Дереккөз: 24.kz

Бүгін елордадағы ЕХРО-2017 көрмесі аумағында Бірыңғай қызмет көрсету орталығы іске қосылды. «Бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайтын орталықта ішкі істер органдарынан бастап кедендік одақ және салық мекемелерінің өкілдері қызмет көрсетеді. Оған қоса, көрмеге қатысушылар визалық қолдау, көші-қон есебі, салық салу, авторлық құқық секілді бірнеше қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік бар.