Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

«Жасыл экономика» – негізгі мақсат

Сағыныш Әбілова,

«Орталық Қазақстан»
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтар – табиғаттың тілі жоқ» демекші, ел мен жердің таби­ғатын аялап қастерлеу адам­ның еншісіндегі міндеті. Кімді болса да әсем де сұлу табиғатымен тамсандырар тау­лы орманды Қарқаралының киелі табиғаты аясын­да Қарқаралы Мем­лекеттік ұлттық табиғи паркі­нің ұйымдастыруымен «Жасыл эко­­номикаға» ауысудың негізі ре­тінде табиғи экожүйелерді басқа­ру және сақтау» республикалық ғылы­ми-прак­тикалық конференциясы  өтті.  Атал­мыш конференцияға ҚР­ Қор­­­ша­ған ортаны қорғау минис­тр­­­­лігі, Орман және аңшылық шар­уа­шы­лығы комитеті, БҰҰ Даму бағ­дарламасының өкілдері, ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өкілдері, табиғи ресурстарды пайдалану және зерттеу, қоршаған ортаны қорғау мамандары және ғалымдар, қоғамдық ұйымдар, Қарқаралы ұлт­­тық табиғи паркі қызметкерлері қа­тысты.  Сонымен қатар, шараға ау­дан әкімінің орынбасары Самат Әкі­мов қатысты.
«Қазақстан Республикасында 2012-2020 жылдардағы биология­лық әр­алуан­дылық туралы конвен­ция­­сының стратегиялық жоспарын жү­зеге асырылуын қолдау үшін био­­әралуандылықты сақтау және тұрақты пайдаланылуын ұлттық дең­гейде жоспарлау», «Далалық эко­жүйелерді сақтау мен орнықты бас­қару», сонымен қатар Қарқара­лы МҰТП-тің 15 жылдығына арналған «Жасыл экономикаға» ауысудың не­гізі ретінде табиғи экожүйелерді басқару және сақтау» тақырыптарын қамтыған конференцияны кіріспе сөзімен ашқан Қарқаралы МҰТП-нің директоры Р. Төлепбаев аталған та­қы­рыптар бойынша баяндама жасады. Баяндама барысында Р.Тө­­­леп­баев қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, оны жақсарту қа­зақстандықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай құру – мемлекеттік экология мәселелеріндегі саясаты болып табылып және басты ба­сымдылықтары болып қала бе­­ре­тінін атап өтті. «Кейінгі жиырма жылдың ішін­де Қазақстан қор­шаған ортаны қорғау мен биологиялық және ланд­шафттық әр­алуандылықты пай­­далану сала­сындағы ахуалды жақсартуға ба­ғытталған көп­те­ген маңызды қа­дамдар жасады.  Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның «Рио-92» декларациясына қол қойылды, Біздің еліміз «био­ло­гия­лық әралуандылықтар туралы» БҰҰ-ң конвенциясы, «Орхус Конвенциясының» қатысушысы бо­­лып табылады, сонымен бірге, табиғаттың пайдаланылуына мем­ле­кеттің түрлі бағдарламалары жасалынды және «Қазақстан – 2050» жаңа Стратегиясын жүзеге асыру шегінде, мемлекет басшысының 2013 жылдың мамыр айындағы Жарлығымен Қазақстан Республи­касының «Жасыл экономикаға» өтуі жөнінде Концепциясы бекі­тілді» дей келіп, конференция мақ­сатына тоқталды. Мақсаты – Эко­жүйелерді сақтау және тиімді бас­қару, «Жасыл экономикаға» өту­дің негізі ретінде қарау, негізгі табиғи климаттық ке­шендері жөнін­де, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әралуандылығы туралы, олардың зерттелуінің және пайда­ланылуының жай-күйі жө­нін­­дегі қолда бар мәліметтерді жүйе­лен­діру жолы мен осы процесстерге ықпалдасу.
Қатысушылар өз ой-пікірлерін ғылыми тұр­ғы­да ортаға салды. Атап айтқан­да, «Қазақстан Республи­ка­сын­да 2012-2020 жылдарда био­логиялық әралуандылық туралы конвенция­сының стратегиялық жос­парын жүзеге асырылуын қол­дау үшін биоәралуандылықты сақ­­тау және тұрақты пайдаланылуын ұлттық деңгейде жоспарлау мә­селелері қарастырылды. Жо­ба­­­сы­ның үйлестірушісі Т.Кер­­те­шов те өз көзқарасын білдірді. Атал­ған жобаның эко­жүйелер бойынша эксперті Р.Ва­гапов та тың мә­селелерді қозғады.  Экожүйе­лердің экологиялық, экономикалық рөлі, биоәралуанды­лықтың басқару жүй­е­­сін жетілдіру жолдары мен мә­се­лелері, экожүйелердің монито­рингісі, экожүйелердің өсімдік және жануарлар қоғамдастығы, экоту­ризм және оның экожүйелерді сақ­таудағы рөлі, «Жасыл экономиканы» дамытудағы негізгі салалардың рөлі секілді бағыттар да  ойлар өрбіді.
Сарқылмайтын қуат көздерін пайдалана отырып, «Жасыл экономиканы» жандандыру әлем ел­де­рінің алға қойған зор мақсаты. Сондықтан да, елімізде «ЭКСПО – 2017» көрмесінің өтуі «Жасыл эко­номикаға» қатысты озық  жобаларды өмірге әкелеріне сенім мол.
Қарқаралы ауданы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*