Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Международный центр «зеленых технологий» начнет работать в 2018 году на базе одного из павильонов ЭКСПО

2017 жылғы 12-13 шілдеде Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінің аймағында орналасқан Конгресс орталықта бесінші «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» атты халықаралық форум өтті.

Форумға әлемнің 10 мемлекетінен 200-ден астам делегат қатысып, «жасыл экономика» саласындағы мәселелерді, «жасыл» технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу, бизнестің «жасыл» дамуы мен «жасыл» бизнестің қағидаттарын ұстану секілді сұрақтарды талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Форумды Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев құттықтау сөзбен ашты.

Министр «Жасыл экономика» еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз септігін тигізетін маңызды құралдардың бірі екендігін атап көрсетті. Мемлекеттік саясат саласындағы түрлендірудің жоғары екпіні келесі міндеттерді қамтитын «Қазақстан 2050» стратегиясы секілді бағдарламалық құжатта анықталған:

–       электр энергетикасы саласында баламалы және жаңартылатын  электр энергия үлесі 2030 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс;

–       энергия тиімділігін арттыру саласында ЖІӨ электр сыйымдылығын 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету міндеті қойылған;

–       су қорлары саласында 2020 жылға қарай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және 2040 жылға қарай ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау мәселелері тұр;

–       ауыл шаруашылығы саласы ауыл шаруашылық алқаптарының өнімділігін 2020 жылға қарай 1,5 есе арттыру жолында қызмет етуі тиіс;

–       қалдықтарды жою саласында қайта өңделген қалдықтардың үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға дейін жеткізу көзделген.

Сонымен қатар Форум шеңберінде төмен көміртекті технологиялар мен климат жөніндегі Париж келісімін жүзеге асыру және «жасыл» қаржыны жұмылдыру саясатының сұрақтары талқыланды.

Форум жұмысына өз салаларының беделді сарапшылары мен ғалымдар қатысты. Өзінің тұрақты дамуды қамтамасыз ететін практикалық әдістер бойынша диалогтарды әзірлеумен және белсенді позициясымен танымал 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг мырзаны атап өтуге болады. 2017 жылғы маусым айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесу барысында ғалым Қазақстанға энергияны тиімді үнемдеуге және жылдың суық мезгілінде жылуды сақтауға арнап қала салумен ерекшеленген канадалық Монреаль қаласының тәжірибесін қарастыруға кеңес берді.

Форум жұмысының бірінші күні Австриялық технологиялар институтымен және финдық KaukoInternational Group компаниясымен Өзара түсінушілік туралы меморандумдарына қол қойылды.

Қ. Бозымбаев Қазақстан үшін қол қойылған екі құжаттың маңыздылығын атап өтті.

«Неліктен бүгін осы екі ұйыммен Өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды? Өздеріңіз білетіндей, Финляндия Еуропада ғана емес, сондай-ақ әлем бойынша ең «жасыл» мемлекеттердің біріне жатады. Финляндияда қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 98%-ды құрайды. Қазақстанда өндірістік қалдық бойынша бұл деңгей 26%-ды құраса, тұрмыстық қалдық бойынша не бәрі 2-3%-ды құрайды. Сол себептен осыдан бірнеше апта бұрын елімізде Финляндия Президентінің іссапары барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан Финляндияның тәжірибесін жаппай пайдаланатындығы туралы өзара келісті. Біз финдік министрмен бірлесе отырып, әріптестіктің барлық бағыттары бойынша 6 жұмыс тобын құрдық. Біз бүгін құжаттарға қол қою бағыттардың бірі бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі деп санаймыз, бұған қоса еліміздің «жасыл» экономикасын дамыту үшін финдік технологиялар мен компанияларды тартуымыз қажет екендігін мәлімдейміз. Австриялық технология институты таныстыруды талап етпейді. Себебі аталған институт әлем бойынша «жасыл» экономиканы және энергетиканы дамыту саласындағы жетекші ұйымдардың біріне жатады. Біз мұндай тәжірибесі мол ұйымдардың әзірленімдерін өз елімізде пайдалана аламыз» – деді өз сөзінде Қанат Бозымбаев.

Бұған қоса Форум шеңберінде Қазақстандағы бірінші «жасыл» ауылға, яғни «Арнасай» жасыл технологиялар орталығына (Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылы) бару жоспарланған. «Жасыл» ауылда инноваторлар мен жастардың қатысуымен «жасыл» технологиялар көрмесі өтеді.

ҚР Энергетика министрінің сөздеріне сүйенсек, «Арнасай» «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының үздік жобасы ғана емес, еліміздегі «жасыл» білімді дәріптеуді негізгі міндеті деп ретінде қабылдаған алғашқы орталыққа жатады. «Жасыл» ауылда қазіргі сәтті 35 жоба жүзеге асырылуда.

Қ.Бозымбаевтың пікірінше «Жасыл көпір» бастамасын ары қарай дамытудың маңызды қадамына 2018 жылдан бастап «ЭКСПО» павильондары бірінің базасында «Жасыл технологиялар» Халықаралық орталығын құруды жатқызуға болады. Қазақстан Президентінің бұл бастамасы ЭКСПО көрмесінің тұсау кесерінде өткізілген министрлік конференцияда БҰҰ, Еуропалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Өндірістік даму ұйымы тарапынан қолдау тапты.

Бүгінгі таңда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы 15 мемлекетті және 16 үкіметтік емес ұйымдарды біріктірді.

                                                                                                                                                                                                ҚР ЭМ баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*