Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

«Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» атты ІV Халықаралық студенттік форумының материалдар жинағы.

1405580315 Климат деген  терминді алғаш рет ғылымға б.з.д. ІІ ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Гиппарх енгізді. Грек тілінен қазақшаға аударсақ климат еңкіштік деген мағынаны білдіреді. Жер өз білігіне  66,5° еңкіш болғандықтан климаттық белдеулер түзіліп, жер бетіндегі табиғат жағдайлары қалыптасады. Климатты палеоклиматология ғылымы зерттейді.

 Хромовтың ұсынысы бойынша климаттың негізгі географиялық факторлары мынадай: географиялық ендік, теңіз деңгейіне биіктігі, жер бетіне бойынша құрлық пен мұхиттың таралуы, құрлық бетінің орографиясы, мұхиттық ағыстар, өсімдік, қар және мұз жамылғысы. Сонымен қатар адамның іс- әрекеті ерекше орын алады

Құжатты жүктеу

Болашақ – «жасыл» экономикада

225dd20e76b8f7f9b5ed2dcf5cb68f06_XL Бүгінгі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып тұрған «Жасыл экономикаға» көшу тақырыбын терең талқылаған пленарлық және секциялық жиындар басталмас бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Қоршаған ортаны қорғау министрі, сондай-ақ форумға қатысушы қонақтар «Алтай» ғылыми-технологиялық паркінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде қайта жаңғыртылған (күн, жел, гидроэнергетика) және баламалы қуат көздері (биогаз құрылғылары, атом энергетикасы) саласындағы тың инновациялық жобалар, энергияны тұтынуды төмендетуге бағытталған сызбалар мен технологиялар қойылған.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://old.abai.kz/node/39942

Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.

flag_7gf5d6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысы

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілсін.

Құжатты жүктеу

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат.

25f68294a060eaf88517c1f22941ec8a_L102 тармақ бойынша.

2011-2012 жылдарда Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Суды есебінің жедел бастапқы ақпараттар жүйесін құру және енгізудің техникалық-экономикалық негіздемесі» (бұдан әрі – СЕБАЖ) ТЭН әзірленді. Қазіргі уақытта осы ТЭН келісу сатысын өтуде.

Жобаның негізгі міндеті суды есептеу бойынша бастапқы дұрыстылығы мен жеделмәліметтерін алу. Осы мәселе су шығынын өлшеу, өндірістік учаскеге, соңынан филиалдар мен мәліметтерді өңдеу  орталықтарына шығын бойынша мәліметтерді тапсыру барысын автоматтандыру жолымен шешіледі. Бұл ретте жобамен Су ресурстары комитетінің қарамағындағы су ресурстарын басқару құрылымы ғана қаралған.

Құжатты жүктеу

«Жасыл экономика: ғаламдық даму тренді» онлайн-конференция.

1b0e33b3ac1c4a42807e25b657b26ff8_L Құрметті пайдаланушылар!
31 қаңтар күні сағат 15.00-де BNews.kz порталының студиясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі С.Б.Байзақовтың қатысуымен «Жасыл экономика: ғаламдық даму тренді» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Жүргізуші

– Қайырлы күн! BNews.kz эфирінде онлайн-конференция. Бүгін біз «жасыл» экономика тақырында әңгімелесетін боламыз. «Жасыл» экономикаға өту бойынша тұжырымдама және «ЭКСПО-2017»-ні өткізу Қазақстанға ұлттық экономиканы қайта құрылымдауға, әртараптандыруға, таза технологияларды енгізуге, табиғи капиталды сақтауға ерекше мүмкіндік беріп отыр.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://bnews.kz/kk/conferences/view/350/

Қазақстан жасыл экономика жолында.

BVa52m5VIlbe80g6V6rDDxG8uU7nO5 Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://yvision.kz/post/388808

«Жасыл» экономика – Қазақстанның тұрақты дамуының жаңа векторы.

791028.TIFЖасыл экономика – экономикалық ғылымда соңғы екі онжылдықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылым мен философияның басқа да идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б.

Құжатты жүктеу

ЭКСПО-2017 және Жасыл экономика.

00177857201bd33873cda1ec6e2671db_L«Жасыл» экономика деп экономикалық тиімділіктегі және ұзақ мерзімді негізде, оның ішінде кедейшілікпен күрес және халықтың таза энергияға, ауызсуға және тұрақты жер ресурстарына қолжетімділігіне, қоршаған орта мен өмірдің экологиялық сапасын жақсартуға арналған экономиканың саласы мен институционалдық механизмдерін айтады.

Құжатты жүктеу

Жасыл экономиканың жапондық улгісі.

Voltaic-Solar-Outdoor-Lighting-537x358Күншығыс елінің экономикасы 1960 жылдан бері бірнеше рет дағдарысқа ұшыраса да, өсу қарқыны тоқтаған емес. 1992 жылы Экономикалық талдау орталығы жасаған «Мемлекеттің 5 жылдық жоспарында» былай делінген: «Бүгінге дейін өндіріске, өнімділікті арттыруға баса мән берілсе, енді бұдан былай әр тұрғынның жеке қажеттіліктері маңызды болмақ. Мемлекет экономикасын көтеру мәселесі ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен үйлесімділікті ойлауымыз керек».

Құжатты жүктеу

Болашақ тұғыры – озық технология.

9a630833940edf84658d8a0dad42e04eЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «G-Global-ЭКСПО-2017» халықаралық жобасы аясында нанотехнология, роботты техника, мұнай-газ кен орындарын зерттеу, гидродинамика, гендік инженерия, обыр ауруын туғызатын клеткалар биологиясы, ДНК репарациясы мен мутагенез салалары, азық-түлік қауіпсіздігі және генетикалық ізденістер саласында әлемдік деңгейдегі сұраныстарға сай зерттеу­лер жүргізіліп, нәтижесін «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесінде мақтанышпен көрсете алатындай нұсқалар алуына тілектестік білдірді. Ол үшін қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін жас ғалымдармен толықтыруға, ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыруға бағытталған стратегиялық және тактикалық бағыттар айқындалды.

Құжатты жүктеу