Дереккөз:  lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Лондон және Нью-Йорк биржаларында электрондық сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік баға өскені байқалады, деп хабарлады Gazeta.ru.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайға тамыздық фьючерстер 0,33%-ке, барреліне $46,19 дейін өсті. Лондондық ICE Futures биржасында қыркүйектегі жеткізумен Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,16%-ке, барреліне $48,85 дейін ұлғайды.