Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Ауаның сапасы – «жасыл экономиканың» көрсеткіші

7_170_Өнекәсіптер мен урбандалған территориялардың энергияны көп тұтынуының нәтижесінде ауаның ластану мәселелері және онымен байланысты халық денсаулығына әсер ететін кері зардаптар артуда. Ғылыми мәліметтермен айқындалғандай, атмосферада үлкен қашықтыққа таралатын ауаны ластағыштар қышқыл жаңбырдың пайда болуына, метал коррозиясы, флора мен фаунаның жойылуына, адамдардың ауруға шалдығуына, топырақтың тұздануына, су нысандарының эвтрофикациясы, экожүйелердің тозуымен, сәйкесінше өнімділігінің және тіршілік ету сапасының төмендеуімен себептелетін бірқатар маңызды экологиялық нәтижелерді тудырады.

Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға шыққан ластағыштары жылына үш миллионнан астас тонна, оның 85% 43 ірі кәсіпорындарға тиесілі.

Энергия таымалдағыштарға қажеттіліктің артуы фонында эмиссияны төмендету негізінен, жылу электр станцияларының жоғары сапалы көмірмен қамтылуымен және жағудың инновациялық технологияларын қолдануымен байланысты.

Республиканың орнықты дамуға өтуі тетіктерін құру үшін мақсатты көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, мемлекеттік бақылауды күшейту, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығатын эмиссияны азайту жоспарлануда.

Тілі : Қазақша

Әдебиеттер мен сілтемелердің тізімі: 

1 КАПАКТ жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша «Ауа сапасы» Аймақтық іс-әрекеттер жоспарының артықшылықтары бойынша аймақтық ынтымақтастық потенциалын күшейту бойынша бағдарламасы, (2012ж.), 25б., Ташкент қ.

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі № 302 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010-2014жж. арналған электрэнергетикасын дамыту бағдарламасы».

3 КАПАКТ жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша «Ауа сапасы» Аймақтық іс-әрекеттер жоспарының артықшылықтары бойынша аймақтық ынтымақтастық үшін потенциалын күшейту бойынша бағдарламасы, (2012ж.), 31б., Ташкент қ.

4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 Қаулысымен бекітілген «Жылу электр станцияларының қазаншұңқырларында отынның әр түрлерін жағу кезіндегі қоршаған ортаға шыққан эмиссияға қойылатын талаптардың» техникалық регламенті.

5 ҚР Үкіметінің 2011 ж. 8 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы» №98 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1741 Қаулысы.

6 ҚР Үкіметінің 2010 ж. 10 қыркүйектегі «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалалық бағдарламасын бекіту туралы» № 924 Қаулысы.

7 Вице-министр Д. Тұрғановтың баяндамасы (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) «ЭНЕРГЕТИКА» Журналы, №1(36) ақпан 2011 ж., Алматы қ.

8 ҚР 2000 ж. 23 қазандағы «Ластағыш заттардың үлкен қашықтыққа трансшекаралық ластануы туралы конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» N 89-II Заңы. 9 Қазақстан Республикасының 07.06.2007ж. «Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы» №259-3 Заңы.

10 Еуропадағы Ластағыш заттардың үлкен қашықтыққа тасымалдануын бақылау мен бағалаудың бірегей бағдарламасы (ЕМЕП).

11 ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. арналған «Жасыл экономикаға» өту Концепциясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары».

12ҚР Үкіметінің 2013 ж. 6 тамыздағы Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. арналған «Жасыл экономикаға» өту Концепциясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы № 750 Қаулысы.

Қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру мен өмір сүру сапасын жетілдіру – «жасыл» экономиканың артықшылықтары

08_170_Қазіргі таңда «жасыл» экономикаға көшу шеңберінде  Қазақстан екі басым құрамдас бөліктерге назар аударуда, олар: а) су ресурстары мен экожүйелердің экотиімді пайдаланылуы; b)  төмен көміртекті дамыту және климаттың өзгеруіне бейімделу. Мақалада Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының қазіргі жай-күйіне талдау жасалынды. Бұл талдау «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Биоәртүрлілікті сақтау бойынша жаңа Ұлттық Стратегиялар мен Іс-әрекеттер жоспарына құрама бөлігі ретінде енуі тиіс, ал ол өз кезегінде келесі нәтижелерді айқындайды:өндіру мен тұтынудың дәстүрлі орнықсыз үлгілерін Жасыл экономика үлгісіне ауыстыру арқылы табиғи қорларын бей-берекет пайдалануын тоқтату және қоршаған ортаның тозу үрдісін баяулату;ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде орындалатын қоршаған ортаны қорғау және орнықты пайдалану бойынша іс-әрекеттердің жағдайы мен мәртебесін түбегейлі өзгерту;тек елдер мен аймақтар үшін ғана емес, бүкіл әлемдік бірлестіктер үшін маңызды ортақ мақсаттарға жетуге жаңа деңгейде мемлекеттердің, халықаралық, қоғамдық ұйымдардың және жеке секторлардың күштерінің жұмылуы.Мұндай тәсіл су мен қуатты тиімдірек пайдалану үшін, коррупциялық кеңдікке мейлінше қысқарта отырып, таза технологиялар мен инвестициялармен алмасу үшін аймақтық кооперация мен сауда-саттықтың өзара тиімді тетіктерін қолдануға мүмкіндік береді.
Автор:
Шабанова Людмила Владимировна
Жүсіпов Абзал Есләмбекұлы
Тілі : Қазақша
Әдебиеттер мен сілтемелердің тізімі:
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы «Әлеуметтік салдары бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп туғызатын аурулардың тізбесін бекіту туралы»  № 468  Қаулысы.
  2. «Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер» 003 бағдарламасы бойынша «Арал өңірінің экологиялық дағдарыс аймақтарындағы халықтың әлеуметтік салдары бар аурулармен сырқаттанудың себеп-салдарының байланыстарын анықтау» тақырыбында үш кезеңнің есебі//ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК. Астана, Қазақстан Республикасы, 2008-2010.
  3. 2011-2015 жылдарға арналған Арал теңізі алабындағы елдерге көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер бағдарламасы (ПБАМ-3); 2011-2020 жж. «Ақ бұлақ» Салалық Бағдарламасы; 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл Даму» салалық Бағдарламасы.

