Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
24.kz
Жер шарындағы қалалар үлесі 3 пайыз болғанымен ауаға таралатын парниктік газдардың 60-70 пайызы осы шаһарларға тиесілі екен.
Бүгінгі таңда өзекті болып отырған бұл мәселені шешу жолында әлем қалалары бар мүмкіндіктерді пайдалануда. Олар жасыл алқаптарды көбейту, технологияны үнемдейтін ресурстар мен қалдықтарды қайта өңдеу шаралары. Сондай-ақ «жасыл» құрылысты дамыту да соңғы уақытта қарқын алып келеді.
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
strategy2050.kz
Ақорданың ресми сайты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының Парижде өткен 21-сессиясының қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесін жариялады.
Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын құптайды. БҰҰ-ға мүше 196 мемлекеттің делегаттары ауқымды жұмыс атқарды және қазіргі заманғы қауіптер мен сын-қатерлер алдындағы бірлігін тағы да көрсетті. Біз БҰҰ-ның осы көпжылдық күрделі келіссөздер үдерісіне қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз.
Жаһандық климаттың өзгеруі мәселелерін шешу орнықты дамуды қамтамасыз етудің, кедейшілікті еңсерудің және әлемнің барлық елдерінің әлеуметтік-экономикалық игілікке қол жеткізуінің негізгі шарттары болып саналады.
Климат саласында жаңа әмбебап келісімнің қабылдануы қатысушы мемлекеттердің температураның көтерілуін индустриялық кезеңге дейінгі уақытпен салыстырғанда цельси бойынша 2 градусқа дейін шектеу арқылы қоршаған ортаның тозуына жол бермеуге деген әзірлігін айғақтайды.
Қазақстан ұлттық және өңірлік ауқымдағы экологиялық проблемалармен белсене күресіп жатқан ел ретінде осы тарихи оқиғаға айрықша мән береді.
Біз әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшесімен бұл салада өзара тығыз іс-қимылды дамытуды, сондай-ақ Париждегі Климаттық саммитте мақұлданған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді жақтаймыз.
Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға және Парниктік қалдықтарды азайту жөніндегі жаңа келісімді имплементациялау ісіне өз үлесін қосуға әзір. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Климат жөніндегі конференция мақсаттарымен тікелей үндесетін Мамандандырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу біздің елдің маңызды үлесі болып саналады.
Жаңа мыңжылдықта барша адамзат тағдырындағы аса ірі саммиттің бірін дайындауға және табысты өткізуге қосқан үлесі үшін Француз Республикасы Үкіметіне ризашылық білдіремін.
Шымкентте қазақстандық инженерлер құрастырған алғашқы электрмотоцикл таныстырылды. Оның сатылымға шығатын бағасы 10 мың доллар болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне KARLSKRONA LC AB инжинирингтік компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметов айтып берді.
Ахметовтің айтуынша, қазір e-Moto электрімен қуатталатын қазақстандық мотоциклдің тұжырымдамалық үлгісі жасалған. Компания оны өндіріске келер жылы шығаруды жоспарлап отыр. Бұл мотоциклдер Шымкентте шығарылады.
“Жүзеге асқан жағдайда оның құны шамамен 10 мың доллар болады, яғни 3-3,5 миллион теңге. Қуаттауға келсек, ол қарапайым 220 вольт қуат көзімен қуаттауға болады. Қуаттау үшін арнайы орын іздеп қажет емес”, - деді компанияның бас директоры. Оның айтуынша, толық қуаттауға 2-2,5 сағат уақыт кетеді. Бұл 200 шақырымға жетеді.
Мотоциклдің үлгісін қазақстандық инженер-механиктер жасап шығарған. Оны құрастыруға шамамен жарты жыл уақыт кетіпті. Мотоциклде тек электр қозғалтқышы бар, оған жанармай немесе басқа да отын түрлерін құюға болмайды.
“Сіздер көрген үлгі - қаладағы қарапайым байк. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 114 шақырымға дейін жетеді. Әзірше бұл біз жұмыс істеп жатқан жалғыз-ақ үлгі”, - деді Ахметов. Ол басқа үлгілердің сұранысқа қарай шығарылатынын айтты.
“Барлығы сұранысқа байланысты, біз машина құрастырушылармыз. Алдымызға бір нақты мақсат қойсақ, оның орындалуы уақыт пен қаржыға келіп тіреледі. Яғни шешілмейтін мәселе жоқ. Ондай мәселелер философияда болады, бірақ машина құрастыруда болмайды”, - деді Ахметов.
Уәлихан Ахметов жобаның жетістіктерін айта келіп, барлығының мемлекет саясатына тәуелді екенін жеткізді. Оның айтуынша, егер баламалы энергия көзімен қуатталатын көлік салықтан босатылса, оның бағасы да тиімді болады. “Онда бәрі осыны пайдаланады, егер айтылған күйде қалса, онда осы қалпында қалады”, - деді компанияның бас директоры.
24.kz
«Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы оңтүстіктегі тауар өндірушілермен құны 10 миллиард теңге болатын келісімге қол қойды.
Енді Оңтүстік Қазақстан және Жамбылдағы өндіріс орны көрменің құрылысына қажетті керамикалық плитадан бастап, қышқа дейін жеткізіп береді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құрылыста қажеттінің бәрін отандық өндірушілерден алуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті. EXPO-ны тамашалауға шеттен келетін қонақтарға бірінші кезекте жол көрсететін еріктілерді жасақтауға ерекше мән беріліп отыр. Дегенмен бірінші кезекте құрылыс материалдарын өндіруші жергілікті кәсіпкерлерге сапаға ерекше назар аудару керектігі де айтылды.
Фарход Исматов, Кентау трансформатор зауытының маркетологы:
- Қазіргі кезде EXPO-2017 құрылыс компанияларымен жақсы қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз.Көрмеге біз 50 түрлі өнім апарамыз. Олар түрлі қуатты кернеулер мен құрғақ және қуаттылығы 20 мегаватт трансформатор.
Болатбек Бейісбеков, шебер:
- EXPO-ға қазақтың ұлттық бұйымдары, кілем мен алаша тоқу өнерін апарсақ дейміз. Зергерлік бұйымдар да бар. Оның ерекшелігі болуы керек. Алаша тоқу техникасында ертеде аттарын жазған. Бұл жерде елімізге келген қонақтардың аттарына дейін, қай жерде болғанын жазып бере аламыз.