Дереккөз: strategy2050.kz

79076cc3f2212af0d545e77027e40f76

«Бүгінгі форум аясындағы панельдік сессияда 2050 жылға дейін Қазақстанның болашақ тұрақты энергетикалық стратегиясының тұжырымдамасын талқылаймыз. Қарастыруға ұсынылып отырған тұжырымдаманың жобасы БҰҰ-ның РИО+20 тұрақты даму конференциясының шешіміне сәйкес келеді», – деді жиында Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Нұртай Әбіқаев.

2050 жылға дейінгі Қазақстанның болашақ тұрақты энергетикалық стратегиясы тұжырымдамасының жобасын Қазақстан, Ресей, Канада және АҚШ ғалымдары әзірлеген.

«Тұжырымдама еліміздің «Жасыл экономикаға» көшуі үшін тұрақты энергетика саласында қазақстандық бастамаларды шоғырландыруға бағытталған. Бұл Қазақстанның БҰҰ-ның «Тұрақты энергетика барлығы үшін» бастамасын жүзеге асыруға қосқан үлесі. Тұжырымдаманың жобасы жаһандық энергия экологиялық стратегияның негізінде әзірленді», – деп толықтырды Әбіқаев.

Оның айтуынша, панелдік сессияға дайындық барысында төрт онлайн -конференция өткізілген. Осы конференциялардың шеңберінде стратегия тұжырымдамасының мақсат-міндеттері айқындалды. Мұнымен қатар негізгі индикаторлары мен оның ғылыми-техникалық негізі талқыланды.