01c1abddaacf Елімізде 8 мыңнан 100 мыңға дейін халқы бар 70-ке жуық шағын қала бар екен. Оның барлығы кеңестік кезеңде бой көтергендіктен, бір салаға негізделген. Ал 90-жылдардың басындағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде өндіріс ошақтары толықтай тоқтап, ғимараттары жекеменшікке өтіп, жаппай талан-таражға түсті. Бүгінде ауылшаруашылық саласын кәсіп еткен немесе теміржол бойына салынған шағын қалалардан басқасының жағдайы мәз емес. Оған нақты дәлел – жұмыссыздық салдарынан күшейген ішкі миграция толқыны. Бір салаға негізделген шағын қалаларды дамытудың уақыты пісіп-жетілгенін Жаңаөзендегі жағдай көрсетіп берді. Бұны Елбасы өзі: «Жаңа­өзен­дегі жағдай бір салалы шағын қала­лар­дың әлеуметтік қатерге жақын екенін көр­сетті», – деп ашық айтқан еді.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://thenews.kz/2012/02/21/1035300.html