1338880421_yekologiya

XXI ғасыр басты мәселелерінің бірі – энергия тапшылығы болып табылады. Энергия тапшылығы бүгінде кез келген мемлекетті толғандырып отырған ауқымды мәселеге айналды. Қазіргі кезде басты энергия көзі – мұнайдың келешекте таусылатынын ескерсек альтернативті энергия көздерін пайдалану тиімді шешім.

Әлем бойынша барлық ғалымдар мен зерттеушілер бәрімізге мәлім энергияның альтернативті жолын табуда біраз зерттеулер жүргізіп жатыр.    Мен де жас зерттеуші ретінде электр  энергиясын алмастыратын жол іздедім.

 Альтернативті жолды іздеуде Израильдің Седе-Бокер қаласында балдыр түзген крахмалдан бактерияның көмегімен энергия алу көзделген екен. Осындай зерттеулер  Германияда да іске асып жатыр. Дәстүрлі энергия көздерінің сарқылуының әсерінен адамзат альтернативті энергия көздеріне көптеп көңіл аударуда. Оның бәрі қазіргі таңда бізге мәлім. Биоотын пайдалану соңғы он жылдықта көптеп қызығушылық тудыруда. Қазіргі таңда көпшіліктің назары үшінші ұрпақтың биоотынына, яғни микробалдырлар негізінде алынған биоотынға ауып отыр. Осы жағдайды ескере отырып менде «Балдыр болашақ энергия көзі бола ала ма?» деген сұрақ туындады [1, 6б.].

Елімізде қала орталығынан алшақ орналасқан елді мекендерде жылу, табиғи газ, электр энергиясы және ауыз су жылда күнделікті мәселеден түспейтін тақырып. Күз келіп, салқын түсісімен қарапайым халық көмір, отын түсіріп, қыс бойы от жағып үйлерін жылытады. Тіпті солтүстік аймақтың тұрғындары үйлерін алты ай от жағып жылытады. Көмірді жағу арқылы біз қоршаған ортаны ластаймыз, көмірдің бағасы жылдан-жылға артып отырғанын ескерсек ол қарапайым адамдардың отбасы үшін үлкен ауыртпалық түсіреді. Көмірді жаққанда улы газ бөлінеді. Осының салдарынан қыс мезгілінде көмірден уланып, бүкіл бір отбасы өліп кетіп жатқаны қаншама.

мақаланы жүктеу