08_170_Қазіргі таңда «жасыл» экономикаға көшу шеңберінде  Қазақстан екі басым құрамдас бөліктерге назар аударуда, олар: а) су ресурстары мен экожүйелердің экотиімді пайдаланылуы; b)  төмен көміртекті дамыту және климаттың өзгеруіне бейімделу. Мақалада Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының қазіргі жай-күйіне талдау жасалынды. Бұл талдау «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Биоәртүрлілікті сақтау бойынша жаңа Ұлттық Стратегиялар мен Іс-әрекеттер жоспарына құрама бөлігі ретінде енуі тиіс, ал ол өз кезегінде келесі нәтижелерді айқындайды:өндіру мен тұтынудың дәстүрлі орнықсыз үлгілерін Жасыл экономика үлгісіне ауыстыру арқылы табиғи қорларын бей-берекет пайдалануын тоқтату және қоршаған ортаның тозу үрдісін баяулату;ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде орындалатын қоршаған ортаны қорғау және орнықты пайдалану бойынша іс-әрекеттердің жағдайы мен мәртебесін түбегейлі өзгерту;тек елдер мен аймақтар үшін ғана емес, бүкіл әлемдік бірлестіктер үшін маңызды ортақ мақсаттарға жетуге жаңа деңгейде мемлекеттердің, халықаралық, қоғамдық ұйымдардың және жеке секторлардың күштерінің жұмылуы.Мұндай тәсіл су мен қуатты тиімдірек пайдалану үшін, коррупциялық кеңдікке мейлінше қысқарта отырып, таза технологиялар мен инвестициялармен алмасу үшін аймақтық кооперация мен сауда-саттықтың өзара тиімді тетіктерін қолдануға мүмкіндік береді.
Автор:
Шабанова Людмила Владимировна
Жүсіпов Абзал Есләмбекұлы
Тілі : Қазақша
Әдебиеттер мен сілтемелердің тізімі:
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы «Әлеуметтік салдары бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп туғызатын аурулардың тізбесін бекіту туралы»  № 468  Қаулысы.
  2. «Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер» 003 бағдарламасы бойынша «Арал өңірінің экологиялық дағдарыс аймақтарындағы халықтың әлеуметтік салдары бар аурулармен сырқаттанудың себеп-салдарының байланыстарын анықтау» тақырыбында үш кезеңнің есебі//ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК. Астана, Қазақстан Республикасы, 2008-2010.
  3. 2011-2015 жылдарға арналған Арал теңізі алабындағы елдерге көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер бағдарламасы (ПБАМ-3); 2011-2020 жж. «Ақ бұлақ» Салалық Бағдарламасы; 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл Даму» салалық Бағдарламасы.