Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Жұмыс тобы отырысының пресс- релизі

а.ж. 26 қыркүйегінде энергетика Вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібековтың төрағалығымен Астана қаласында БҰҰ аясында «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталығын құру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Күн тәртібінде Астана қаласында БҰҰ аясында «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталығы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында Халықаралық Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасының негізгі қағидаларына қол жеткізу, сондай-ақ «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын одан әрі іске асыруға бағытталуы тиіс деп келісілді.

Отырысқа ҚР СІМ, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, «Астана»  халықаралық қаржы орталығы, БҰҰДБ, Назарбаев Университеті, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

Баспасөз хабарламасы

Астана қ., Қазақстан Республикасы, 14 қыркүйек 2016 жыл – Бүгін, Астанада Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша «жасыл» экономиканы ілгерілетуге арналған «Жасыл көпір – «жасыл» технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясы өтуде.

Конференция «жасыл экономика» саласы, «жасыл» технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибемен алмасу, алдыңғы қатарлы «жасыл» технологиялардың трансферті және тәжірибелері, «жасыл» өсімді дамыту және бизнесті жасылдандыру  мәселелерін талқылайтын диалог алаңы болып табылады.

Конференция шеңберінде Жасыл технологиялардың халықаралық орталығын құру, сондай-ақ «Жасыл көпір» Бағдарламасының бұдан әрі дамыту мәселелері қарастырылады. Конференция барысында қазіргі таңда жасыл экономика бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар және халықаралық тәжірибені ескере отырып, жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ жасыл технологиялардың трансферті мәселелері көтеріледі.

«Біз, Астананың күн, жел, биогаз, теңіз және термаль суларын пайдалану саласындағы әлемдік озық әзірлемелерді және трендтерді көрсететін тиімді алаңға айналатынына сенеміз. Бұл жерде дәстүрлі және баламалы энергияны шығару және пайдалану саласындағы ең жақсы деген «ноу-хау», озық және болашағы бар жобалар көрсетіледі. Көрме алаңын Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы Жасыл технологиялардың халықаралық орталығына тапсыру орынды деп санаймыз», – деді өз баяндамасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, бірінші панельдік сессиядан кейін Жасыл көпір серіктестік бағдарламасының хартиясына бес үкіметтік емес ұйымның қол қою рәсімі өтеді.

Конференция шеңберінде жасыл экономикада қолданылатын стандарттар және инвестиция тарту сияқты мәселелер талқыланатын «Жасыл бизнесті экономикалық ынталандыру және қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Конференцияға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ҚР Парламент депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық институттардың, бизнес-құрылымдарының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

ҚР Энергетика министрлігінің

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің Жасыл климат қорына аймақтық кеңесшісімен кездесуінен баспасөз релизі

2016 жыылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы министрі  Бозымбаев Қанат Алдабергенұлының Жасыл климаттық қоры Кармен Аргуелло облыстық кеңесшісімен кездесуі өтті. Кездесуде Климаттың өзгеруін жұмсарту және бейімдеу үшін дамушы елдерге көмек көрсетуге бағытталған ірі қаржы механизмі – Жасыл климат қорына бар перспективалы ынтымақтастық  мәселелерін талқыланды.

Жасыл экономикаға көшу үшін Ұлттық стратегия 2050 тұжырымдамасын қабылдау және жақында Париж туралы Келісімге қол қойылды, СО2 қысқарту бойынша міндеттемелерді іске асыру үшін – климаттың өзгеруімен күрес, олардың адалдығын растайтын, Қазақстан бірқатар қадамдар жасады.

Мұндай БҰҰДБ аккредиттелген ұйымдардың көмегімен, Жасыл климат қорына жұмыс істей отырып, Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске арналған мақсаттарға жету үшін ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді.