Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Баламалы энергия көздері

Дереккөз:prezi.com

1481069664925

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі.
Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің, т.б. жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС – жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы.
300тг
Баламалы энергия деген не?
Баламалы энергия көздері, біздің болашағымыз.
Геотермалды энергия
Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден температураны және т.б. пайдалану арқылы алу. Қазіргі таңда баламалы энергетика қарқынды дамуда. Оның себебі, экелогияның нашарлауы болып келеді. Баламалы энергияның көптеген түрі бар оның ішіне:
1) Күн энергиясы
2) Жел энергиясы
3) Су энергиясы
4) Геотермалды энергия
5) Биомассалық энергиясы кіреді.
Баламалы энергия көздері
Биомассалық энергия
Биомасса жанғыш тақтатастар, уран, көмір, мұнай және табиғи газдан кейін қазіргі уақытта қол жетімді энергия көздерінің алтыншы қоры. Шамамен жердің толық биологиялық салмағы 2,4·1012 тонна мөлшерімен бағаланады. Биомасса тікелей күн, жел, су және геотермалды энергияларынан кейін өнімділігі бойынша бесінші жаңартылатын энергия көзі. Жыл сайын жер бетінде шамамен 170 млрд тонна бастауыш биомасса өндіріледі және шамамен сол мөлшер жойылады. Биомасса әлемдік экономикада пайдалануы бойынша ең ірі жаңартылатын ресурс (бір жылда 500 млн тоннадан астам) Биомасса жылу, электркуаты, биотын, биогаз өндіру үшін пайдаланылады. Биомасса отынының басым бөлігі (80%), ең алдымен ағаш, дамып жатқан елдерде үй жылыту және тамақ дайындау үшін пайдаланылады.
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден альшады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданылады. Кем тұсы — жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары.

Астанада туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамас қабылданады

Дереккөз: el.kz

2224afbca6816e40d89f9da40809cac8

Елорда әкімдігі Астанада туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Жаңа құжатта оқиғалық, іскерлік және медициналық туризмге ерекше көңіл бөлініп отыр.

Сондай-ақ брифинг барысында ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындық туралы және қабылданған бағдарлама туралы толығырақ айтылды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің индустрия департаментінің директоры Марат Иғалиев мәлімдегендей, елордада туристік кластерді дамытудың перспективалары зор.

«2013 жылы Астанада ЭКСПО көрмесін өткізуді ескере отырып 2017 жылға дейін туризм саласын дамытудың шеберлік жоспары әзірленген болатын. Сондай-ақ, біз Астанада 2020 жылға дейін туризмді дамыту тұжырымдамасын таныстырдық, келесі жылы қаланың бренді таңдалады», – деп атап көрсетті Марат Иғалиев.

18 жылда Астанадағы қонақ үйлердің саны 40 есеге артса, шетелдіктердің қалаға келуі 50 есеге ұлғайған, ал ішкі туризм 43 есеге өсіп отыр.

«Егер Астананы 1000 тұрғынға шаққанда келетін туристер саны бойынша салыстыратын болсақ, біз Сеул, Стамбул сияқты қалалармен бір қатарда тұрмыз. Қалада бізге болашақта туризмді дамытуға көмектесетін маңызды алғышарттар бар. Біз іскерлік, оқиғалық және медициналық туризмді дамытуға басымдық бермекпіз. Қазір Астанада кең ауқымды оқиғаларды өткізу үшін сыйымдылығы әр түрлі құрылыстар жетерлік. Оқиғалық туризмді дамыту үшін қажет негізгі және басымдықты қадамдардың бірі MICE туризм бойынша ірі халықаралық қауымдастықтарға кіру болып табылады», – Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

Туристердің тұрақты ағымын қалыптастыру үшін маусымдық шаралар өткізу жоспарланған, мысалы қыста – Қар және мұз фестивалі немесе көктемде – Квадрокоптерлер жарысы бойынша Ашық чемпионат және т.б. Сондай-ақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру мен медициналық кластерді дамыту туристер ағынын арттыруға серпін береді. Астанада ең озық медициналық құрал-жабдықтармен жарақталған заманауи медициналық орталықтардың желісі құрылып, дамып келеді, оның базасында шетелдік пациенттерді тартып, оларға қызмет көрсетуге болады. Бүгінгі күні елорданың бірнеше кардиологиялық клиникасында 17 мыңнан аса күрделі және бірегей операция жасалған.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта елордада ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-інің директоры Санияр Айтекеновтың айтуынша, Астанада туристерді тарту үшін жаяу жүргіншілерді бағдарлау жүйелері – пилон нұсқағыштар құрылды. Қызыл түсті туристік автобустар бағыты ашылып, ақпараттық дүңгіршектер іске қосылды. Қызмет көрсету саласының сапасын көтеру мақсатында Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының әріптестік бағдарламасы жұмыс істейді, оған қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану нысандары, қызмет көрсетуші кәсіпорындар және көлік компаниялары қатысуда.

