Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Жасыл экономика. Ескірген тұрмыстық техниканы кәдеге жарату

Дереккөз: 24.kz

2019 жылдан бастап полигондарға батареялар, тұрмыстық техника мен жиһаздарды тастауға шектеу қоятын заң қабылданады. Себебі электр құрылғылары қалдықтардың ең қауіпті сатысына жатады. Күн сайын миллиондаған техника полигондарға тасталып жатыр. Тиісінше қоршаған ортаға мырыш, сынап секілді улы заттар бөлінуде. Ендеше ескірген мұндай құрылғыларды қайда жібереміз?

Жасыл экономика. Қазақстан-Чехия ынтымақтастығы

Дереккөз: 24.kz

Чехия EXPO-2017 көрмесінің алаңына энергетика саласындағы заманауи технологияларды шығармақ. Бүгінгі таңда еліміз бұл елмен баламалы қуат көздері саласында бірнеше жобаларды қолға алған. Ондағы басты назар судан қуат алу болып отыр. Екі ел арасындағы әріптестік жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.

Жасыл экономика. Ширек ғасырдағы еліміздің «жасыл» экономикасы

Дереккөз: 24.kz

Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан ең алғашқылардың бірі болып «жасыл» экономика саласын игеруге бел буды. Арнайы тұжырымдама қабылданып, түрлі экологиялық және халықаралық ұйымдарға мүше болды. Бұл бағытта мыңдаған жұмыс орындары мен кәсіпорындар құрылды. Заман талаптарына сай инновациялық зертханалар ашылды. 25 жылда Қазақстан жеткен саладағы жетістіктер жайлы осы шығарылымда сөз етеміз.