Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаевтың су және биологиялық ресурстарының дамуына арналған баяндамасы.

green-economy-300x160 Су ресурстары саласында

Республика меншігіндегі су шаруашылығы объектілері мен құрылыстарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 38 гидротехникалық құрылысты салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Аса апатты 10 су шаруашылығы объектісі күрделі жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде 20 су шаруашылығы объектісі пайдалануға берілді, қалған 28 объектінің пайдалануға берілу уақыты келесі жылдарға ауысатындықтан оларды алдағы жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://mgov.kz/kz/doklad-vitse-ministra-selskogo-hozyajstva-rk-e-nysanbaeva-po-razvitiyu-vodnyh-i-biologicheskih-resursov/

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингісіндегі баяндамасы.

смит Қазіргі әлемде қалыптасып отырған экономикалық жағдайда агробизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар туралы айтуға рұқсат етіңіздер.
Мұндай күрделі кезеңдерде қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты (ауыл шаруашылығымен айналысатын халық саны жалпы экономика саласында жұмыс істейтіндердің 25%-ын құрайды ) және агроөнеркәсіптік кешенмен аралас салаларды дамыту үшін оң синергетикалық әсерді қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешенді дер кезінде қолдау аса өзекті болып табылады.
Өздеріңізге белгілі, 2013 жылдан бастап «Агробизнес 2020» бағдарламасы іске асырылып келеді, онда аграрлық саланы қолдаудың қаржылай және қаржылай емес тетіктерінің тұтастай кешені қамтылған.
Құжатты жүктеу

Дереккөз:

http://mgov.kz/kz/tezisy-vystupleniya-ministra-selskogo-hozyajstva-rk-na-brifinge-stsk-pri-prezidente-rk/

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын бекіту туралы.

1436777983_ekologiyaҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанын кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://kze.docdat.com/docs/1929/index-7308.html

«Жасыл экономика: ғаламдық даму тренді» онлайн-конференция.

1b0e33b3ac1c4a42807e25b657b26ff8_L Құрметті пайдаланушылар!
31 қаңтар күні сағат 15.00-де BNews.kz порталының студиясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі С.Б.Байзақовтың қатысуымен «Жасыл экономика: ғаламдық даму тренді» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Жүргізуші

– Қайырлы күн! BNews.kz эфирінде онлайн-конференция. Бүгін біз «жасыл» экономика тақырында әңгімелесетін боламыз. «Жасыл» экономикаға өту бойынша тұжырымдама және «ЭКСПО-2017»-ні өткізу Қазақстанға ұлттық экономиканы қайта құрылымдауға, әртараптандыруға, таза технологияларды енгізуге, табиғи капиталды сақтауға ерекше мүмкіндік беріп отыр.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://bnews.kz/kk/conferences/view/350/

Қазақстан жасыл экономика жолында.

BVa52m5VIlbe80g6V6rDDxG8uU7nO5 Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://yvision.kz/post/388808

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бұрынғыдан өзгерек болуы тиіс.

01c1abddaacf Елімізде 8 мыңнан 100 мыңға дейін халқы бар 70-ке жуық шағын қала бар екен. Оның барлығы кеңестік кезеңде бой көтергендіктен, бір салаға негізделген. Ал 90-жылдардың басындағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде өндіріс ошақтары толықтай тоқтап, ғимараттары жекеменшікке өтіп, жаппай талан-таражға түсті. Бүгінде ауылшаруашылық саласын кәсіп еткен немесе теміржол бойына салынған шағын қалалардан басқасының жағдайы мәз емес. Оған нақты дәлел – жұмыссыздық салдарынан күшейген ішкі миграция толқыны. Бір салаға негізделген шағын қалаларды дамытудың уақыты пісіп-жетілгенін Жаңаөзендегі жағдай көрсетіп берді. Бұны Елбасы өзі: «Жаңа­өзен­дегі жағдай бір салалы шағын қала­лар­дың әлеуметтік қатерге жақын екенін көр­сетті», – деп ашық айтқан еді.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://thenews.kz/2012/02/21/1035300.html

Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы.

no-photo-img Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000943

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарынан.

b9aebb302ceac01f18640605a4a1f885_LМиссия. Қоршаған ортаны сақтау, қалыпына келтіру және жақсарту Қазақстан Республикасының қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі жағдайларды жасау.

Пайымдау. Қолайлы қоршаған орта, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және экономика, адамның өмірі мен денсаулығы үшін экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://www.primeminister.kz/page/article_item-104?lang=kz

Қазақстан Республикасының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы.

550bcf017cc03_crop

 Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты салаларды, кәсiпорындарды және халықты дағдарыстан кейін қолдауға бағытталған шаралардан, «Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы атты Қазақстан халқына Жолдауында анықталған стратегиял ық сипаттағы ауысады Қазақстанның негізгі мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге, қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиісті.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://economy.gov.kz/kz/economy/9370/49892/

«Үлкен жетілік» (G7) елдері басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі барысында қабылданған декларация.

9125164Климаттың өзгеруі жөніндегі декларация

КӨҮСТ – тің (Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы) Бесінші бағалау баяндамасында атап көрсетілгендей, климаттың өзгеруі мәселесін шешу үшін жедел және нақты шаралар қолдану қажет. Біз өзіміздің биылғы жылдың желтоқсанында Парижде өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда (ТК 21) хаттама, тағы бір заңды құжат неБҰҰ – ың Климаттың өзгеруі жөніндегі нобайлы конвенциясына (БҰҰ КӨНК) сай барлық тараптарға қолдануға келетін –мақсатты, мәні айқын, инклюзивті құжат болып табылатын әрі өзгеріп отыратын ұлттық жағдайларды бейнелейтін– заңды күші бар келісілген қорытынды құжатты қабылдауға белімізді бекем буып отырғанымызды растаймыз.

Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=2507&browser=mobile