“Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына сәйкес Министрлік жыл сайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ЖАО қызметіне бағалау жүргізеді.

Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

1) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;

3) мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін жүргізуді ұйымдастыру;

4) мемлекеттік мекемелерді терможаңғыртуды жүргізуді ұйымдастыру;

5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;

6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;

7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақ және көше жарықтарын жаңғыртуды қамтамасыз ету;

8) тұрғындарда пайдалануда болған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру.

Алайда, 2017 жылы жүргізілген бағалауға сәйкес өңірлерде энергия үнемдеу бойынша жұмыстар төмен деңгейде жүргізілуде. Тек

2016 жылдың қорытындысы бойынша 8 облыс орташа нәтижеге(Павлодар, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстары, БҚО, ШҚО және ОҚО), қалған өңірлер “төмен” бағаға ие.

Орташа алғанда, заң күшіне енген сәттен бастап облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аяқталған энергия аудитінің үлесі 50%-дан аспайды және тек Ақмола облысында энергия аудитін энергия аудитін жүргізуге міндетті МЭТ субъектілерінің 70% – ын Солтүстік Қазақстан облысында 62% – ын және Павлодар облысында 66% – ын өткізді, ал қалған барлық өңірлерде бұл сан 50% – дан аспайды.

Сонымен қатар, 2017 жылы 3 өңірде (Алматы. Еліміздің 13 өңірінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарлары әзірленді және бекітілді(Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы).

2016 жылдың соңында жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша қызметін бағалау

ӨҢІРДІҢ АТАУЫ

БАҒАЛАУ НӘТИЖЕСІ / БАЛЛДАР

1

Павлодар облысы

Жоғары / 35

2

Маңғыстау облысы

Орташа / 34

3

Шығыс Қазақстан облысы

Орташа / 30

4

Ақмола облысы

Орташа / 25

4

Қостанай облысы

Орташа / 25

4

Батыс Қазақстан облысы

Орташа / 25

4

Қызылорда облысы

Орташа / 25

4

Оңтүстік Қазақстан облысы

Орташа / 25

5

Ақтөбе облысы

Төмен / 23

6

Алматы облысы

Төмен / 22

7

Қарағанды облысы

Төмен / 21

7

Жамбыл облысы

Төмен / 21

8

Атырау облысы

Төмен / 17

9

Астана

Төмен / 12

10

Алматы қаласы

Ақпарат берілмеген

10

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақпарат берілмеген

2015-2020 жылдарға арналған кешенді энергия үнемдеу жоспарларына көмек

ОЖА

Бекітілді

Құрастырылған

Ескерту

Ақмола

+

2016 жылғы 10 қараша

Ақтөбе

+

2016 жылғы 17 тамыз

Алматы

+

Маслихат күтіп тұр

Атырау

+

2016 жылғы 4 шілде

Шығыс Қазақстан

+

9 желтоқсан 2015 жыл

Жамбылская

+

Маслихат күтіп тұр

Батыс Қазақстан

+

12 маусым, 2015 жыл

Қарағанды

+

2014 жылдың 27 наурызы

Қостанай

+

2014 жылғы 23 желтоқсан

Энергия үнемдеу департаменті *

Қызылорда

+

2016 жылғы 10 ақпан

Маңғыстау

+

2016 жылғы 11 шілде

Павлодар қаласы

+

26 ақпан, 2015

Энергия үнемдеу департаменті *

Солтүстік Қазақстан

+

2016 жылғы 19 сәуір

Оңтүстік Қазақстан

+

19 наурыз, 2015

Алматы қаласы

+

18 наурыз, 2015 жыл

Астана қаласы

+

Әкімдікте бекіту туралы