Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Гидробиологиялық зертхана

science-research-3 Зертхананың қызметкерлерінің қатынасуымен Қазақстандағы мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша ірі мұнай компанияларымен атап айтсақ,  Аджип ҚКО, Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В., Кұрманғазы Петролеум, Қазтрансойл  және басқа да компаниялармен келісімшарт негізінде « Каспий теңізі қайраңы мен оның жағалау аймағындағы мемлекеттік экологиялық мониторинг», «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстардың ахуалын бағалау бойынша теңіздегі кешенді зерттеулер жүргізу» сияқты жұмыстар орындалды.

Құжатты жүктеу

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іске асыру есебі

01c1abddaacf «Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастрлары» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және техникалық қолдау нәтижесінде келесі мәселелер шешілді:

– 2011 жылға балық қорлар кадастры 2881 объект бойынша, жануарлар әлемі кадастры 668 объект бойынша, ЕҚТР кадастры 312 объект бойынша, орман қоры 198 объект бойынша мәліметтер енгізілді.

– бар картографиялық мәліметтерді өзектендіру мақсатында картографиялық блоктың жаңартылуы жүргізілді. Облыстар мен бассейндік инспекциялар аясында аумақтық органдармен ұсынылған карталар бойынша 1600 астам кадастрлы объектілер сандалды.

Құжатты жүктеу

Әлеуеті зор, өнімі аз «жасыл» энергия

ненененен Қолдан жасалған желден қуат өндіретін диірмен. Балқаш.

Қазақстанда электр қуатының бір пайызға да жетпейтін көлемі табиғи қуат көздерінен өндіріледі. Ал дамыған елдерде әр бесінші киловатт-сағатты жасыл энергетика береді.

Қазақстанда «жасыл» энергетика саласы кенжелеп қалғанымен, ел билігі Астанада өтетін «Экспо – 2017» халықаралық көрмесін «Болашақ энергиясы» деп атады. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, көрме әлем жұртшылығын қайта қалпына келетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыруды көздейді.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_renewable_energy_potential/25206499.html

Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау

9c8ba94c0e031c3ea2944366dea80d0f_L ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б- осының бәрі жеке елдің емес,бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, “кіші” проблемаларды оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.

Құжатты жүктеу

Табиғат ресурстары

9c8ba94c0e031c3ea2944366dea80d0f_L «Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек  кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.

Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.

12-publ

Қоршаған ортаны қорғау

62d370f2d4c57dbbacd2acd3c9a72435_L Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан – 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Құжатты жүктеу

Су қоры – халық байлығы

images Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% – ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% – ын, ал оттегінің 50% – дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

Құжатты жүктеу

Қоршаған орта. Экология

w-630x420 Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: www.temakosan.net

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы

111kazah-ekomonitor Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін – қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: www.temakosan.net