а.ж. 26 қыркүйегінде энергетика Вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібековтың төрағалығымен Астана қаласында БҰҰ аясында «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталығын құру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Күн тәртібінде Астана қаласында БҰҰ аясында «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталығы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында Халықаралық Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасының негізгі қағидаларына қол жеткізу, сондай-ақ «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын одан әрі іске асыруға бағытталуы тиіс деп келісілді.

Отырысқа ҚР СІМ, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, «Астана»  халықаралық қаржы орталығы, БҰҰДБ, Назарбаев Университеті, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.