«Жасыл көпір» Астана бастамасы – «жасыл» экономикаға көшу мәресі

170«Жасыл көпір» Астана Бастама идеясы: Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдері арасындағы «жасыл өсуді» іске асырудағы серіктестік «Біз қалайтын болашақ» аясында өткізілген РИО+20 Самитінде орнықты даму және кедейшілікті жою контекстіндегі «жасыл» экономика тақырыбы үшін алғышарт болып табылды.

Астана Бастамасының басымдығы көп жақты серіктестік, инвестицияларды экожүйелік қызметтерге және табиғи ресурстарды экотиімді пайдалану, төменкөміртекті даму және ауа райы өзгерісіне бейімделу, қалалардың орнықты дамуына жәрдемдесу, «жасыл» бизнесті және «жасыл» технологияны жылжыту, орнықты өмір салтын мадақтау және тіршілік сапасын жоғарлату, «жасыл» құрылыс, ауыл шаруашылығы, электр энергетикасындағы жаңа технологиялар, тұйық айналым шарттарындағы материалдарды өңдеу және қалдықтарды басқару, су ресурстарын басқару, коммуналдық сумен жабдықтау және суды бөлістіру, аймақтық даму болып табылады.

Астана бастамасын іске асырудағы қазақстандық бастамалардың арасындағы негізгісі – су ресурстарын орнықты пайдалану және жоғарғы тиімді энергетиканы дамыту.

Толықтай алғанда, Астана бастамасының идеялары инновациялық экономика даму трендіне және қоғамның барлық сферасында экологизациялау бастамаларына, бастау берді, бұл «жасыл» экономикаға өту Тұжырымдамасында және оны іске асыру Қазақстан 2050 Жоспарында көрініс тапты.

Астана бастамасын іске асырудағы қазақстандық бастамалардың негізгісі арасында – су ресурстарын орнықты пайдалану және жоғары тиімді энергетиканы дамыту.

Толықтай алғанда, Астана бастамасы жаңашыл экономика және қоғамның барлық сферасын экологизациялау перспективаларын дамыту трендіне бастау берді, бұл «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасында және оны 2050 жылға дейін Қазақстанмен жүзеге асыру Жоспарында көрініс тапты.

«Жасыл» экономиканың негізі ретінде табиғи ресурстардың экотиімді пайдаланылуы

80_170_Қазіргі таңда «жасыл» экономикаға көшу шеңберінде Қазақстан екі басым құрамдас бөліктерге назар аударуда, олар: а) су ресурстары мен экожүйелердің экотиімді пайдаланылуы; b) төмен көміртекті дамыту және климаттың өзгеруіне бейімделу.

Мақалада Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының қазіргі жай-күйіне талдау жасалынды. Бұл талдау «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Биоәртүрлілікті сақтау бойынша жаңа Ұлттық Стратегиялар мен Іс-әрекеттер жоспарына құрама бөлігі ретінде енуі тиіс, ал ол өз кезегінде келесі нәтижелерді айқындайды:

· өндіру мен тұтынудың дәстүрлі орнықсыз үлгілерін Жасыл экономика үлгісіне ауыстыру арқылы табиғи қорларын бей-берекет пайдалануын тоқтату және қоршаған ортаның тозу үрдісін баяулату;

· ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде орындалатын қоршаған ортаны қорғау және орнықты пайдалану бойынша іс-әрекеттердің жағдайы мен мәртебесін түбегейлі өзгерту;

· тек елдер мен аймақтар үшін ғана емес, бүкіл әлемдік бірлестіктер үшін маңызды ортақ мақсаттарға жетуге жаңа деңгейде мемлекеттердің, халықаралық, қоғамдық ұйымдардың және жеке секторлардың күштерінің жұмылуы.

Мұндай тәсіл су мен қуатты тиімдірек пайдалану үшін, коррупциялық кеңдікке мейлінше қысқарта отырып, таза технологиялар мен инвестициялармен алмасу үшін аймақтық кооперация мен сауда-саттықтың өзара тиімді тетіктерін қолдануға мүмкіндік береді.

Автор:
Шабанова Людмила Владимировна
Джусупов Абзал Еслямбекович