Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Экологиялық жағдайды тұрақтандыру – арал маңында «жасыл экономиканы» дамыту негізі

030714-2Қазақстандық Арал маңы – Арал алабының өзен ағынын реттеу кезінде теңіздің құрғауынан және Аралдың құрғақ түбіндегі тақыр экожүйелердің туындаған экологиялық дағдарыс аймағы [1]. Арал теңізі даланы шамадан тыс суару нәтижесінде тек 40 жылдың ішінде өзінің су қорының 90% жоғалтқан.Арал маңында биоәртүрлілік пен экологиялық орнықтылықты сақтаудың ең тиімді формасы шөлденумен күрес бойынша іс-шараларды орындау, әсіресе Арал теңізінің құрғаған жолағындағы келесі қарқынды жұмыстар жасауды қажет етеді. Сондай-ақ, биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша стратегиялар мен жаңа әдістерді, аймақты экологиялық сауықтандыру жобаларын жасау мен жүзеге асыру керек.Аймақта экологиялық жағдайды тұрақтандырудың тиімді жүйесін әзірлеу үшін экологиялық зоналау тұжырымдамасының негізгі ережелерін пайдалану ұсынылады.Экологиялық зоналау табиғи ресурстарды игерудің мүмкін шектерін және экологиялық жағдайды тұрақтандыру мен халықты сауықтыру іс-шараларын ескере отырып,Арал маңының экологиялық-экономикалық дамуының ГИС-жүйелерін құру қажеттілігін айқындайды.
Автор:
Шабанова Людмила Владимировна
Жүсіпов Абзал Есләмбекұлы
Бекбенбетова Гүлбаршын Серікқызы
Тілі : Қазақша

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*