2014 жылғы 23–24 қазанда Астана қаласында ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» Халықаралық форумы аясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы: келешегі мен құралдары» панельдік сессиясы өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының (ЖКСБ) Рио+20 Бүкіләлемдік Саммитінде қолдау тапқаны белгілі. «Жасыл көпір» бастамасының негізгі мақсаты – Еуропа, Азия және тынық мұхиты елдері арасында «жасыл» экономика саласында білім, инновациялар мен технологиялар трансферті арқылы «жасыл» экономикалық өсуді басқарудағы әріптестігін дамыту болып табылады.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы өңір елдеріндегі «жасыл» дамудың жалпы қажеттіліктерін көрсететін бес басым секторларды қамтиды: су ресурстарын басқару, жаңартылатын энергияға қол жеткізу, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы, орнықты қалалық жүйелер, климаттық қатерлерге төзімділік.

Бірлескен іс-қимылдарды іске асыру жолында нақты қадам – 2013 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша халықаралық конференция мен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы Хартияға қол қою болды, оған 8 ел – Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Моңғолия, Грузия, Германия мен Черногория қол қойды. Қазіргі уақытта Хартияға Финляндия, Латвия, Венгрия және Албания қол қойды.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы «жасыл» экономикаға көшудің практикалық тетігі болып табылады, Еуропа мен Азия елдерінің басты халықаралық және жеке сектордың қолдауымен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі тығыз өзара іс-қимылды көздейді. Бағдарлама Орталық Азия мен өңірде жалпы алғанда халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу, технологиялар трансферті, білім алмасу мен қаржылық көмек көрсету арқылы жасыл экономикалық өсуді ілгерілетуде көшбасшылықты қамтамасыз етеді.

Серіктестік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Үкіметі тәжірибені зерделеу, байланыстар орнату, сондай-ақ басқару тетіктері мен бағдарламаны қаржыландыруға бағытталған бастапқы кезеңімен 2011–2016 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. 24 қазанда болатын сараптамалық мәжілістер барысында ЖКСБ қауымдастығы мен «Жасыл көпір» Институтын құру жөніндегі құжаттардың жобалары таныстырылатын болады.

Осыған байланысты, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерін панельдік сессия және бүкіл форум жұмысына қатысуға шақырамыз.

 Сайт: www.gbpp.org

Байланыс: Мадина Наурызбек, Назия Прманова, Зерза Саменова

тел. – 8(7172) 2740882, 740846, 277293, 277295

факс – 8(7172) 279580

Баспасөз қызметі – 8 (7172) 97-68-83 e-mail: m.nauryzbek@energo.gov.kz, info@green-academy.kz, z.samenova@energo.gov.kz