“Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”.
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20-23 маусым аралығында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен БҰҰ «Рио+20» орнықты даму жөніндегі конференциясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы деген қазақстандық бастамашылықты ұсынды. Аталған Конференцияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы көрініс тапқан «Біз қалайтын болашақ» атты қорытынды құжат қабылданды».
Құжатты жүктеу
Дереккөз: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000443