Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды

Дереккөз: egemen.kz

images

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «KEGOC» акционерлік қоғамы Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік бағытында ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуетін арттыруға, Шығыс Қазақстан мен оңтүстік өңірлерде электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге және аталған аймақтарда электр қуаты жетіспеушілігінің орнын толтыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Бұрнағы күні өткен республикалық телекөпір аясында Мемлекет басшысы «KEGOC» АҚ-тың басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевке осы ауқымды жоба шеңберінде «Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен» бағытымен өткізілген жаңа жоғары вольтты желілерді іске қосуға пәрмен берген болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрлігі электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов жаңа электр желілерінің құрылыс жұмыстары, қызметі мен маңызы жөнінде әңгімелеп бері.

Департамент директоры «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ ЭЖ салу» кең ауқымды инвестициялық жобасы екі кезеңге бөлініп жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«500 кВ және 220 кВ электр жеткізетін 700 шақырым желілер, сондай-ақ, 500 кВ «Семей», 500 кВ «Өскемен» және 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы стансалары солтүстікте өндірілетін электр энергия­сын Қазақстанның шығыс өңірлеріне жеткізетін болады», – деді Б.Сәрсенов.

Ол сондай-ақ, жобаның ел экономикасын дамыту үшін аса маңызды екеніне тоқталды.

«Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары осы уақытқа дейін Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін және өңірді энергия жүйесімен жалғайтын желілерді қолданып келсе, енді жаңа желілер арқылы электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан келгенде аса маңызды», – деді департамент директоры.

Ол құрылыстың екінші кезеңі – «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма салу» жобасы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Бұл жобаны аяқтау бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Нақты айтқанда, шығыс өңірінің Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланысын күшейтеді, Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы транзиттік әлеуетті арттырады, шығыстағы өзендердің әлеуетін игеруге жол ашады. Бұл өз кезегінде, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саясаты аясында маңызды рөлге ие, – деп атап өтті Б.Сәрсенов. – Бұдан бөлек, жобаны жүзеге асыру барысында тау-кен өнеркәсібінің электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Ақтоғай энергия торабында 500 кВ «Ақтоғай» қосалқы стансасы салынады. Сондай-ақ, «Ақтоғай – Алматы», «Ақтоғай – Достық», «Ақтоғай – Мойынты» бағыттары бойынша темір жол учаскелерін электрлендіруге мүмкіндік туады».

«ЭКСПО» және «жасыл» энергетика

9cfd54f4c455d0fc3d3d613c1186da28

Елбасы сөзімен айтқанда, «2050 – жай ғана бейнелі дата емес». Межелі жылға дейін қыруар шаруа, толайым іс, бағдарлы тірлік баянын табуы тиіс. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы дәстүрлі Жолдауындағы жолдар осыған саяды. Ә дегеннен, жоспарлы жұмыстар бас-талып кетті. Бас құжаттағы міндеттер мен тапсырмалардың атқарылуына күллі қазақстандық мүдделі һәм жауапты. Сондықтан, әрқайсымыз болашаққа басатын әр қадам алдында ойы-мызды байыппен білдіріп, ұсынысымызды ортаға салған артықтық етпес.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясына үңілсек, Мемлекет басшысы жиырма бірінші ғасырдың жаһандық он сын-қатерін тізбелеп береді. Онда жер бетін алаңдатқан келелі он проблема сөз болады. Оны да өркениетке бет алған кез келген мемлекеттің күн тәртібіндегі бірінші мәселе екені даусыз. Соның бесіншісі – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Енді Елбасының өз сөзіне жүгінсек: «Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 пайызына дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.

Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.

Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энерге­тикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады».

Президент көрегендігін тағы бір байқатты. Бірер жылдарда-ақ алдымыздан шығатын, жер беті тұрғындарының алдынан шығатын үлкен мәселенің шешімін табуды ойлады. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке бар адамзаттың назарын аудармақ.

