Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев EХPO қалашығының құрылысын бастап берді

www.ktk.kz/ Астанада тарихи құрылыс басталды. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, халықаралық Экспо көрмесі өтетін кешеннің құрылысын бастап берді. Осы сәттен бастап мыңдаған жұмысшы мен жүздеген техника нысандарды салуға шұғыл кірісуі тиіс. Ал құрылыс аяқталғанда Экспо қалашығы Елорданың жаңа орталығына айналмақ. -Әзірше, бұл маң қу дала. Аңызақ жел соғып тұр. Бірақ 3 жылдың ішінде бұл жерден […]

Оқу

ҚОЗҒАЛЫСҚА 20-30 МЫҢ СТУДЕНТ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов «Жасыл ел» бағдарламасына қатысты өз ойын білдірді. – Олардың жалақыларын жұмыс берушiлер анықтайды. Алайда бюджеттен әрбiр қатысушыға 17 600 теңге көлемiнде қаржы бөлiнедi. Олар мемлекеттiк бюджеттен бөлiнген қаражатты ала алады. Келесi жылы да жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн қаражатты көбейту көзделуде, – деді министр Аслан […]

Оқу

«Жасыл экономикаға» көшу үшін 20-ға жуық заң қайта қаралады

Көмір, мұнай, газдың орнына жел, күн мен су. Елімізде баламалы қуат көзіне  көшудің  кешенді жоспары жасалып жатыр. «Жасыл экономиканың» мақсаты:  дәстүрлі қуат көздеріне иек артуды азайтып, қоршаған ортаға арқа сүйеу. Бүгін Мәжілістегі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері аталған жайды күн тәртібіне қойды. Қазақстанда өткен жылы Ел Президентінің Жарлығымен «Жасыл экономикаға» көшу туралы Тұжырымда […]

Оқу

«КӨЛСАЙ» ДЕСЕ – «КӨЛСАЙ»

Әміржан МАЛЫБЕКОВ, «Көлсай көлдері» МҰТП РММ директоры Үстіміздегі жылғы 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясын жолдады. Президент Жолдауы – Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын анықтайтын стратегиялық бағыт болып табылатындықтан, бұл Жолдауда Елбасы еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуіне қатысты Қазақстан тарихына […]

Оқу

Алматы экологиясын оңалтудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

Сәдібек ТҮГЕЛ, эколог: – Алматы экологиясының осындай күйге жетуіне жергілік атқарушы билік өкілдері кінәлі. Қалаға басшы болып келгендердің бірі де экологияны ескермеді. Қайта оның ушығына ықпал етті. Бір кездері апорт алмасымен аты аңызға айналған қаланың айналасындағы бақтардан бүгін түк қалған жоқ. Енді оны қалпына келтіру қиын. Әр келген басшы көлік мәселесін шешеміз деп бастама көтереді […]

Оқу

Эко-аталымын жеңіп алды

Рудныйлық жастардың “Мусора. Больше. Нет” атты жобасы Х республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесінде “Беймәлім Қазақстан” эко-аталымын жеңіп алды. Тұңғыш Президент қорының қолдауымен ұйымдастырылған “Менің елім – менің жеке жауапкершілігім” байқауына биыл 200-ден астам жұмыс келіп түскен. Жәрмеңкеге еліміздің барлық өңірінен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар қатысты. Аталмыш жобаны жастар ресурстық орталығының жетекшілері Максим Фролов […]

Оқу

Жасыл бақ – таза қала

Қазалы қаласы М.Горький атындағы №16 орта мектебінде Республикалық «Жасыл бақ – таза қала» табиғатты қорғау акциясы аясында «Жасыл жапырақ – Зеленый лист » атты жасыл желектерді отырғызу шарасы өткізілді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналар мен оқушыларға аудан көлеміндегі 15 наурыз-15 мамыр аралығында көркейту-көгалдандыру жұмыстары өткізіліп жатырғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мектепте жасыл желектерді отырғызу […]