«Ағылшын тілін оқытуға баса назар аударылуда. Аталған бағдарламаға қатысқан жүзге жуық адамның 50% курстан өтті, сондай-ақ, ағылшын тілінен дайындықтан өтуге арналған ақпараттық орталықтар бар, олар біздің қызметкерлерді ақысыз негізде оқытуға дайын. Сондай-ақ, егер адам такси шақырып, оған түсініксіз тілде сөйлесе, турист call-орталыққа хабарласса, операторлар оған сөздерді аударып береді», – деді Санияр Айтекенов.

Брифингтің соңында елорданың туристік дестинация ретінде ғана емес, тұрғындар үшін жайлы шаһар ретінде де дамып келе жатқаны атап көрсетілді.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы

Дереккөз: strategy2050.kz

be3faaeaf6e8c4fc0db48b5e97dc6dab

«Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;

4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері:

Экономиканың ресурстық секторларында активтерді жаңарту циклі біршама уақыт алады, ал экономикасы табиғи пайдалы қазбаларды өндіруге бағдарланған елдерде таза экономикаға көшуге ондаған жылдар жұмсалады.

Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да одан тыс қалмайды.Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады:

2013-2020 – осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады;

2020-2030 – қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады;

2030-2050 – ұлттық экономиканың табиғи ресурстарды олардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі.

«Жасыл экономикаға» көшуді іске асыру мәселелері «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелетін болады.

Секторлар бойынша Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асырудың құралдары, кейіннен түзетіліп, ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің бүлінуіне қарсы күрес және топырақтың құнарлылығын көтеру, балық шаруашылығын, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын молықтыру сияқты мәселелерге жаңадан назар аударылатын «Агробизнес – 2020» Қазақстан Республикасында агорөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы мен басқа да салалық бағдарламалар сияқты, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілетін, қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады.

Сонымен қатар Су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан жасыл экономика жолында

Дереккөз: yvision.kz

1355907794_1-25

Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

Соған қарамастан, адамдардың Жер экологиясына негативті әсері жалғасып және ол қайғылы одан қоса тұрақты салдарға жиі әкеліп жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп, су және энергия ресурстартарының тапшылығы байқалып отыр.

Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі. Біздің ел кеңес кезінен бастап, Аралдың құрғап кетуі және Семей полигоны сияқты экологиялық мәселелерді бастан кешті. Адамдардың тікелей қатысуымен және су ресурстарын негізді қолданбауы салдарынан теңіз құрғап қалды.
Қызылорда облысының тұрғындары экологиялық баланстың бұзылуы салдарынан және негізсіз шаруашылық қызмет еткеннен, қорқынышты жайттарды өз бастарынан кешті.

Осы аталған мәселелерге қарамастан, Қазақстан әрқашан экологиясы жайлы ел деп саналатын, орасан зор территория өнеркәсіп аймақтарын бір-бірінен алыс орналастыруға мүмкіндік берді, сондықтан, олардың экологияға әсері сиректетіліп, соншалықты қауіпті болған жоқ. Бақытымызға орай, республикамызда әлі де адамзат қолы тимеген жерлер сақталған. Өнеркәсіптің даму қарқыны, еліміздің өсуі мен болжанған ресурстар тапшылығы, еліміздің Үкіметін, экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстанды жасыл экономикаға өтуіне итермеледі.

Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі. Ол табиғи ресурстарды «табиғи капитал» ретінде қарастырады. Осындай тәсіл, экономиканың табиғатпен байланысын және қолдану принциптерін өзгертеді де, ол мынадай шекті, қорландыру және табиғи ресурстарды жұмсау деген терминдерді анықтайды.
Жасыл экономика теориясы үш негізгі принциптерге негізделеді:
Шектелген кеңістікте ықпал етуді шексіз ұлғайту мүмкін емес;

Шектелген ресурстар жағдайында шексіз ұлғайып жатқан талаптардың қанағаттандырылуын сұрау мүмкін емес;
жер бетіндегі барлығы өзара байланыста болады.

Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді.
2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды:

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту туралы Тұжырымдаманы бекітемін (әрі қарай – Тұжырымдама)
2. Республика Үкіметіне
1) Тұжырымдаманы жүзеге асырудағы іс-шаралардың жоспарын бекіту;
2) Осы Жарлықтан шығатын басқа да іс-шараларды қабылдау.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, облыстардың әкімдеріне:
1) Тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып жұмыс істеу және оның жүзеге асырылуындағы іс шараларды қабылдау;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі Тұжырымдама бойынша қабылданатын құжаттардың келесілімін қамтамасыз ету
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне жүктеледі.
5. Осы Жарлық қол қойған сәттен бастап өз күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Президенттің Жарлығында үнемі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту жөніндегі Тұжырымдамасына сілтеме беріледі. Нақты іс шараларды анықтап қарайтын, жүзеге асыру қабылданған кезде ол еліміздің экономикалық дамуын әлемдік экологиялық талаптарға және стандарттарға негіздеп жасауға мүмкіндік беретін өте үлкен және кешенді құжат болып табылады.
Мен осы құжаттың толық мәтінін өзімнің блогыма қоямын. Бұл тек экология саласындағы мамандардың қадала қарайтын немесе оқитын мәселесі емес, сонымен қатар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер тағы басқа қарапайым азаматтардың да назарында болуына лайық.
Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады және қолда бар құжаттар бойынша негізделеді: 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы «Агробизнес-2020», 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ГПФИИР, 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, территорияларды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы тағы басқа салалық бағдарламалар.

