ac604c2d410458eae09011f706e5f15b_LНегізгі энергия көзінің бірі көмір екені белгілі. Дүниежүзілік энергия айналымында көмірдің үлесі өседі деп күтілуде. Бүгінде Германия көмір электрстанцияларын іске қосуға дайындалуда. Көмір өндірісіне қатысты таза технологиялар іске қосылғанда көмірдің әлем бойынша өндірістік үлесі артады екен. Әзірше көмірдің зиянды әсерін төмендететін технологиялар жасыл технологияларды пайдаланып жатқан бірнеше мемлекетте ғана енгізілген. 2011 жылдың наурызында Жапониядағы «Фукушима Даиичи» апатынан кейін атом генерациясынан бас тарту жөнінде көп айтыла бастады. Алайда мамандар атом энергетикасы өндірісі тұрақты болып қалатынын айтуда.

Құжатты жүктеу