Уақыт жаңарған сайын ескіретін дүниелер бар. Алып даламыздағы, байтақ жеріміздің астындағы мұнай мен газ да бір уақыттарда сарқылады, ада болады. Одан кейінгі энергия көзі не болмақ? Баламалы және «жасыл» энергетикалық технологиялар дәуірі. Күннен, судан, желден қуат алатын жаңа ғасырдың технологиясы. Адамзат энергияға тәуелді.
Әр азаматтың туған еліне пайдасы тигені секілді, әр ел әлем халқы үшін бір игілікті істің басын қайырса, абыройының артқаны. Зерделей қарасақ, абыройдың ғана артқанын емес, ахуалымыздың да жақсара түсетінін айқын бағамдаймыз. Өйткені, жаңа дәуірге орай жаңаша бастамалар легін 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесінен көретін боламыз. «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы шара Елбасы жиырма бірінші ғасырдың тап бесінші сын-қатері деп таныған жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің алдын алады. Бұл жөнінде Президент: «Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Аста­надағы алда тұрған «ЭКСПО-2017» қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады» дейді. Ал, меніңше, тек қазақстандықтар емес, күллі әлем халқы көре алады.

Басқа елде, басқа жерде емес, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі адамзат тәуелділігін өтейтін технологияларды ұсынады. Яғни, баламалы және «жасыл» энергетиканы өндіретін құрылғыларды әлем жұртшылығы алдымен біздің бас қаладан тамашалайды. Астанадағы «болашақтың энергиясы» барша жер бетін Қазақстанға мойын бұрғызады.

«ЭКСПО» мен «жасыл» энергетика ел дамуын еселей түссе, әлем халқының сұрауын қанағаттандырары күмәнсіз. Өйткені, беделді шараға дайындық барысы осыны айғақтаса, «сен тұр, мен атайын» дейтін ғалымдардың жетістіктерінің жемісі көпті таңдай қақтырмай қоймайды.

Қазақстан Республикасының « Жасыл экономика » саясатына көшуі

Дереккөз: aret.ru

logo

Қоғамда «жасыл экономика» сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін ел Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі.

«Жасыл экономика» — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай,газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

мақаланы жүктеу

Жасыл экономика және тұрақты даму

Дереккөз: studopedia.org

logo

Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді. 2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

UNEP анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар;

БҰҰ  анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;

мақаланы жүктеу

Ламинарлық қозғалыс пен иірім қозғалысының байланысы

Су энергиясы қайта жаңартылатын энергия қорының бірі және бірегейі. Ол экономикалық жағынан өте тиімді, қоршаған ортаға өте таза энергия көзі болып саналады.

Табиғи өзен суларының құлау биіктігі немесе арыны өзен бойлап біркелкі таралмайды. Табиғи жағдайлар және техникалық немесе экономикалық себептерден, әдетте бір өзенге бір электр станциясын салып, барлық арынды толық шоғырландырып пайдалану қиын немесе мүмкін емес[1]. Өзеннің су энергиясы қорларын тиімді пайдалану үшін, cу турбиналарының формаларына, яғни, су энергиясы әсер ететін бөліктеріне өзгеріс жасау керек.

Қолданыстағы су қозғалтқыштары судың ламинарлық қозғалысына негізделіп жұмыс істейді. Бірақ су энергиясын толық пайдалануға, әліде тың қадамдар жасауға болады. Судың энергиясын өнімді пайдалану мақсатында жасанды жолмен  ағыс бағыттарын реттеп, су энергиясы шығынын азайтуға мүмкіндіктер ашылады.