Оқу

ЖАСТАР АКЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

11 сәуір күні Астанада қаланың тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғауға арналған «Ескерткіштер – ел тарихы» атты жастар акциясы басталады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат басқармасы хабарлады. Акцияның мақсаты – қаланың тарихижәнемәдени ескерткіштерін қорғау, сондай-ақ жастарды патриотизм рухына, халықтың тарихы мен мәдениетіне деген сыйластыққа тәрбиелеу. Хабарланғандай, Астананы санитарлық тазарлау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша экологиялық бір айлық  […]

Оқу

Экологиялық зиянсыз техникалар

Жақында елордада «Астана Тазарту» ЖШС-нің газбен және дизель отынымен жүретін соңғы үлгідегі құралдарымен жабдықталған жаңа мамандандырылған техникаларының тұсаукесері болып өтті. Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Астана Тазарту» ЖШС-нің тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс шығаратын 9 техникасы аталмыш жүйемен жабдықталды. Жабдық толықтай сынақтан өтті. Мамандардың айтуынша, газды отын жүйесін енгізудің басты артықшылығы – қоршаған ортаға жіберілетін улы […]

Оқу

АҚШ-тың Қазақстаннан үйренері көп

Осыдан 25 жыл бұрын елімізде қазақ жеріндегі ядролық сынақтардың зардаптарын жоюды мақсат еткен «Невада-Семей» қозғалысы құрылған болатын. Қырық жыл бойы ядролық жарылыстардан көз ашпай келген қазақ жеріндегі сынақтардың бір күнде тоқтатылуы шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болғаны аян. Қазақстан ядролық жарылысты тоқтату бойынша әлем елдері арасынан алғашқы болып батыл қадам жасады. «Семей ядролық сынақ алаңын […]

Оқу

ОЙБАЙ «ОЗОННАН» БАСТАЛАДЫ

Қазақстанға қарсы Батыс экономикалық санкциялар енгізуі мүмкін. Бұл туралы кеше Парламентте Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ескертті. Сондықтан еліміз тоңазытқыштар мен ауабаптауыштарға қатысты халықаралық құжатты ратификациялауға ұйғарыпты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кешегі жалпы отырыстарында сенаторлар «Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда, Бейжіңде қабылданған Түзетуді» бекітті. Сөйтсе, […]

Оқу

Астана маңындағы «жасыл белдеу» жоғары экономикалық тиімділігін көрсетуде

Астана маңындағы «жасыл белдеу» жоғары экономикалық тиімділігін көрсетуде – БҰҰ ДБ сарапшысы: Астана – экожүйелік тиімділіктің тамаша үлгісі болып табылады, деп атап өтті БҰҰ даму бағдарламасының сарапшысы, М.Ломоносов атындағы ММУ профессоры Сергей Бобылев. «Менің ойымша, Астана – экожүйелік қызмет пен тиімділіктің тамаша үлгісі. Қала маңында ағаштардан «жасыл белдеу» құру экожүйелік қызметтердің екіншілік және үшіншілік тиімділігінің […]

Оқу

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаровтың Финляндияға қызметтік іссапары жөнінде

2014 жылдың 27 наурызында Хельсинкиде Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қазақстандық-финляндиялық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысына қатысты.  Басқосуда екі елдің арасында бұдан бұрын қабылданған келісімдердің орындалу барысы, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, байланыс және коммуникациялар, энергетика және оның тиімділігі, ауыл шаруашылығы мен табиғи […]

Оқу

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың Норвегияға қызметтік іссапары жөнінде

2014 жылдың 26 наурызда Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қызметтік іссапармен Норвегия Корольдігіне барды. Ослоға сапары барысында Нұрлан Қаппаров Норвегияның ресми және іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізді. Қоршаған орта мен климат министрі Тине Сундтофтпен кездесу барысында екі елдің орнықты энергетика, таза технологиялар мен инновациялар, табиғи ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастығын нығайту […]

Оқу

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Қазақстанда ЖЭК нарығының жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырмалар берді

Primeminister.kz Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов елімізде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қолдау жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес жұмысына бірқатар мүдделі орталық атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ЖЭК-ті қолдау және Қазақстанда аталған рынокты қалыптастырудың жүйелі шараларын ұсынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша […]

Оқу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*