Дереккөз: www.greenkaz.org

Жуырда “Жасыл экономика” жобасы аясында Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Бөген ауылындағы мектепке қойылған су тазартқыш құрылғымен (Сеператор емес бірақ соған ұқсас) танысу мақсатында барған едік.

Түсінікті болу үшін “әңгімені” арыдан бастайын. 2015 жылы Арал қаласында орналасқан “Өрлеу-Консалтинг” жастар қоғамдық бірлестігі “Арал ауданы елдімекендегі оқыушылардың таза және сапалы ауыз сумен қамтамыз ету” бойынша жоба дайындап, экологиялық аймақтарға бөлінетін Еуроодақтың жоба құны 40 мың доллар құрайтын арнайы грантын жеңіп алып, 8 ауылдық мектепке су тазартатын құрылғы орнатқан.

Жобаның негізгі мақсаты - Арал ауданында орналасқан 8 елді мекендегі мектептердің оқушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Су тазартатын құрылғы Германияда жасалған. Ол сағатына молекуларлық деңгейде 200 литр суды тазалауға қауқарлы. Яғни, бұл қондырғы қарапайым су тазалағыш секілді тек судың құрамындағы құм, тас, әк секілді xимиялық заттардан тазартып қана қоймай, судың құрамындағы барлық зиянды металдарға дейін тазартады.

“Өрлеу-Консалтинг” жастар қоғамық бірлестігінің төрағасы - Тастан Жұпан. Осы Арал ауданының тумасы. “Осы өңірдің тумасы болған соң аймақтың жағдайын жақсы білемін. Аралдағы ең өзекті мәселелердің бірі - ауыз су мәселесі еді. Қазірше 8 ауылдағы мектепке таза су орнатып, ауыл балаларын таза сумен қамтамасыз еткеніме қуаныштымын”, дейді Тастан Жұпан мырза.

Айта кетейік, бұндай құрылғылар Қызылорда облысынан бөлек, Қазақстанның бірқатар облыстарындағы ауылдарға да қойылған. Біз тек Арал ауданындағы 8 мектепке қойылған су тазалағыш құрылғымен танысып қайттық.