Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалаудағы жұртшылықтың рөлі

030714-3Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен, трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы табиғатты қорғау конвенциясымен анықталатын шекаралас экожүйелердің табиғи әлеуетін пайдалану бойынша Қазақстан көршілес елдермен бірге шешімдерді әзірлеуді қажет етеді.Қазақстан мен Қырғызстанның трансшекаралық аумағындағы конвенцияның рәсімдерін практикалық жүзеге асыру үшін «Қырғыстан мен Қазақстанда трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясын практикалық қолдану» пилотты жобасын іске асыру үшін негіз болған нұсқаулық пайдаланылды. Бұл нұсқаулық Орталық Азия елдері үшін ұжымдық және жеке дара шараларды қабылдауға негіз болып табылады.Жұртшылықтың қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізуге қатысуы ҚР Экологиялық кодексінде бекітілген. Бұл кодекстегі баптарға сәйкес болжанатын шаруашылық қызмет туралы мәліметтерін және экологиялық сараптаманың нәтижелерін БАҚ-на тапсырып, баспаға шығару міндеттілігі көрсетілген. Болжанатын іс-әрекеттердің экологиялық аспектілері мәселелері бойынша жұршылық пікірін ескеру мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялығы үшін, шекаралас халықтардың шешімдер қабылдауға рұқсаттылығын қамтамасыз етуге қажет.

 Автор:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*