0a39a31ef664692bb9c286debabf9526_l

Жасыл экономика – экономикалық ғылымда соңғы екі онжылдықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылым мен философияның басқа да идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б.  Алайда қазірге дейін жасыл экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:

  • UNEP анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар ;
  • БҰҰ анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;
  • ЖЭ – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика [2].

  Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.

«Жасыл» экономиканың принциптері мен аксиомалары. «Жасыл» экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:

– шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

– шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағат тандыру мүмкін емес;

– жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты [3].

Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:

құжатты жүктеу