Дереккөз:group-global.org

vozduh-3

Атмосфераның ластануы Қазақстан Республикасында осы күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары тұрақты көздерден шамамен жылына 2,5 млн. тонна,  көлік шығарындылары 1 млн. тоннадан асады. Атмосфераны ластаушы үш негізгі  жолы бар: өнеркәсіп, тұрмыстық ошақтар, автокөлік. Ауаны ластануышы бұл көздердің үлесі орналасу жеріне байланысты болады.  Қазіргі уақытта жалпы анықтау бойынша аса көп мөлшерде өнеркәсіп өндірісі ластайтыны анықталған.  Ластаушы көздер – ауаға түтінмен күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылуэлектстанциялары; металлургия кәсіпорындары, әсіресе атмосфераға азот оксиды, хлор, фтор, күкіртті сутек,  аммиак, фосфор қосылыстарын, сынап және мышьяк  қосылыстары және бөлшектерін  шығаратын  түсті металлургия; химия және цемент зауыттары. Зиянды газдар ауаға  кәсіпорындардың мұқтажы үшін отынды жағу, автокөлік жүмысы, тұрғын үйлерді жылыту, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жағу және қайта өңдеу нәтижесінде түседі. [1,15-28б]

Қазақстан Республикасыны ерекше экологиялық қолайсыз өңірлерінің бірі Павлодар облысы.Павлодар- индустриялық дамыған, көп салалы өнеркәсіптік орталық.Ол – электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталған өзіндік көп салалы кешені бар қала. Өндіріс көлемінің 70% құрайтын өңірдегі негізгі сала – металлургиялық өнеркәсіп және металл өндеу. [2,VisitKazakhstan.kz]

Индустрияландыру жылдарында Павлодар облысы аумағында шамамен алты миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар жинақталды. Олармен ластану деңгейі бойынша Павлодар өңірі республикада үшінші орынды алады. Жыл сайын 100-ден астам миллион тонна қалдықтар пайда болады. Осыған тұрмыстық қалдықтарды қоссақ, ал олар бүгінгі таңда облыста 4,5 миллион тонна және жыл сайын оған шамамен 640 мың тонна қоқыс қосылады. Бұл тек көзге көрінетін қалдықтар. Ал қанша улы қалдықтар жер астында жатыр. Мысалы жылдар бойы жиналып, электролиз цехынан шыққан 900 тонна сынап. Сынаптың Ертіс өзеніне ағып кетуіне кедергі болатын балшықты қабырға салынды. Бірақ бұл қаншалықты тиімді екені беймәлім. Егер атмосфераның өнеркәсіптік кәсіпорындармен ластануын айтатын болсақ, жыл сайын Павлодар облысында 600 000 тонна денсаулыққа зиянды қалдықтар түседі. Бұл Республика шығарындыларының 4/1 бөлігі. Соңғы 10 жылда зиянды қалдықтардың көлемі аймақта 46% өсті. Қаладағы атмосфераның шамадан тыс ластануының негізгі себептері өнеркәсіптің ескірген технологияларын, тиімсіз тазарту құралдары, төмен сапалы отынды пайдалану, жылудың жаңартылған қайнар және балама көзін нашар қолдану. Автокөлік санынының күрт өсуі Павлодар қаласында көмірсутек оксиды мен азот диоксидының концентрацияларының өсуіне алып келеді. [3, 22-26]

мақаланы жүктеу