Астана маңындағы «жасыл белдеу» жоғары экономикалық тиімділігін көрсетуде – БҰҰ ДБ сарапшысы:
Астана – экожүйелік тиімділіктің тамаша үлгісі болып табылады, деп атап өтті БҰҰ даму бағдарламасының сарапшысы, М.Ломоносов атындағы ММУ профессоры Сергей Бобылев.
«Менің ойымша, Астана – экожүйелік қызмет пен тиімділіктің тамаша үлгісі. Қала маңында ағаштардан «жасыл белдеу» құру экожүйелік қызметтердің екіншілік және үшіншілік тиімділігінің классикалық мысалы болып отыр. Бұл белдеулер ағаштар үшін емес, ауа сапасы мен климатты реттеу, мәдени (эстетикалық қабылдау) және қолдау (топырақ шығару мен фотосинтез) функцияларының жүзеге асырылуы мақсатында құрылып отыр», – деді ол ҚР Парламентінің қызметкерлері мен депутаттарға, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдарға арналған «Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» тақырыбында өткен семинар-тренингте.
«Кесілмеген ағаш осы ағаштан жасалған өнімнен 3-4 есе құнды. Осылайша, Астананың «жасыл белдеуі» адам денсаулығын нығайтудағы үлесінен өзге, ірі экономикалық тиімділігін тигізуде», – деп атап өтті С.Бобылев.
Атап өту керек, семинар-тренингті ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен «Жасыл Академия» ғылым-білім орталығы ұйымдастырған. Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өтті.
ҚазАқпарат, 11.04.