Одан бөлек, 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасын дайындау жоспарланып жатыр
Іс-шаралар қатары – тұжырымдаманың ең негізгі ережелерінің бірі, олар қабылданғанда энергия тиімділігі маңызды жоғарылауына және өндірісте энергия жұмсалымының төмендеуіне алып келеді.
Тұжырымдамада бекітілген баламалы және қайта қалпына келетін энергия көздерін дамыту Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 ның басты идеясымен үндесіп жатыр.
Ұсынылған жоспар бойынша, біздің энергосебет 2030 жылға қарай, 11% -жел және күн көздерінен, 8% -атом, 10% – гидро, 21% – газ бен 49% – көмірден тұратын болады. Ал, 2050 жылға қарай, жел және күн көздерінің үлесі 39% дейін өседі, АЭС мен ГЭС үлесі 14%, газ станциялары 16% , және қалған 31% көмір станцияларынан құралады.
Осындай тәсіл, қайта қалпына келмейтін ресурстарды елеулі түрде үнемдеуге және қатты жанармаймен жұмыс істейтін станциялар, атмосфераға шығаратын қауіпті қоқыстар жағдайын елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік береді, Тағы бір, Тұжырымдамада қозғалған маңызды мәселелердің бірі – су ресурстарын сақтау және үнемдеу.
Мамандардың болжауынша, біздің елдегі судың тым тапшылығы бұл 21 ғасырдың сұрақтары болуы мүмкін. Президентіміз «Қазақстан -2050» атты Халыққа Жолдауында нақты осы мәсәлеге ерекше назар аударғаны босқа емес. Көптеген мамандардың болжамдарына сүйенсек, 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 14 млрд текше метрге дейін су құрауы мүмкін. Осы қиындықты жеңу үшін, барлық жерге су сақтайтын технологияларды қолдану, өнеркәсіптік және тұрмыстық қолданыста судың жұмсалуын төмендету, табиғи су қоймаларын ластауға жол бермеу ұсынылады. Әрине, Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін бюджеттік шығыстарды ұлғайту және жалпы сомасы, Тұжырымдамада қарастырылған барлық іс шараларға қажет болатын жеке инвестицияларды тарту қажет, 2050 жылға дейін орташа, жыл сайын 3,2 миллиард АҚШ доллары. Шамамен бұл бюджеттен 1% баламалы, осы қаражаттың едәуір бөлігі инвестициялардан тартылады деп жоспарланған, ал осы Тұжырымдаманың жүзеге асуы жаңа өнеркәсіп салаларын құруға және қосымша 500 мың жаңа жұмыс орындарын беруге мүмкіндік береді – жасыл экономикаға өту толығымен дер кезіндегі орынды шешім болып табылады.
Экология мәселесі баршамызға ортақ мәселе, мемлекет көптеген оңтайлы Жарлықтар шығаруы немесе ғаламдық Тұжырымдамаларды жүзеге асыруы мүмкін. Осы ұйғарымдар жағдайды өзгертуі немесе Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартуы мүмкін бірақ тағы бір кішкене; жеке экология бар.
Әрбір Қазақстан азаматы қазіргі таңда жеке үйлер, аулалар мен көшелер экологиясы болсын, айналасындағы жағдайға өзі жауапты екенін сезінуі тиіс.
«Шағын істер» принципін қолдана отырып, қазіргі таңда біз экологиялық жағдайлардың жақсаруына үлкен үлес қоса аламыз. Су, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды үнемдеу тек қана қоғамдық пайда әкеліп қоймай, отбасылық бюджеттің сақталуына жол ашады.
Демалыс кезінде табиғатқа ұқыпты қарау, өз ауласында тазалық сақтау – табиғатты сақтау барысында біз мемлекеттің мойнына ауыстыратын қарапайым шындық. Көптеген елдерде азаматтардың қарапайым экологиялық нормаларды сақтауы саналы міндетке айналған. Өкінішке орай, біз үшін бұл нормалар фомалды және міндетті емес болып табылады.
Егер біз Қазақстанды ұрпақ үшін сақтап қалғымыз келсе, еліміздің өсуі мен өркендеуі туралы ойлайтын болсақ, әрқайсысымыз өзіміздің санамызды өзгертіп, қоршаған ортаға көзқарасты өзгертуіміз керек.

Жасыл экономика Қазақстан жағдайында

subotnik_ekologicheskiy

ʻʻСоңғы жылдары экономика мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.ʼʼ [1]

ʻʻҚоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз. ʼʼ [2]

ʻʻЖасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. ʼʼ  [2]

ʻʻ «Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары:

Бірінші бағыт – жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. ʼʼ[2] Бұл жерде Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер және орманға ие болуы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

ʻʻЕкінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді.

мақаланы жүктеу

Қазақстан жасыл экономика жолында

Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

мақаланы жүктеу

қосылды: 25.10.2016
өзгерді: 24.07.2017