no-photo-imgЖаратушы Қазақстанға көмірсутектердің барлық түрлерін молынан берді, біздің мұнайымыз да, газымыз да, көміріміз де бар. Біз уран өндірісіне арналған шикізат шығаратын аса ірі өндірушілердің бірі саналамыз. Және технологиялар дамыған сайын энергиялық баланстың өзгеретіні де түсінікті. Мысалы, Еуропада өте қымбат газ басқа қымбат баламалы энергетикамен ауыстырылады. Бұл жағынан Германияның тәжірибесі назар аударарлық: онда жел, сондай-ақ күн энергетикасы дамып келеді. Барлық технологиялар арзандайды, белгілі бір уақытта технологиялардың дамуымен, технологиялардың көбеюімен баламалы энергетика неғұрлым қол жетімді болады. Әлбетте, біздің осында баламалы энергия көздерін белсенді түрде дамыту үшін бұған дайын болуымыз керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев Еуразиялық Форум шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында.

Құжатты жүктеу