«ЖАСЫЛ КӨПІРОЗЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР ҮШІН
СЕРІКТЕСТІК ПЛАТФОРМАСЫ
»<
Халықаралық конференция
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2015 жылдың  13 қарашасында сағат  10.00 Астана қаласында «Astana Radisson SAS» қонақ үйінде  «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» халықаралық Конференциясы өтед.

2015 жылдың 14 қарашасында Астана қаласында сағат 10.00   Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде «GREEN BRIDGE-инновациялық мүмкіншіліктер алаңы» атты халықаралық жастар форумының ашылу салтанаты өтеді.  

Конференция мен Форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global ды дамыту Коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ даму Бағдарламасы, Астанадағы ЕҚҰО бағдарламалар кеңсесі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Қазақстанның еріктілер Альянсы.

Жасыл Көпір Серіктестік Бағдарламасы 2010 жылы III Астаналық Экономикалық Форумында  Қазақстан Республикасы бастамасымен БҰҰ екі жергілікті комиссиялары мен БҰҰ «Рио+20» Саммиттерінде қолдау алған .

Конференция мен Форум жұмысына Армения, Грузия, Беларусь, Ресей, Германия, Финляндия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Эстония елдерінің құзыретті министрліктері мен ҮЕҰ басшыларының өкілдері қатысады

Шақырылған қонақтар қатарында- ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаттары, министрліктер және даму институттарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, ҮЕҰ мен бизнес басшылары, БАҚ өкілдері және т.б.

Конференция үш сессиядан тұрады: «Жасыл көпір- технологиялар, инновациялар және климаттың өзгеруі», «Жасыл көпір – жеке сектордың, ғылыми және азаматтық қоғамның қатысуымен технологиялар мен инновацияларға арналған платформа,», «ЖКСБ-ның қызметі мен жобалары».

Конференция Бағдарламасы Халықаралық деңгейде жасыл экономикаға өту, алдыңғы қатардағы жасыл технологиялар мен жобаларды тарату, жасыл бизнесті дамыту, институционалды және техникалық инновацияларды қолдауға арналған.

Конференция ағымдағы жылдың желтоқсан айында Парижде климат  тақырыбна өтетін конференцияның интеллектуалды үлесі болып саналады және барлық әлем бойынша түрлі климаттық бастамаларын жинақтайды.

Парижде қтетін конференция барысында ғаламшар температурасының  2°C көтерілмеуінің алдын алуға бағытталғын халықаралық келісімге қол қойылады

Осыған орай Қазақстан өзіне көмірқышқыл газын төмендету бойынша қосымша міндеттемелерді алуда. Бірінші республикалық Online-Expo-2017 сайысы кезінде Қазақстан СО2-ні төмендететін технологиялары бар мемлекет екенін дәлелдеді.

Президент Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының  70- сессиясында жасыл экономиканың негізі болатын жобасын ұсынды: «БҰҰ «Барлығы үшін тұрақты энергетика» бастамасын қолдау мақсатында 2017 жылы Астана қаласында «Болашақтын энергиясы» халықаралық ЭКСПО көрмесі өтеді»… «ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы негізінде Болашаққа көз тастай отыра Астана қаласында БҰҰ бастамаларымен жасыл технологияларды дамыту мен инвестициялық жобалар бойынша Халықаралық Орталық ашуды ұсынамын».

2013 ЖКСБ Хартиясы бастама алды, қазіргі таңда бұл Хартияға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Грузия, Германия, Латвия, Монғолия,  Черногория,  Болгария, Финляндия, Швеция, Венгрия және  Албания мемлекеттері қосылды.

Ағымдағы жылы жеке компаниялар мен ірі қоғамдық ұйымдардың Хартияға қосылу рәсімі  басталды. Ағымдағы жылдың 13-14 қараша күндері Хартияға жаңа қатысушылар қосылады.

2015 жылдың тамыз айында Хартияға қол қойған «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global ды дамыту Коалициясы», «ҚазАльянс» шет елдегі қазақстандықтар Бірлестігі, G-Global Халықаралық хатшылығы, Еуразиялық су орталығы қазақстандық қоғамдық ұйымдардың бастамаларымен «Жасыл Көпір» Серіктестік Бағдарламасы» халықаралық бейкоммерциялық ұйымы құрылды. Осы негіздерде халықаралық міндеттемелер барысында Қазақстанда ЖКСБ халықаралық Кеңсесі ашылады.

Форум барысында а.ж.  13 қарашасында ЖКСБ қызметінің қағидалары мен тұжырымдамаларын, жобаларды қарау тәртіптері, Қамақоршылық Кеңсесін құру, ЖКСБ механизмдер Декларациясы мәтіні, ұқсас бастамалармен әрекеттер жобасы және т.б.  талқылау жоспарлануда. ЖКСБ жобаларының алғашқы қадамдары мен ұйымдастыру жобаларын анықтау жоспарлануда.

Негізгі жобалардың бірі болып G-Global алаңында Online-Expo-2017 халықаралық сайысын, виртуалды сайыс және жасыл инновациялар мен ең үздік жобаларды ғаламдық инновациялық экологиялық инфроқұрылым элементі ретінде дамыту болуы мүмкін.

«GREEN BRIDGE-инновациялық мүмкіншіліктер алаңы» атты халықаралық жастар форумы аясында «Жаңа Әлем» балалар арасындағы экологиялық жоба қорытындысы бойынша жасыл технологиялар мен жобалар көрмесі, «ЖКСБ жастар Хартиясына»  қол қою рәсімі ұйымдастырылады.

Форум бағдарламасында – «Еріктілер қозғалысының даму аясында Астанада Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жөніндегі жастардың мәселелеріндегі мағлұматы мен білімін арттыру» тақырыбында оқыту семинары, «Жастар арасында көшбасшылықты дамыту» бойынша тренинг-семинары, Пікірталас форматындағы онлайн ток-шоу, Жас инноваторлар мен кәсіпкерлердің қатысуымен «жасыл» технологиялар мен тәжірибелер семинары жоспарлануда.

Жастар форумы аясында төмендегі үш жобалардың тұсаукесері өтеді:

1) Expo&Women  халықаралық ұйымының «Ұлттық ЭКСПО» жобасы аясында «Менің елім-менің ЭКСПОМ» Республикалық Акциясы. Сайыс шарттары аясында Қазақстанның жастары жасыл технологиялар немесе жұмыстарда, шаруашылықта кездесетін балама энергетика көздерін қолданған объектілер туралы 15-секундтық бейнеролик түсіріп, сайыс ұйымдастырушыларына жіберку қажет.

2) Ауыл жастары арасындағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Invest in Aul» жобасы аясында өтетін Республикалық «Water in AUL» «жасыл» жобалар сайысы

3) 2015 жылдың қараша айында бастама алған Ғаламдық Экологиялық Қордың қаржылай қолдауы бойынша Қазақстан Республикасы мен  БҰҰ Даму Бағдарламасының «Қазақстандағы төменгі көміртекті дамыту үшін тұрақты қалалар» жобасын жүзеге асыру барысында  «GREEN CITY» инновациялық жобалар сайысы.

Аккредиттелу:
Меруерт Абдалиева  + 7 778 456 09 99
Асыл Окапова +7(7172) 999-408, assyl.okapova@yandex.kz
Мекенжай:  РК, 010000, Астана қ., Кабанбай Батыра  даңғ 12, оф.9, 2-й этаж
Www:  http://www.greenkaz.kz
E-mail: greenkaz.kz@gmail.com