“Жасыл” экономикаға көшу – елдің даму басымдықтарының бірі, “Қазақстан-2050” стратегиясында және ҚР-ның “Жасыл” экономикаға көшу тұжырымдамасында энерготиімді технологияларды енгізу және энергияның баламалы көздерін пайдалану бойынша нақты міндеттер қойылған. “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры “(“Даму” КДҚ) бұл міндеттерді энерготиімді және энергия үнемдейтін жобаларға қатысуға шағын және орта бизнес компанияларын тарта отырып орындайды. “Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар” бағдарламасы ШОБ-ке несиелер бойынша банк мөлшерлемесін 10% арзандатуға субсидиялар ұсынады. Яғни, энерготиімді технологияларды пайдалану туралы ойластырып жүрген компаниялар жеңілдікті шарттармен несие алады. Банк мөлшерлемесін субсидиялау үшін халықаралық қаржы институттарының бюджеттік, тіпті қарыз қаражаттары да пайдаланылмайды — бұл БҰҰДБ-ҒЭҚ Жаһандық экологиялық қоры қаржыландыратын БҰҰ Даму бағдарламасының гранттары).

Перспективалық ойлау

“Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар” бағдарламасы туралы 2017 жылдың соңында жарияланды, оның операторы — “Даму” КДҚ, ол бағдарламаға мониторинг жүргізеді. “Жыл басында жобалар мүлдем болған жоқ, бизнестің көзқарасы көбінесе мынадай: мұның бәрі не үшін қажет, өндіріс жұмыс істеп жатыр, жарайды. Бірақ БҰҰДБ командасы мен біздің қордың қызметкерлері кәсіпкерлерді аралап, энергиялық тиімділіктің қандай қаржылық, әлеуметтік, экологиялық пайдасы бар екенін түсіндіре бастады. Осыдан кейін жобалар ағыны басталды”, – дейді “Даму” КДҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров.

Мысалға, іске асырылған жобалардың бірі — Қарағандыда 1960 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аудандық қазандық. Жабдықтар 90% тозған жағдайда, жұмысты қолдауға жыл сайынғы ағымдағы шығындар 45,6 млн теңгені құрады. Жаңа жабдықты орнату қазандық иесіне жөндеуге және сервистік қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын 97% — ға, энергия ресурстарын тұтынуды 32,5% – ға және СО2 шығарындыларын үштен астам есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Жалпы ақшаның үнемделу шамасы — маусымына 27,6 млн.теңге. Қазіргі заманғы қазандық құрал-жабдықтары несиеге алынған, тіпті осындай жағдайда да нысанның иесі төртінші маусымнан бастап-ақ өзінің жаңартылған қазандығынан пайда ала бастайды. Бұл жағдайда несие бойынша мөлшерлемені өтеу 30 млн жуық теңгені құрады.

“Энергия тиімділігі есебінен жабдықтарды ауыстыруға немесе жаңғыртуға берілетін несие екі жыл ішінде алынатынын, ал одан әрі айтарлықтай үнемділікпен жұмыс істеуге болатынын түсіндіру қиынға соғады”, — деп мақұлдады Әбілқайыров мырза, бірақ “Даму” КДҚ шағын және орта бизнеске есеп айырысу жағынан көмектесуге дайын. “Даму” қорының әрбір филиалында бизнес-жоспар жасауға және энергия тиімділігін арттыру бойынша жобаның қаржылық моделін есептеуге көмектесетін мамандар бар. Егер шағын және орта бизнес субъектілері энергия үнемдеу бойынша жобаларды енгізу туралы қағидатты шешім қабылдаса, онда “Даму” қорының қызметкерлері бюрократиялық және қаржылық құраушы жұмыстарын өздеріне алады.

“Біз бизнесті іс — қимыл жасауға мәжбүрлей алмаймыз, бірақ болашақта ойлануды ұсынамыз, оның үстіне мұндай бастамаларға халықаралық институттар қолдау көрсетеді”, – деп атап өтті Дәулет Әбілқайыров.

Өлшемі маңызды емес

“Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар” бағдарламасы аясында қолдау алған алғашқы энергиялық сервистік бастама Астанадағы TransportTower әкімшілік-технологиялық кешенін жарықтандыру жүйесін жаңғырту болды. Кәдімгі қыздыру шамдарын LED-лампаларға ауыстыру шамдарды сатып алу мен оларға қызмет көрсету кезінде ғана үнемдеуге, сондай-ақ жарықтандыруға электр энергиясының шығынын қысқартуға, сәйкесінше, оны қалалық инфрақұрылымның басқа объектілеріне қайта бөлуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар отандық өндірушіге сервистік қызмет көрсету арқылы LED-лампаларды сату бойынша қызметті әртараптандыруға мүмкіндік берді.

“Жасыл субсидия” пайдаланылған тағы бір жоба Алматы халықаралық әуежайындағы жарық сигнал беру жабдығын жаңғырту жобасы болды, соның арқасында әуежай шектеулі көріну жағдайында әуе кемелерінің ұшып-көтерілу мен қонуына мүмкіндік беретін IIIBICAO жоғары санатын растады.

“Даму” КДҚ-ның қарауында жатқан жобалар – энергия үнемдеуді іске асырудың ауқымы жағынан да, нұсқалары жағынан да әртүрлі. Осылайша, СҚО мектептерінде көмірмен жұмыс істейтін қазандықтардың орнына сабанмен және жоңышқамен жұмыс істейтін модульдік қазандықтарды орнату жоспарлануда. Халықаралық стандарттар тұрғысынан СО2 шығарындылары нөлдік болады: өсімдіктер алдымен көмірқышқыл газын тұтынды, жану кезінде — бөлді. Жекелеген объектілердегі электр энергиясының күтілетін үнемделуі 70%-дан асады.

“Даму” КДҚ кез-келген қаржы институты сияқты револьверлік форматта жұмыс істейді, яғни Астана, Алматы, Қарағанды және ҚР басқа да қалаларында энергия үнемдеу жобаларына салынған ақша “жасыл” жобаларды несиелеуді жалғастыратын банктерге кері қайтарылады. Қордың Жасыл климаттық қорымен (ЖКҚ) аккредиттелуі қазақстандық кәсіпкерлікпен, атап айтқанда шағын және орта бизнеспен климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді. АДБ және ЕҚДБ банктерімен, сондай-ақ БҚФ тартылатын инвестициялар шеңберінде БҰҰДБ-мен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесін ескере отырып, Қор СО2 шығарындыларын қысқартуға бағытталған жобаларды, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында револьверлік кредит беру тетіктерін пайдалана алар еді.

Қор басшылығының пікірінше, мұндай тәсіл Париж климаттық келісімі шеңберінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға және климаттың өзгеру салдарын бейімдеу және жеңілдету саласында тұтастай алғанда ұлттық мүдделерді іске асыруға ықпал ететін болады.