80_170_Қазіргі таңда «жасыл» экономикаға көшу шеңберінде Қазақстан екі басым құрамдас бөліктерге назар аударуда, олар: а) су ресурстары мен экожүйелердің экотиімді пайдаланылуы; b) төмен көміртекті дамыту және климаттың өзгеруіне бейімделу.

Мақалада Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының қазіргі жай-күйіне талдау жасалынды. Бұл талдау «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Биоәртүрлілікті сақтау бойынша жаңа Ұлттық Стратегиялар мен Іс-әрекеттер жоспарына құрама бөлігі ретінде енуі тиіс, ал ол өз кезегінде келесі нәтижелерді айқындайды:

· өндіру мен тұтынудың дәстүрлі орнықсыз үлгілерін Жасыл экономика үлгісіне ауыстыру арқылы табиғи қорларын бей-берекет пайдалануын тоқтату және қоршаған ортаның тозу үрдісін баяулату;

· ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде орындалатын қоршаған ортаны қорғау және орнықты пайдалану бойынша іс-әрекеттердің жағдайы мен мәртебесін түбегейлі өзгерту;

· тек елдер мен аймақтар үшін ғана емес, бүкіл әлемдік бірлестіктер үшін маңызды ортақ мақсаттарға жетуге жаңа деңгейде мемлекеттердің, халықаралық, қоғамдық ұйымдардың және жеке секторлардың күштерінің жұмылуы.

Мұндай тәсіл су мен қуатты тиімдірек пайдалану үшін, коррупциялық кеңдікке мейлінше қысқарта отырып, таза технологиялар мен инвестициялармен алмасу үшін аймақтық кооперация мен сауда-саттықтың өзара тиімді тетіктерін қолдануға мүмкіндік береді.

Автор:
Шабанова Людмила Владимировна
Джусупов Абзал Еслямбекович