Мемлекет басшысы мәлімдегендей, «жасыл» экономика қазақстандық бизнес үшін басты басымдыққа айналып отыр және қазір бизнесті “жасыл” технологияларға инвестиция салуға ынталандыру өте маңызды. Шағын және орта бизнес өз істерін “жасыл аймаққа”көшіре отырып, өте көп жұмыс атқара алады.

Қазақстандық кәсіпкерлерге жұмыс істейтін үздік “жасыл” технологиялардың демонстрациялық нысандары, сондай-ақ қызығушылық танытушылар үшін толық консалтинг қажет деп санаймын. Бұл – Арнасайда коалицияның ендігі атқарып жатқаны, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында «жасыл» технологиялардың басқа орталықтары қалай жұмыс жасап жатқаны. Тірідей мысал әрқашан маңызды.

Бізге экономикалық есептеулер, өңірлер бойынша және жалпы республика бойынша “жасыл” экономиканың жалпы ЖІӨ-ні бағалау қажет. “Жасыл” технологиялар мен инновацияларға негіз жасай алатын беделді тәуелсіз сарапшы-экономистердің есебі қажет.

Әдетте, әлемдік нарықта “жасыл” тауарларға деген сұраныс қанағаттанбаған және үнемі өсуде. Біз экономикалық әлеуеті анағұрлым жоғары жаңа “жасыл” салалардың тізбесін құрдық, жиынтығында қайтарым республикалық бюджеттің мұнай кірістерінен асып түсуі мүмкін. Бұл органикалық агроөнімнің экспорты, ЖЭК электр энергиясының экспорты, кірмелік табиғи туризм, органикалық қалдықтарды, биогаз мен тыңайтқыш ала отырып, су қоймаларының түбіндегі шөгінділер мен кәріздік ағындарды қайта өңдеу және тағы басқалар.

Бір мысал: шағын ғана Норвегия бағбанда жылына 1,5 млн тонна құнды балық өндіреді. Біз қанша аламыз? Біздегі су айдындарының жағалау сызығының жиынтық ұзындығы бірінші он елдің қатарына кіреді ғой.

Тағы бір мысал. Қазақстан – Канада мен Австралиядан кейінгі агрохимикаттармен және пестицидтермен ластанбаған жер көлемі бойынша әлемдегі үшінші ел. Яғни, біз органикалық өнімдерді экспорттау кезінде табысты көшбасшы бола аламыз, ал шикізат экономикасы біртіндеп таусылады – мұнай мен газдың әлеуеті бойынша, біз елдердің екінші ондығының басында тұрмыз.

Барлық жаңалықтар Қазақстандық заңнамалық базаны жаңартуды да талап етеді. Жолдауда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды заңнамалық қолдау, “жасыл” технологияларды инвестициялау үшін бизнесті ынталандыру, Экологиялық кодексті жетілдіру міндеттері қойылған.

Біздің заңдар базамыз әлі қалыптасып келеді және бұл жерде ең алдымен ЭЫДҰ үлгі болып табылады. Бізге “жасыл” мемлекеттік сатып алудың ашық жүйесін құру қажет, оның арқасында дамыған елдерде тиімді инновациялар нарығына бастапқы шығуға қолдау көрсетіледі.

Энергетика мен агросектордағы ескірген технологиялардың “қоңыр” субсидиясын озық “жасыл” технологиялардың субсидиясына қайта бағдарлау міндеті тұр. Мысалы, Польшадағыдай, экологиялық төлемдердің бір бөлігі негізінде “жасыл” жобалар үшін жергілікті кері инвестициялық қорлар құру қажет.

Еуропалық тәжірибе негізінде озық қолжетімді технологиялар қағидатын іске асыруға дейін жеткізу қажет. Әйтпесе, кәсіпорындарға таза технологияларды енгізгеннен гөрі нормативтен тыс ластанғаны үшін айыппұл төлеу оңай болады.

2016 жылы коалиция Greenstandards. kz жылжымайтын мүлік объектілерін ерікті экологиялық сертификаттау жүйесін дамыту бойынша алгоритм әзірледі. Біз қонақ үйлердің, ойын-сауық кешендерінің, жалпы жылжымайтын мүлік объектілерінің “жасыл” қағидаттары бойынша стандарттау процесін бастадық.

Объектілер энергиялық тиімді, ресурс үнемдейтін, қоршаған ортаға ниеттестікпен қарайтын объектілерге айналады, нәтижесінде, пайдалану шығындарын азайтады деп топшыланған. Неліктен қонақ үйлер мұндай жоғары бағаны ұстап тұр? Өйткені шығындардың 70-80%-ын коммуналдық төлемдер құрайды. Осыған байланысты ұсынылып отырған Greenstandards.kz ерікті сертификаттау жүйесі жылжымайтын мүлік объектілерінде пайдалану шығындарын азайтуға бағытталған тиімді экологиялық менеджментті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

“Жасыл” экономика – бұл энергияның балама көздері ғана емес, сонымен қатар өмір салты, ойлау қалпы және жалпы қоғамның қызметі. Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті жерлерде “жасыл” өсудің жергілікті ошақтары пайда болуы үшін бір ғана хабардар болушылық аз. Бұл үшін өңірлер бойынша тәжірибе мен білімнің транзитіне ықпал ететін “жасыл” технологиялар орталықтары қажет.

Біздің елімізде әлі де болса “жасыл” экономиканың мағынасын жете түсінбейтіндігі құпия емес. Әзірше заңнамалық база нашар, “жасыл” компаниялардың брендтерін қалыптастыру үшін ынталандырма жасалмаған, “жасыл” технологияларды әзірлеу және енгізу үшін жеңілдіктер жоқ, бизнес-періштелер институты жоқ, венчурлік қорлар нашар және бюрократизацияланған. “Жасыл “қаржыландыру тетіктері, кері инвестициялық экологиялық қорлар жоқ, экологиялық алымдар мен айыппұлдар жергілікті бюджеттерге, дәл осы табиғат қорғау қызметіне қайтарылмайды.

Жұртқа мәлім, коалиция серіктестерімен бірге 2015 жылдың қыркүйегінде “Arnasay” “жасыл” технологиялар орталығын ашты, онда қазір 35 «жасыл» технология орнатылып, жұмыс істеп тұр. Бұл су үнемдеу, энерготиімділігін арттыру және энергия үнемдеу, органикалық дақылдарды өсіру, қалдықтар мен экожүйелерді басқару, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын азайту технологиялары.

“Arnasay” ЖТО-на екі қабатты ғимарат бөлінген, онда қонақ үй нөмірлері жабдықталған, асхана, лекторий бар, үлкен жылыжай-биовегетарий салынды, бағалы балық шабақтарын өсіру үшін жер асты бассейні бар. Мысалы, ғимараттың төбесінде KunTech күн коллекторлары орнатылған – ғимаратты жылыту және өсімдіктерді суару үшін суды жылыту концентраторы бар отандық әзірлемелердің жазық коллекторлары.

Басымдық тек үздік инновацияларға, бірінші кезекте отандық инновацияларға берілген. “Жасыл” компаниялар үшін бұл өз өнімдері туралы айтып беруге жақсы мүмкіндік. Сондықтан, кейбір жабдықтарды орталық пайдалану үшін және кәсіпкерлерді оқыту үшін тегін алды.

Орталықтың өзінде және жергілікті мектепте қарағандылық “Петров” ЖК шығаратын түтінсіз су жылытатын пиролизді (газогенераторлық) пештер орнатылған. Мұндай пештің бірегейлігі ресурстарды жоғары үнемдеуінде: көмір шамамен 30-35%-ға аз пайдаланылады және зиянды шығарындылардың мөлшері 80%-ға дейін азайған.

Орталықта технологияларды көрсету ғана емес, оларды талдау, іріктеу, тексеру, игеру, кейде пысықтау, тауар өндірушілерді іріктеу, сарапшыларды оқыту, тәжірибе алмасу жүргізілетінін атап өтемін.

“Жасыл” бизнестің мысалдары – “Сопромат” ЖШС энерготиімді пиролизді қазандықтары және біз 2018 жылы оларды Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының екі жүз мектебінде орнатуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Негізі энергосервистік келісімшарттардың алгоритмдері болмақ. “Kentech” ЖШС-нің отандық жазық күн коллекторлары кеңінен таралған.

“Жасыл” бизнес идеяларын қолдай отырып және тарата отырып, коалиция Технологияларды коммерцияландыру кеңсесін құрды, ол “жасыл” өндірістердің бірқатарын ұйымдастыруға және кеңейтуге көмектесті. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы инновацияларды қолдаудың жалғыз қоғамдық мемлекеттік емес құрылымы. Біз БАҚ, көрмелер, форумдар және баспасөз конференциялары арқылы белсенді брендтік қолдау көрсетеміз. Мұндай көмекті біз елуден астам “жасыл” инноваторларға көрсеттік. Жетеуіне өз өндірісін жолға қоюға жәрдемдестік. Бірнеше өнертапқыштарға патенттерді ресімдеуге көмектестік.

Біз бірінші кезекте кәсіпкерлер болып табылатын немесе бизнесте тәжірибесі бар инноваторларды табуға тырысамыз. Оларға сөзден іске көшу, яғни өз өнімдерін шығаруды бастау анағұрлым оңайырақ. Біз “жасыл” технологияларды игеру және енгізу үшін инвесторлар мен серіктестерді табамыз. Мен қазақстандық бизнестің инноваторлық “жасыл” әлеуеті өте жоғары екеніне сенімдімін.