Қазақстан таңдаған индустриалды-инновациялық даму жолы таяу келешекте қалалану үдерістерінің ширақ жүргізілуіне, қалаларға ауыл халқының белсенді түрде көшуі есебінен қалалардың халық санының жылдам өсуіне әкелетіні сөзсіз. Бұл табиғи үрдіспен қатар еңбек өнімділігі арттады, себебі қалаға көшкен ауыл халқы индустриалды сектор кәсіпорындарына жұмысқа орналасады, онда әдетте еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен салыстырғанда жоғары болып келеді. Осылайша, Ж. Күлекеевтің пікірінше, қалалану еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің әлемдік кеңістікте артуына ықпал ететін болады.

Қазақстанның көптеген қалалары кеңес жылдары индустрияландыру, пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, өңдеу нәтижесінде қалыптастырылды. 1920-1983 жылдар аралығында Қазақстанда қала саны 19-дан 82-ге дейін артты, бұл қала тұрғындарының күрт өсуіне әкелді. Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде елімізде қалаланудың төменгі қарқыны байқалды, әлі күнге ауыл халқының үлесі (43%) жоғарғы деңгейде сақталып отыр. Айта кету керек, 1993-2013 жылдар аралығында қала халқының саны қысқарды, ал кейбір жылдары халықтың қалалардан ауылдарға кері қайтуы да байқалған болатын.

Ж. Күлекеевтің айтуынша, бұл үрдіс елімізде тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап ашық экономикалық саясат жүргізілуіне байланысты болды. Нәтижесінде еліміздің көбінесе оңтүстік өңірлерінде орналасқан өңдеу өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бәсекеге төтеп бере алмай, өндіріс көлемін қысқартуға немесе өндірісті толықтай тоқтатуға мәжбүр болды. Осы жағдайлар салдарынан қалаларда жұмыстарынан айырылған адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық қатарына қосылып, жаппай ауылды жерлерге көше бастады.

Өзгерісті кезең 2013 жылы басталды, осы жылдан бастап Қазақстанда қала халқы санының тұрақты өсуі байқалды. Сарапшының пікірінше, бұл жағдайға оң әсер берген Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болды, өйткені өнеркәсіпте еңбек ететін халық саны аталған бағдарламаны іске асыру жылдары шамамен 150 мың адамға ұлғайды, ал ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар саны 900 мың адамға қысқарды.

ҚР Үкіметі 2030 жылға қарай қала халқының үлесін 70%-ға дейін жеткізуді (бүгінде 53%) жоспарлайды. Сарапшының айтуынша, бұған объективті алғышарттар бар.

Бүгінде елімізде Индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасы іске асырылуда. Оны іске асыру белгілі-бір оң өзгерістер әкелетінін анық. Мысалға, бірінші жылы бағдарламаны ИИДМБ құралдарымен іске асыру кезінде шамамен 34 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды, олардың көбісі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Жұмысшыларының саны көп екінші сектор – сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету.