Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Алматы хайуанаттар бағының су объектілеріне әсер етуін алдын ала бағалау

Дереккөз: group-global.org

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f

WZCS-тің санағы бойынша, әлемде 10000-ға жуық хайуанаттар бағы бар, оның 1200-і алдыңғы қатарлы хайуанаттар бағтары, оларда омыртқалылардың 30000-дай түрі бар және оларға 619000000 рет барады («Алдыңғы қатарлы» хайуанаттар бағы деп – танылған федерациялар бөлігіне кіретін немесе кіруге әулеті бар).

мақаланы жүктеу

Павлодар қаласының ауа бассейінінің өндіріс кәсіпорындары және автокөлікпен ластануы

Дереккөз:group-global.org

vozduh-3

Атмосфераның ластануы Қазақстан Республикасында осы күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары тұрақты көздерден шамамен жылына 2,5 млн. тонна,  көлік шығарындылары 1 млн. тоннадан асады. Атмосфераны ластаушы үш негізгі  жолы бар: өнеркәсіп, тұрмыстық ошақтар, автокөлік. Ауаны ластануышы бұл көздердің үлесі орналасу жеріне байланысты болады.  Қазіргі уақытта жалпы анықтау бойынша аса көп мөлшерде өнеркәсіп өндірісі ластайтыны анықталған.  Ластаушы көздер – ауаға түтінмен күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылуэлектстанциялары; металлургия кәсіпорындары, әсіресе атмосфераға азот оксиды, хлор, фтор, күкіртті сутек,  аммиак, фосфор қосылыстарын, сынап және мышьяк  қосылыстары және бөлшектерін  шығаратын  түсті металлургия; химия және цемент зауыттары. Зиянды газдар ауаға  кәсіпорындардың мұқтажы үшін отынды жағу, автокөлік жүмысы, тұрғын үйлерді жылыту, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жағу және қайта өңдеу нәтижесінде түседі. [1,15-28б]

Қазақстан Республикасыны ерекше экологиялық қолайсыз өңірлерінің бірі Павлодар облысы.Павлодар- индустриялық дамыған, көп салалы өнеркәсіптік орталық.Ол – электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталған өзіндік көп салалы кешені бар қала. Өндіріс көлемінің 70% құрайтын өңірдегі негізгі сала – металлургиялық өнеркәсіп және металл өндеу. [2,VisitKazakhstan.kz]

Индустрияландыру жылдарында Павлодар облысы аумағында шамамен алты миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар жинақталды. Олармен ластану деңгейі бойынша Павлодар өңірі республикада үшінші орынды алады. Жыл сайын 100-ден астам миллион тонна қалдықтар пайда болады. Осыған тұрмыстық қалдықтарды қоссақ, ал олар бүгінгі таңда облыста 4,5 миллион тонна және жыл сайын оған шамамен 640 мың тонна қоқыс қосылады. Бұл тек көзге көрінетін қалдықтар. Ал қанша улы қалдықтар жер астында жатыр. Мысалы жылдар бойы жиналып, электролиз цехынан шыққан 900 тонна сынап. Сынаптың Ертіс өзеніне ағып кетуіне кедергі болатын балшықты қабырға салынды. Бірақ бұл қаншалықты тиімді екені беймәлім. Егер атмосфераның өнеркәсіптік кәсіпорындармен ластануын айтатын болсақ, жыл сайын Павлодар облысында 600 000 тонна денсаулыққа зиянды қалдықтар түседі. Бұл Республика шығарындыларының 4/1 бөлігі. Соңғы 10 жылда зиянды қалдықтардың көлемі аймақта 46% өсті. Қаладағы атмосфераның шамадан тыс ластануының негізгі себептері өнеркәсіптің ескірген технологияларын, тиімсіз тазарту құралдары, төмен сапалы отынды пайдалану, жылудың жаңартылған қайнар және балама көзін нашар қолдану. Автокөлік санынының күрт өсуі Павлодар қаласында көмірсутек оксиды мен азот диоксидының концентрацияларының өсуіне алып келеді. [3, 22-26]

мақаланы жүктеу

Өндірісті өлкенің жасыл «өкпесі»

Дереккөз:ortalyk-kaz.kz

b078d2a0728e864e3e20d829367d5241_m

Қарағанды мен оның индустриал­ды серіктес қалаларының атмос­фералық ауасын жақсартудың бір­ден-бір тиімді жолы орман жамылған жасыл желек алқабы екені белгілі.  Бұл жұмыс өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан,  Қарағанды бү­кілодақтық үшінші көмір ошағы болып қалыптаса бастаған кезеңнен бастау алған. Аға ұрпақ өкілдері «Дальний парк», «Зелентрест», «ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атындағы парк», «Көктем» совхозы» сияқты ұғымдарды жақсы біледі. Өндірісті өлкенің жасыл «өк­песінің» негізін құраған солар.  Мекемелер бір ашылып, бір жабылып, маңдайша жазуын өзгертіп жатады. Ал, оларда еңбек еткен адамдардың,  бір сөзбен айтқанда, орманшы қау­ымның қолтаңбасы міне, бізге жай­қалған саябақтар мен гүлзарлар, қала сыртындағы демалыс аймағы  болып қалып отыр.
Орман өсіру оңай шаруа емес. Қандай ағаш түрі қай жерге бейім екенін білу үшін алдымен топырақ құрамын зерттеп алу қажет.  Әйтпесе, тұқымбақта (питомник)  дән қауызын жарып, қылтанақтай болып өсіп, одан кейін отырғызылған көшет қурап қалуы мүмкін. Қарағанды орман­шы­ларының жылдар бойғы тынымсыз еңбегі арқасында Қарағанды мен оның серіктес қалаларының төңі­ре­гінде, сондай-ақ, табиғат сыйға тартқан көрікті жерлерде  мемлекеттік орман қоры жасалды.  Оның аумағы бүгінде 600 мың гектардан асады, соның ішінде, орманмен көмкерілгені 155  мың гектар. Осының 200 мың гектардан астамы (орманмен көм­керілгені 92 мың га) табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 6 орман  шаруашылығы коммуналдық  мем­лекеттік мекемелеріне қарасты. Қал­ған жер темір жол мен автомобиль жолдары бойындағы қорғау жолақтарына, ұлттық табиғи паркіне  (Қарқаралы, «Бұйратау») жатады. Ертеректе отырғызылған Тихоновка ақ қайың тоғайы (10 га), бұрынғы ет комбинаты аумағындағы кәдімгі қарағай тоғайы ( 5,7 га) қала тұрғындарының көз қуанышы. Белағаш (Бұқар жырау), Қараағаш (Жаңаарқа), Қу (Қарқаралы), Қызыларай (Ақтоғай), Ұлытау  мемлекеттік табиғи қорық­тары мемлекет қамқорлығында.  Осы табиғат тартулары мен өндірісті қала­ларды қоршаған орман алқабын күзету, баптау, орман өсіру ісімен Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі  Қарағанды, Теміртау, Ақ­то­ғай, Жаңаарқа, Қу және Ұлытау шаруа­шы­лықтары КММ айналысады.
Басқарманың орман шаруашы­лығы, ерекше қорғалатын аймақтар және жануарлар әлемін қорғау бө­лімінің басшысы Валентина Лузина  бірде  ол басқаратын бөлім  Астана қаласының үлгісімен 2020 жылға дейінгі кезеңде облыстың қалалары мен  селолық аудан орталықтарының айналасын жасыл желекпен көмкеру бағдарламасын жасағанын айтып еді. Мәселені пысықтау үшін қара­ғандылық орманшылар   «Жасыл Ай­­мақ» РМК, Шығыс Қазақстан облысы мен Татарстаннның  Сабы  орман шаруашылығының тәжірибесін үйреніп қайтқан.  Әрине,  мұндай жос­­парларды жүзеге асыру үшін озық техника  сатып алып,  заманауи технология  қолдана білу қажет.  Әсіресе,  барлық шаруашылықтарда су үнем­дейтін технологияға негізделген тұ­қымбақтар құру маңызды. Сонда  2015 жылы 300 гектардан бастап 2020 жылы 4500 гектарға дейін жасыл желекпен көмкеру сияқты асқақ идеялар  қағаз бетіне түскен. Бұған мүмкіндіктер бар ма? «Бар»,– дейді қарағандылық орманшылар.
Өткен жылы мемлекеттік орман қоры алқабында 230 гектар жерге 575 мың түп ағаш егілсе, биыл Теміртау трассасы мен Компанейск поселкесі маңына 240 га алқапқа 600 мың дана ағаш көшеттері отырғызылды. Осынау отырғызу материалдары қайдан алынады дейсіздер ғой?
Қарағанды орман шаруашылығы мекемесінің негізі сонау сексенінші жылдары қаланған өз тұқымбағы бар. Ол Шахтинск қаласына қарасты Но­водолинка поселкесінің шеткері аймағында орналасқан. Жер көлемі 40 гектарды алады. Қуаты жылына 1,3 миллион түп көшеттер өсіріп, орнатуға, халыққа сатуға дейін жетіп отыр. Мұнда Орталық Қазақстаннның қатал табиғатына бейімделген ағаш сорттары тұқымынан бастап өсіріледі. Өсімтал шегіршін, үйеңкі, шаған, жиде сияқты тікпе ағаштармен қатар қарақат, акация, ырғай сияқ­ты бұталар да  тамыр жаяды.  Тұ­қым­бақтың орманшысы Э.Крюков, суландыру инженері Ө.Мусин  алқапты аралатып, екі-үш жылдық өскіндерге алып барды. Әсіресе, мәң­гі жасыл  қарағай  алқабы жай­қалып тұр. Ертең-ақ қаланың бір  кө­рікті жерінен орын теуіп, жұпар исін адамдарға тарту етері сөзсіз…
– Өткен жылы тұқымбақ үшін 44 миллион теңге сомаға Италияның «Ferbo»фирмасының жаңбырлатқыш агретатын сатып алдық. Мұнда  суару жұмыстары жаңадан қазылған 4 скважина арқылы жүргізіледі. Қазір тұқымбақ пен орман шаруашылығы мекемесі отырғызатын материалдарды сату, қорғаныс жолақтарын ор­нату, қураған ағаш, тұқым жинау,  саңырауқұлақ, дәрілік өсімдіктер теру сияқты ақылы қызмет түрлерімен айналысып, қаржы-қаражат та табады. Биыл жаңа  жылыжай  салып, бұрын дән себілген алқаптарды қайта құруымыз қажет,– деп алдағы жоспарларымен таныстырды Қарағанды  орман шаруашылығы кәсіпорнының директоры М.Мұқанов.
Жалғыз тұқымбақ қана емес орман шаруашылығының өткен ғасырдың 50-жылдары орын тепкен бүгінгі ғи­мараттары да тозығы жетіп тұр екен. Қыста пешпен жылытылады. Үлкен Михайловканың бір шетіндегі Защитная көшесінде орналасқан мекеме орталықтандырылған жылу жүйесіне  қосылмаған.
– Қызметкерлеріміздің жалақысы да төмен. Олар азаматтық қызмет­шілер санатына кірмей қалған. Бас­қарманың басшылары осыны ескеріп жоғары органдарға қатынас хаттар жолдауда,– дейді тағы бір әңгімесінде Мақсат, – Соған қарамастан орманшыларымыз қысы-жазы қырағы қызмет атқаруда.  Олар өз істеріне бе­рілген жандар.  Мұнда жұмыс бір күн де тоқтамайды. Көктемде ағаш отырғызып, жаз бойы баптап, орман күзетеді. Күзде ағаш кесіп, дән жинаса, қыста тұқым өсіреді. Міне,  енді өртке қауіпті кезең басталды. Мемлекеттік орман қоры алқабы тұрғындар тынығу үшін, қаланың өкпесін тазарту үшін құрылған ғой. Мұнда  дем алушылар үшін арнайы алаңқайлар жасалған. Тек өртке қарсы шараларды сақтаса болды. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні  қарсаңында біздің тілегіміз сол ғана,– деп ол газет оқырмандарына  да құлаққағыс білдіріп жатты.

