Дереккөз: lenta.inform.kz

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылықтар «Алтын күз» қазақ әндерінің IV  Мәскеу жастар фестиваліне  қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараның ресми  серіктесі Ирина Нечаева сән үйі. Мәскеуде ЭКСПО көрмесіне арналған «Жүрек толғауы» киімдер коллекциясы таныстырылды.

«Фестиваль Қазақстан пен Ресейдің дарынды жастарының басын қосты. Біздің коллециямызды бағалағанына қуаныштымыз. Сонымен бірге Мәскеу университетінің сахнасынан қазақ әндерін тыңдау көңілге қуаныш сыйлайды», – деп  Ирина Нечаева өз әсерімен бөлісті.

«Алтын күз» фестивалі жастар арасында қазақ әндерін насихаттау және екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Оның мақсаты – жас дарындарды іздеу. Ұйымдастырушылары – «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдениетінің қауымдастығы, «Қазақ диаспорасы» Мәскеу қоры және Ресей жоғарғы оқу орындарындағы қазақстандық студенттер бірлестігі. Фестиваль Мәскеу қ. ұлттық саясат, аймақаралық байланыс пен туризм департаментінің, Ресейдегі ҚР Елшілігі, Еуразиялық экономикалық комиссия, сондай-ақ  «Мәскеу ұлттар үйі» мемлекеттік бюджеттік мекемесінің қолдауымен өткізіледі.