Текелі қаласы Талдықорған қаласының оңтүстік-шығысында, 39 км қашықтықта, Алматы қаласынан 285 км шығысқа қарай орналасқан. Қаланың алып жатқан аумағы 6133 га. Жетісу Алатауының тау шатқалдарының шыға берісіндегіҚора аңғарындағы үш өзеннің: Қора, Шажа және Текелі өзендерінің қосылған жерінде. Бұл үш өзен Балқаш көліне құятын екінші үлкен өзен болып саналатын Қараталдың бастауы болып табылады. Таулардан ағып шыққан өзен, кейін жазық даладағы құмдар арасымен ағып өтеді де, оның аңғары кеңейе түседі. Қала Жетісу Алатауының солтүстік баурайының тау етегінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300 метр.

Текелі қаласы – бұл серпінді дамып келе жатқан өңір.  Қала Жетісу өңірінде туризмді дамыту орталықтардың бірі бола алады. Қаланың географиялық орны, қолайлы табиғат жағдайлары мен таулы жер бедерінің көп болуы, тұрақты қар жамылғысы, қыс маусымының 5-6 ай созылуы, Алматы мегаполисіне жақын орналасуы белсенді демалыс қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз ететін заманауи ірі, халықаралық туристік және спорт кешенін салу,жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлап, қызмет көрсету саласын дамытуғажағдай жасайды. Қалада туризмді дамыту талаптары Алматы облысының басқа өңірлермен салыстырғанда өзгеше болып келуінің басты себебі,Текелі қаласыныңтуристік-рекреациялық әлеуетінің жоғары болуында[1].

Текелі қаласының туристік-рекреациялық ресурстары. Бұрқанбұлақ – Орталық Азиядағы ең биік сарқырама қатарына жатады, биіктігі 120 метр. Ол Текелі қаласынан 55 км жерде Қора өзенінің шатқалында орналасқан. Бұрқанбұлақ орталық Азияның ең биік сарқырамасы, биіктігі 120 метр. Сарқырама атауының шығуы туралы бірнеше жорамалдар бар, соның бірінде бұл жердің будданың қасиетті мекені екендігі туралы айтылады. Бір кездері шатқалда будда бейнесі болған, ал «бұлақ» бастау немесе «қайнар», яғни «будданың бұлағы» деген мағына береді. Текелі қаласынан 25 км жерде орналасқан Ойсаз өзеніндегі күкіртті сутек құрамды «Жылы кілт» бұлағы да өзінің емдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұрханбұлақ сарқырамасы маңайында «Киелі тас» табиғи ескерткіші орналасқан.

мақаланы жүктеу