Өзбекстан үкіметі халықаралық донор ұйымдарымен бірлесе отырып Аралды құтқару бағытындағы 30 құжатқа қол қойды.

 «Халықаралық донор ұйымдары құрдымға кетіп бара жатқан теңізді құтқару үшін 3 млрд доллар бөліп отыр» деп хабарлайды Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов.
-Үргеніш қаласында өткен халықаралық конференция қорытындысында анық болғандай бөлінген қаржының 1,9 млрд доллары жеңілдік кредиті болса, 1 млдр долларға жуығы грант пен техникалық жәрдем есебіне қаралып отыр,-дейді Рустам Азимов.

Естеріңізге сала кетсек 1960 жылға дейін әлемдегі ең ірі төрттіктің қатарында болған Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын ала орналасқан. 40 жыл ішінде су көлемі 5 есеге төмендеп қана қоймай, балықтардың да бірнеше түрі жойылып кеткен.

Дереккөз:  baq.kz