Қазақстан – Орталық Азиядағы тұрақтылық пен экономикалық дамудың локомотиві. Неміс экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры Эдвард Кинсбрунер, «Хабар» телеарнасының тілшісі.

Оның айтуынша, Германия үшін Қазақстан аймақтағы басты әріптес болып табылады, елдер көлік, логистика, цифрлау және білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті.

Эдуард Кинсбрунер, Германия экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры:

– Әрине, Қазақстанның экономикалық дамуы бізді таңдандырады. Өткен жылдар ішінде ел аймақтағы көшбасшылардың бірі болды. Қазақстан бейбітшілік процестеріне ықпал ететін сенімді саяси серіктес болды. Сондай-ақ, білім беру саласына үлкен көңіл бөлетін Елбасының саясатын ерекше атап өткім келеді. Қазақстандықтар әлемге танымал университеттерде оқиды. Менің ойымша, бұл болашақта елдегі ең үлкен инвестиция. Екі жақты қарым-қатынастар туралы айтатын болсақ, біз жақсы жолдамыз. Орталық Азиядағы Германияның жалпы тауар айналымының шамамен 85% Қазақстанға тиесілі. Бірақ бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес. Германия заманауи технологиялар, энергияны үнемдеу, жасыл энергетика және цифрлау саласында күшті. Осы бағыттар бойынша қызықты бірлескен жобалар бар. Біз оларды кеңейтіп, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.