2007 жылы «Корпоративтік әлеуметтік есептілік» және «Есептіліктің орнықты дамуы мен верификация» бағдарламалары  (Испания) бойынша оқыған.

Шетелде, Румыния, Литва, Венгрия мен Египетте көптеген жобаларға қатысты.  Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қазақстанның ұлттық үкіметтік және жеке мекемелерге жұмыс қағидаттары мен шығарындылар саудасы жүйесін жүзеге асыру, Ұлттық көміртек қоры, жаңартылатын  энергия көздері мен климаттың ғаламдық өзгеруі   бойынша кеңес береді. Климаттың өзгеруі бойынша қызметтер саласында халықаралық топтың мүшесі.

Парниктік газдардың шығарындылары, Польшада жасыл инвестициялар сызбасы бойынша әдіснама бойынша мониторинг және есептілік мәселелері бойынша бірқатар жарияланымдардың  авторы.

 

11Юстина  Высоцка-Голец

Consus Carbon Engineering (Польша) Кеңес Төрағасының орынбасары және басқарушы директоры

 

Краков технологиялық университеті инженерлік экология факультетінің түлегі, Краков экономикалық университеті МВА бағдарламасының Еуропалық зерттеу басқармасының аспиранты.

Польшаның ірі қалалары үшін жергілікті деңгейде SEAP, төменкөміртекті экономика стратегиясы мен іс-қимылдар жоспарын әзірлеуге маман ретінде  қатысқан. Ірі энергетика топтары, химия мен нефтехимия, тау-кен өнеркәсібі мен металлургия кәсіпорындары үшін (ЕО ШСЖ) шығарындылар мен қалдықтарды басқару жүйесін жүзеге асыруға байланысты жұмыстарға кеңесшілік жасаған. Сонымен қатар Румыния, Болгария, Беларусь, Украина және Қазақстанның ұлттық үкіметтері, жеке мекемелері мен қоғамдық секторына шығарындылар саудасы жүйесінің (ШСЖ) қағидаттары мен жүзеге асуы, климаттың глобалдық өзгеруі салаларында кеңесшілік жасаған.

Экологиялық менеджмент, қалдықтарды басқару және орнықты даму салалары бойынша көптеген басылымдардың авторы. Көптеген елдерде ЕО ШСЖ-не қосылу шеңберінде жобаларды, құрылымдық қорлар мен қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму қорларын басқару мәселелері бойынша тренингтер мен лекциялар өткізеді.

«Консус Казахстан (Konsus Kazkhstan)” ЖШС атқарушы директоры. Әйелдерді жеке бизнесті құру және басқаруға байланысты қолдау Еуропа премиясы – «Әйелдер кәсіпкершілігінің Елшісі» атағымен марапатталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*