«Ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі мектеп жобасы» (SPARE) халықаралық экологиялық желісінің бастамасымен 11 қараша Энергоүнемдеу күні болып жарияланған.

Бұл мерекені ұйғару туралы шешім 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда өткен SPARE үйлестірушілерінің халықаралық кеңессөзінде қабылданған болатын. Ал 2008 жылғы қарашаның өзінде әлем алғашқы Энергоүнемдеу күнін атап өтті. Бұл мереке халықаралық мәртебеге ие болды, себебі, жобаға қатысуға 20-ға жуық ел ниет білдірді.

Мерекенің басты мақсаты – билік пен қоғамның назарын ресурстарды пайдалану мен жаңартылмалы энергия көздерін дамытуға аудару. Энергоүнемдеу мәселесі бірінші көрінгеннен едәуір тереңірек. Энергия үнемдеу қоршаған ортаның ластануын төмендетуге мүмкіндік береді.

http://expo2017astana.com/