Дереккөз: 24.kz

Топтық су құбырлары стратегиялық маңызды нысан болып саналады. Себебі елімізді таза сумен қамтамасыз ететін де осы жүйелер. Бүгінгі шығарылымда біз солардың бірі Беловод топтық су құбыры жұмысының жайын сөз етеміз. Мемлекеттің қолдауымен жүзеге асқан бұл жоба Павлодар облысының Ертіс ауданына қарасты 14 елді мекенді таза ауызсумен қамтамасыз етіп отыр.