Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайту және көрсетілетін қызметтің ашықтығы

2017 жылғы 21 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің алқа отырысында қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, эмиссия деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен ашықтығы және бақылау қызметі бойынша мәселелер қаралды.

Алқа отырысы барысында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (25%), Қызылорда облысы (23%), Қостанай облысы (7%), Маңғыстау облысы (5%), Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында (17%) шығарындылардың лимитін төмендету бойынша оң динамикасы атап өтілді, Астана қаласында бұл көрсеткіш 19%-ды, Алматы қаласы бойынша 8%-ды құрады.

Сондай-ақ, осы саладағы мемлекеттік қызметтерді, атап айтқанда, эмиссияларға рұқсаттар және экологиялық сараптама қорытындысын беру қызметтерін оңтайландыратын заң жобасы талқыланды.

Табиғат пайдаланушыларға қолайлы болу үшін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдерін 5-тен 2-ге  және оларды көрсету мерзімін  4 есеге, яғни 180 жұмыс күнінен 45 жұмыс күніне дейін қысқарту жоспарлануда.

Біз бұнымен эмиссияларға рұқсаттар және экологиялық сараптама қорытындысын беру жөніндегі  мемлекеттік қызметтерді бір қызметке біріктіруді қамтамасыз етеміз. Бұл бизнес жүргізуді барынша жеңілдетуге бағытталған принцип – «Doing Business» рейтингі көрсеткіштерінің индикаторына оң әсер береді.

Өткен жартыжылдықта қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі әр облыс үшін  Қоршаған ортаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге бастамашылық танытты. Олар өңірлердегі ластаушы заттар эмиссияларының рұқсат етілетін көлемін анықтап, табиғат қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын  құруға мүмкіндік береді.

Елдің барлық өңірлерінде бұл бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілуде, тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының әкімдіктерімен бұл мақсаттарға қаражат бөлінген жоқ. Осы ғылыми зерттеулердің қорытындысымен алынған талдаулар еліміздің өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін пайдаланылатын болады.

ҚР Энергетика министрлігі ведомство жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі 2017 жылғы екінші жартыжылдыққа мемлекеттік экологиялық бақылаулардың  ішінара тексерулер санының 2/3-ке қысқарғанын атап өтуге болады.

Алдағы уақытта қоршаған ортаға неғұрлым көп зиян келтіретін табиғат пайдаланушылар ғана тексеріліп, сапалы жұмыс істейтін, яғни экологияға зиян келтірмейтін табиғат пайдаланушылар тексерілмейтін болады,  осылайша тексерулер азаяды.

Ірі табиғат пайдаланушылардың жобаларына экологиялық сараптама жүргізу Сараптау кеңестерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Олардың құрамына қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми институттар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Талқылау барысында халық пен жұртшылықтың пікірі ескерілетін қоғамдық тыңдаулар міндетті кезең болатын болады.

Алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігінің ведомство басшысы аумақтық бөлімшелер басшыларына олардың қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықпен кері байланыс механизмін дамытуға, мемлекеттік қызмет көрсетуге және экологиялық бақылауға қоғамды барынша тартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды төмендету жұмыстарын күшейту, табиғат пайдаланушылардың табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыруы ҚР Энергетика министрлігі ведомствосының басты ұстанымы болып табылады.

Өңірлердегі экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу,  қоршаған орта саласындағы заң бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, сондай-ақ экологиялық заңнаманы жаңарту және жетілдіру жұмыстарын ұдайы жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Жалпы ҚР Энергетика министрлігі ведомствосының жұмысы  қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және  экологиялық проблемаларды тиімді  шешуге, экология саласындағы бақылау функцияларының ашықтығын және мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуды  қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін болдырмауға бағытталатын болады.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

Жасыл экономика – болашақтың экономикасы!

Қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз.

«Жасыл» экономика дегеніміз не?

Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

қосылды: 3.07.2017
өзгерді: 24.10.2018