Қарағандыда «жасыл технологияларды» тарату орталығы ашылды .

Дереккөз: strategy2050.kz

7850e1d7b5a66faf7f4e661815a83df4

Қарағандыда «Қарағанды агротехникалық колледж» ҚМУ базасында «жасыл технологияларды» тарату орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Нұр Отан» ақпараты бойынша, Орталықтың тапсырмасы – еліміздің «жасыл» тәжірибесі мысалында энерготиімді технологияларды оқыту, «жасыл» технологияны қолданумен органикалық ауыл шаруашылығын дамыту перспективалары көрсету, сонымен қатар, шағын энергетика саласындағы еліміздің қол жеткізген нәтижелерін тарату, энергиялық тиімді жылу, жарықтандыру, сумен жабдықтау және басқалары.

Айта кететін жайт, 2015 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында «Жасыл технологиялардың ұлттық академиясы» ұқсас орталықтар ашылған болатын. Ол жерде бүгінгі күні 20 «жасыл» технология  апробациялануда.

Бұл жұмыстардың бәрі ендігі күні қарағандылық Орталықта жасалатын болады.

«Жасыл» экономика жолында

Дереккөз:egemen.kz

2d2742ac42ad10fbeb187e3780ad327e_l

Адамзатқа тәңірден берілген табиғат қоры қадіріне жетіп, қызғыштай қорығанда ғана баянды бақ болмақ. Қай кезеңде немесе қай тұрмыста болмасын үнемдеу, ысырап етпеу береке бастауы саналады. Бұл ретте ел байлығын еселейміз десек, бірінші кезекте мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, баламалы энергия көздеріне мән беруіміз қажет. Сондықтан да, Елбасының басты назарындағы ел экономикасын дамыту жолындағы игі шаралардың бір бағыты «жасыл» экономиканы жолға қою болып табылады.

мақаланы жүктеу

Текелі қаласының туристік- рекреациялық мүмкіншіліктері

Текелі қаласы Талдықорған қаласының оңтүстік-шығысында, 39 км қашықтықта, Алматы қаласынан 285 км шығысқа қарай орналасқан. Қаланың алып жатқан аумағы 6133 га. Жетісу Алатауының тау шатқалдарының шыға берісіндегіҚора аңғарындағы үш өзеннің: Қора, Шажа және Текелі өзендерінің қосылған жерінде. Бұл үш өзен Балқаш көліне құятын екінші үлкен өзен болып саналатын Қараталдың бастауы болып табылады. Таулардан ағып шыққан өзен, кейін жазық даладағы құмдар арасымен ағып өтеді де, оның аңғары кеңейе түседі. Қала Жетісу Алатауының солтүстік баурайының тау етегінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300 метр.

Текелі қаласы – бұл серпінді дамып келе жатқан өңір.  Қала Жетісу өңірінде туризмді дамыту орталықтардың бірі бола алады. Қаланың географиялық орны, қолайлы табиғат жағдайлары мен таулы жер бедерінің көп болуы, тұрақты қар жамылғысы, қыс маусымының 5-6 ай созылуы, Алматы мегаполисіне жақын орналасуы белсенді демалыс қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз ететін заманауи ірі, халықаралық туристік және спорт кешенін салу,жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлап, қызмет көрсету саласын дамытуғажағдай жасайды. Қалада туризмді дамыту талаптары Алматы облысының басқа өңірлермен салыстырғанда өзгеше болып келуінің басты себебі,Текелі қаласыныңтуристік-рекреациялық әлеуетінің жоғары болуында[1].

Текелі қаласының туристік-рекреациялық ресурстары. Бұрқанбұлақ – Орталық Азиядағы ең биік сарқырама қатарына жатады, биіктігі 120 метр. Ол Текелі қаласынан 55 км жерде Қора өзенінің шатқалында орналасқан. Бұрқанбұлақ орталық Азияның ең биік сарқырамасы, биіктігі 120 метр. Сарқырама атауының шығуы туралы бірнеше жорамалдар бар, соның бірінде бұл жердің будданың қасиетті мекені екендігі туралы айтылады. Бір кездері шатқалда будда бейнесі болған, ал «бұлақ» бастау немесе «қайнар», яғни «будданың бұлағы» деген мағына береді. Текелі қаласынан 25 км жерде орналасқан Ойсаз өзеніндегі күкіртті сутек құрамды «Жылы кілт» бұлағы да өзінің емдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұрханбұлақ сарқырамасы маңайында «Киелі тас» табиғи ескерткіші орналасқан.

мақаланы жүктеу

Қарасу ауданында жасыл экономика

Қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз.

мақаланы жүктеу

қосылды: 26.10.2016
өзгерді: 24.07.2017