Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Адамзаттың ертеңі – «жасыл» энергия.

7f35edc6ce13177bc02457e4a534e067_L Адамзат алдында тұрған бүгінгі таң­дағы ең басты міндет ауаға таралатын көмірқышқыл газын (СО2) азайту болып отыр. Дүние жүзіндегі ауаға таралатын көмірқышқыл газының 30 па­йызын көмірмен жұмыс істейтін электр стансалары шығарады. Ал электр энергиясына деген сұранысы күннен-күнге артып келе жатқан Қытайда электр қуатының 62 пайызы көмірмен жағы­ла­тын электр стансаларынан алынады. Егер Қытай шұғыл түрде ауаны ластайтын СО2 көлемін шектемейтін болса, 2030 жылға таман дүние жүзі бойынша шығарылатын көмірқышқыл газының 40 пайызы осы елдің үлесіне тиеді екен.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: https://i-news.kz/news/2012/12/07/6769287-adamzat_erteni_zhasyl_energiya.html

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаевтың су және биологиялық ресурстарының дамуына арналған баяндамасы.

green-economy-300x160 Су ресурстары саласында

Республика меншігіндегі су шаруашылығы объектілері мен құрылыстарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 38 гидротехникалық құрылысты салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Аса апатты 10 су шаруашылығы объектісі күрделі жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде 20 су шаруашылығы объектісі пайдалануға берілді, қалған 28 объектінің пайдалануға берілу уақыты келесі жылдарға ауысатындықтан оларды алдағы жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://mgov.kz/kz/doklad-vitse-ministra-selskogo-hozyajstva-rk-e-nysanbaeva-po-razvitiyu-vodnyh-i-biologicheskih-resursov/

Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы.

no-photo-img Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000943

«Үлкен жетілік» (G7) елдері басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі барысында қабылданған декларация.

9125164Климаттың өзгеруі жөніндегі декларация

КӨҮСТ – тің (Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы) Бесінші бағалау баяндамасында атап көрсетілгендей, климаттың өзгеруі мәселесін шешу үшін жедел және нақты шаралар қолдану қажет. Біз өзіміздің биылғы жылдың желтоқсанында Парижде өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда (ТК 21) хаттама, тағы бір заңды құжат неБҰҰ – ың Климаттың өзгеруі жөніндегі нобайлы конвенциясына (БҰҰ КӨНК) сай барлық тараптарға қолдануға келетін –мақсатты, мәні айқын, инклюзивті құжат болып табылатын әрі өзгеріп отыратын ұлттық жағдайларды бейнелейтін– заңды күші бар келісілген қорытынды құжатты қабылдауға белімізді бекем буып отырғанымызды растаймыз.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=2507&browser=mobile

Қазақстандағы экологиялық зерттеулер.

f015d6fa735ed2ba9e5b865ddac9c0a9Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.

Құжатты жүктеу

Дереккөз:http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/244-ekologia/3014-ekologia-zerttey.html

Маңғыстау. Энергетика.

9a6ada472a9eeb685ced3a0827659679_LОблыстың бүкіл өнеркәсіп кешенін, әлеуметтік салаларды, тұрғын үйлерді дербес энергиямен жабдықтау және қамтамасыз етуде аймақтағы энергия өндіретін жалғыз кәсіпорын «МАЭК Қазатомпром» ЖШС қамтамасыз етеді. 1968 ж. құрылған бұл Маңғыстау атом энергокомбинатына 2000 ж. пайдаланудан шығарылған шапшаң нейтронды БН-350 атом реакторы, теңіз суынан дистиллят өндіретін зауыт (ДӨЗ), ЖЭО, ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЦУВС-1, 2, 3 сияқты маңызды нысандар кіреді. Сонымен бірге «МАЭК Қазатомпром» құрылымына кәсіпорынның негізгі технология өндірісін қамтамасыз ететін 11 өндірістік телімдер мен қосалқы цехтар енеді.

Құжатты жүктеу

Дереккөз:https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83._%D0%AD%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0

Төмен көміртекті дамуға көшу – уақыт талабы.

1307214503_pochva-6Төмен көміртекті даму  – ауаға шығарылатын зиянды шыға­рын­­дыларды мейлінше азайтып, жасыл дамуға көшу, қоршаған орта тұтастығын сақтай отырып алға даму.  Орталық Азиядағы парниктік газдарды шығаратын елдердің бірі болып табылатын Қазақстан үшін төмен көміртекті экономикаға көшу тұрақты дамуда, дүниежүзілік қоғамдастыққа бірігуде қажетті қадам болып отыр.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://egemen.kz/old/2010/?p=17060

Энергетиканың болашағы қалай болмақ?

ac604c2d410458eae09011f706e5f15b_LНегізгі энергия көзінің бірі көмір екені белгілі. Дүниежүзілік энергия айналымында көмірдің үлесі өседі деп күтілуде. Бүгінде Германия көмір электрстанцияларын іске қосуға дайындалуда. Көмір өндірісіне қатысты таза технологиялар іске қосылғанда көмірдің әлем бойынша өндірістік үлесі артады екен. Әзірше көмірдің зиянды әсерін төмендететін технологиялар жасыл технологияларды пайдаланып жатқан бірнеше мемлекетте ғана енгізілген. 2011 жылдың наурызында Жапониядағы «Фукушима Даиичи» апатынан кейін атом генерациясынан бас тарту жөнінде көп айтыла бастады. Алайда мамандар атом энергетикасы өндірісі тұрақты болып қалатынын айтуда.

Құжатты жүктеу

Күн энергетикасы. Күн батареялары.

   9fb5008bdc48987ae39164f706c72505Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы –  күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады.

Құжатты жүктеу