«Жасыл» экономикаға көшудің негізгі принциптерінің бірі: білім, ғылым және өндірісті ұштастастыра білу болса, сол білімсіздіктен туындап жатқан өндіріс қызметі экологиялық мәселелерге алып келіп отыр. Ал Экологиялық мәселелердің арасында су ресурстарының ластануы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі таңдағы барша әлемді алаңдатып отырған су мәселесі, оның ішінде табиғи сулардың ластануы көптеген шаруашылық қызметке әсер етіп қана қоймай, халық денсаулығының кепілі болып табылатын ауыз су сапасына да кері зардаптарын тигізеді.

Бұл мақаланың мақсаты тіршіліктің көзі болған судың сапасын өзіміз күнделікті тұрып жатқан қала жағдайында бақылау. Себебі сулардың ластануы оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі болып табылады.

Материалдар мен әдістер

Зерттеу объектісі ретінде бәрімізге ортақ қара шаңырағымыз Алматы қаласының өзендерінің үлгілері келесі учаскелерден алынды: т. № 1 –Тимирязев көш. Есентей өзені; т. № 2 – Абай даңғ. Есентай өзені; т. № 3 – Райымбек даңғылы (Коперник көшесінің қиылысы); т. № 4 – Райымбек даңғылы (Коперник көш. қиылысы);  т. № 5 – Айша Бибі көш. Көл (Рысқұлов көш. қиылысы). Су үлгілері су мониторингін жүргізуге арналған жалпы белгіленген әдістеме бойынша алынды.  Судың рН көрсеткішін арнайы pHметр–150M приборы арқылы анықтадық. Су құрамындағы нитриттарды анықтау үшін экспресс әдісін қолдандық. Бірнеше көрсеткіштерді Hach IZV335 спектрофотометр құралын қолдану арқылы анықтадық.

Нәтижелері

Зерттеу жұмыстары бойынша судың көрсеткіштері ретінде рН көрсеткіші, судағы еріген оттегі, оттегінің биохимиялық қажеттілігі, оттегінің химиялық қажеттілігі, түстілігі, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, фосфор, магний, темір мөлшері анықталды.

мақаланы жүктеу