Сұйықтың жеке қабаттары бір-бірімен араласпай, бірінің бетімен екіншісі сырғып параллель қозғалса мұны ламинарлық ағыс деп атайды

мақаланы жүктеу

ҚР Энергетика саласын «Жасыл экономика» қағидаларына сәйкес инновациялық бағытта дамытудың маңызы мен мәселелері

1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ қоршаған орта мен даму туралы конференциясы өткізіліп, «тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылу керек» деген тұжырым мен 27 қағидаға негізделген Декларация қабылданды. Араға 20 жыл уақыт салып 2012 жылы әлем елдерінің өкілдері «Рио+20» саммитінде қайта бас қосып, «жасыл экономика», тұрақты даму мен кедейлікпен күрес мәселелерін көтерді. Риодағы саммиттен кейін Қазақстанда да «жасыл экономиканың» маңыздылығына баса назар аударылып, осы бағыттағы кешенді іс-шаралар қолға алына бастады. 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ғылыми қамтымды экономика құру, инновациялық салаларды дамытуды қолға алу, баламалы энергия көздерін дамыту, жаңашылдыққа негізделген шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету сияқты бірнеше келелі мақсат-міндеттер қойды [1].

 «Жасыл экономиканы» дамытудың бірнеше бағыттары мен түсініктері қалыптасқан: бір жағынан бұл табиғатты жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп қарастырылса, екінші жағынан бұл жаңа технологиялардың негізінде экологиялық таза өнімдерді құру арқылы дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептеледі. Мамандардың пікірінше, аталған мәселелердің ішінде табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған энергетика саласын қайта құрылымдау мәселесі ерекше өзектілікке ие. Осыған орай, Қазақстанның энергетика саласының «жасыл экономика» қағидаларына сай жаңғыртылу маңыздылығы мен мәселелеріне тоқталып өтейік.

мақаланы жүктеу

Күн энергиясы – болашақ энергиясы

Көптеген сарапшылар 2010 — 2020 жылдары көмiрсутегi шикiзатын ұсынудың төмендеуi байқалатынын, осының салдарынан 2025 жылға қарай әлемдiк энергетикалық теңгерiмдегi энергияның жаңғыртылатын көздерiнiң үлесi қазiргi 5%-дан 10%-ға дейiн, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейiн өседi, 2010 жылға қарай  ЕО елдерiнде бұл үлес 12%-ға дейiн (2000 жылғы 6%-ға), ал жалпы электр энергиясы өндiрiсiнде 22%-ға дейiн ұлғаятындығын  болжайды.

Қазiргi заманғы күн фотоэнергетикасы қуаттылығы соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жылына 30-40%-ға өсiп отырған дығын ғалымдар жоққа шығармайды. Әлемде жалпы алғанда күн фотоэнергетикасының қондырғылары қазiр жылына бiр гигаватт энергия өндiредi.

Жер бетіне қуатты үш энергия ағыны бағытталған:

–         күн сәулесі энергиясы, тәуліктік қуаты 174000 ТВт;

–         жер астынан үстіне қарай бағытталған жылу энергиясы, тәуліктік қуатты 32ТВт;

–         теңіз тасқыны энергиясы, тәуліктік қуатты 3 ТВт.

Күн сәулесі энергиясының 30 %-ы Жердің жоғарғы атмосфералық қабатынан шағылысып, ғарыш кеңістігіне тарайды. Ал оның 70 % — і жер асты жылуы мен теңіз тасқыны энергияларының қуатынан шамамен 3500 есе артық. Бұл өте көп энергия. Күннің жерге түсетін мол энергиясының бір бөлігі атмосфераға, мұхит пен құрлықтарға сіңеді. Температура төмендеген уақытта осы бөлігі жылу энергиясына айналады. Екінші бөлігі сулардың булануына және олардың айналып, қайта түсуіне шығындалады. Үшінші бөлігі теңіз және атмосфералық ағындарды туғызады. Ал төртінші – бір кішкене ғана бөлігін өсімдіктер бойына сіңіреді. Сөйтіп, жер бетінде ғажайып фотосинтез реакциясы жүреді.

Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017 кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. Сонымен қатар оның кемшіліктері де бар, күн энергиясын алудың тұрақсыздығы. Күн жүйелері түнде жұмыстамайды, ал кешке және таңертең станция тиімділігі бірнеше есеге төмендейді.

мақаланы жүктеу