Су энергиясы қайта жаңартылатын энергия қорының бірі және бірегейі. Ол экономикалық жағынан өте тиімді, қоршаған ортаға өте таза энергия көзі болып саналады.

Табиғи өзен суларының құлау биіктігі немесе арыны өзен бойлап біркелкі таралмайды. Табиғи жағдайлар және техникалық немесе экономикалық себептерден, әдетте бір өзенге бір электр станциясын салып, барлық арынды толық шоғырландырып пайдалану қиын немесе мүмкін емес[1]. Өзеннің су энергиясы қорларын тиімді пайдалану үшін, cу турбиналарының формаларына, яғни, су энергиясы әсер ететін бөліктеріне өзгеріс жасау керек.

Қолданыстағы су қозғалтқыштары судың ламинарлық қозғалысына негізделіп жұмыс істейді. Бірақ су энергиясын толық пайдалануға, әліде тың қадамдар жасауға болады. Судың энергиясын өнімді пайдалану мақсатында жасанды жолмен  ағыс бағыттарын реттеп, су энергиясы шығынын азайтуға мүмкіндіктер ашылады.

Сұйықтың жеке қабаттары бір-бірімен араласпай, бірінің бетімен екіншісі сырғып параллель қозғалса мұны ламинарлық ағыс деп атайды

мақаланы жүктеу