ненененен Қолдан жасалған желден қуат өндіретін диірмен. Балқаш.

Қазақстанда электр қуатының бір пайызға да жетпейтін көлемі табиғи қуат көздерінен өндіріледі. Ал дамыған елдерде әр бесінші киловатт-сағатты жасыл энергетика береді.

Қазақстанда «жасыл» энергетика саласы кенжелеп қалғанымен, ел билігі Астанада өтетін «Экспо – 2017» халықаралық көрмесін «Болашақ энергиясы» деп атады. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, көрме әлем жұртшылығын қайта қалпына келетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыруды көздейді.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_renewable_energy_potential/25206499.html