2020 жылға қарай елімізде жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген қуат үлесі 3 пайызды құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау шаралары жөнінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

«Еліміздің «Жасыл» экономикаға көшу концепциясын іске асыру аясында министрлік жаңартылатын энергия көздерін дамытудың нысаналы индикаторлары мен оларға қол жеткізу жолдарын белгіледі. 2020 жылға қарай елімізде жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген қуат үлесі 3 пайызды құрайтын болады», – деді министр.
Оның айтуынша, былтыр жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңға түзетулер енгізілген. «Бұл тіркелген тарифтер шамасын есептеп, секторды қолдау шараларын енгізуге мүмкіндік берді. Белгіленген шаралар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері рыногын қалыптастыруға жағдай туғызады»,-деді Нұрлан Жамбылұлы.

www.baq.kz