Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысы қаралды

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2017 жылы 484,2 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті. Қаражат көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымды дамыту, жылумен-, сумен жабдықтау және су тарту, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту, ХҚҰ-мен жобаларды ортақ қаржыландыру секілді бағыттар бойынша жобаларды іске асыруға бөлінеді.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек автожол жобаларын іске асыру, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту жұмыстары, сондай-ақ, темір жол әрі әуе көліктерінде жүк және жолаушылар ағынын ұлғайту шаралары туралы баяндады.

Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды кеңінен жүзеге асыру тасымалдардың жылдамдығын ұлғайтуға, көлік шығындарын төмендетуге, транзиттік әлеуетті іске асыру мен сервисті жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, өнімділік пен іскерлік белсенділіктің артуына оң ықпал етеді.

Отырыста ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө. Шөкеев, ҚР қаржы вице-министрі Т. Савельева, «Бәйтерек» холдингі төрағасының орынбасары А. Арифханов, Жамбыл және Ақмола облыстарының әкімдері К. Көкірекбаев пен М. Мырзалин сөз сөйледі.

Мәселені қарау қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ҚР Қаржы министрлігімен және бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, бюджеттік қаражаттардың уақытылы орындалуы мен жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазақстанда қалалану үдерістеріне баса назар аударылады

Қазақстан таңдаған индустриалды-инновациялық даму жолы таяу келешекте қалалану үдерістерінің ширақ жүргізілуіне, қалаларға ауыл халқының белсенді түрде көшуі есебінен қалалардың халық санының жылдам өсуіне әкелетіні сөзсіз. Бұл табиғи үрдіспен қатар еңбек өнімділігі арттады, себебі қалаға көшкен ауыл халқы индустриалды сектор кәсіпорындарына жұмысқа орналасады, онда әдетте еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен салыстырғанда жоғары болып келеді. Осылайша, Ж. Күлекеевтің пікірінше, қалалану еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің әлемдік кеңістікте артуына ықпал ететін болады.

Қазақстанның көптеген қалалары кеңес жылдары индустрияландыру, пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, өңдеу нәтижесінде қалыптастырылды. 1920-1983 жылдар аралығында Қазақстанда қала саны 19-дан 82-ге дейін артты, бұл қала тұрғындарының күрт өсуіне әкелді. Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде елімізде қалаланудың төменгі қарқыны байқалды, әлі күнге ауыл халқының үлесі (43%) жоғарғы деңгейде сақталып отыр. Айта кету керек, 1993-2013 жылдар аралығында қала халқының саны қысқарды, ал кейбір жылдары халықтың қалалардан ауылдарға кері қайтуы да байқалған болатын.

Ж. Күлекеевтің айтуынша, бұл үрдіс елімізде тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап ашық экономикалық саясат жүргізілуіне байланысты болды. Нәтижесінде еліміздің көбінесе оңтүстік өңірлерінде орналасқан өңдеу өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бәсекеге төтеп бере алмай, өндіріс көлемін қысқартуға немесе өндірісті толықтай тоқтатуға мәжбүр болды. Осы жағдайлар салдарынан қалаларда жұмыстарынан айырылған адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық қатарына қосылып, жаппай ауылды жерлерге көше бастады.

Өзгерісті кезең 2013 жылы басталды, осы жылдан бастап Қазақстанда қала халқы санының тұрақты өсуі байқалды. Сарапшының пікірінше, бұл жағдайға оң әсер берген Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болды, өйткені өнеркәсіпте еңбек ететін халық саны аталған бағдарламаны іске асыру жылдары шамамен 150 мың адамға ұлғайды, ал ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар саны 900 мың адамға қысқарды.

ҚР Үкіметі 2030 жылға қарай қала халқының үлесін 70%-ға дейін жеткізуді (бүгінде 53%) жоспарлайды. Сарапшының айтуынша, бұған объективті алғышарттар бар.

Бүгінде елімізде Индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасы іске асырылуда. Оны іске асыру белгілі-бір оң өзгерістер әкелетінін анық. Мысалға, бірінші жылы бағдарламаны ИИДМБ құралдарымен іске асыру кезінде шамамен 34 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды, олардың көбісі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Жұмысшыларының саны көп екінші сектор – сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету.

Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайту және көрсетілетін қызметтің ашықтығы

2017 жылғы 21 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің алқа отырысында қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, эмиссия деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен ашықтығы және бақылау қызметі бойынша мәселелер қаралды.

Алқа отырысы барысында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (25%), Қызылорда облысы (23%), Қостанай облысы (7%), Маңғыстау облысы (5%), Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында (17%) шығарындылардың лимитін төмендету бойынша оң динамикасы атап өтілді, Астана қаласында бұл көрсеткіш 19%-ды, Алматы қаласы бойынша 8%-ды құрады.

Сондай-ақ, осы саладағы мемлекеттік қызметтерді, атап айтқанда, эмиссияларға рұқсаттар және экологиялық сараптама қорытындысын беру қызметтерін оңтайландыратын заң жобасы талқыланды.

Табиғат пайдаланушыларға қолайлы болу үшін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдерін 5-тен 2-ге және оларды көрсету мерзімін 4 есеге, яғни 180 жұмыс күнінен 45 жұмыс күніне дейін қысқарту жоспарлануда.

Біз бұнымен эмиссияларға рұқсаттар және экологиялық сараптама қорытындысын беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді бір қызметке біріктіруді қамтамасыз етеміз. Бұл бизнес жүргізуді барынша жеңілдетуге бағытталған принцип - «Doing Business» рейтингі көрсеткіштерінің индикаторына оң әсер береді.

Өткен жартыжылдықта қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі әр облыс үшін Қоршаған ортаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге бастамашылық танытты. Олар өңірлердегі ластаушы заттар эмиссияларының рұқсат етілетін көлемін анықтап, табиғат қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Елдің барлық өңірлерінде бұл бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілуде, тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының әкімдіктерімен бұл мақсаттарға қаражат бөлінген жоқ. Осы ғылыми зерттеулердің қорытындысымен алынған талдаулар еліміздің өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін пайдаланылатын болады.

ҚР Энергетика министрлігі ведомство жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі 2017 жылғы екінші жартыжылдыққа мемлекеттік экологиялық бақылаулардың ішінара тексерулер санының 2/3-ке қысқарғанын атап өтуге болады.

Алдағы уақытта қоршаған ортаға неғұрлым көп зиян келтіретін табиғат пайдаланушылар ғана тексеріліп, сапалы жұмыс істейтін, яғни экологияға зиян келтірмейтін табиғат пайдаланушылар тексерілмейтін болады, осылайша тексерулер азаяды.

Ірі табиғат пайдаланушылардың жобаларына экологиялық сараптама жүргізу Сараптау кеңестерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Олардың құрамына қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми институттар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Талқылау барысында халық пен жұртшылықтың пікірі ескерілетін қоғамдық тыңдаулар міндетті кезең болатын болады.

Алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігінің ведомство басшысы аумақтық бөлімшелер басшыларына олардың қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықпен кері байланыс механизмін дамытуға, мемлекеттік қызмет көрсетуге және экологиялық бақылауға қоғамды барынша тартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды төмендету жұмыстарын күшейту, табиғат пайдаланушылардың табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыруы ҚР Энергетика министрлігі ведомствосының басты ұстанымы болып табылады.

Өңірлердегі экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу, қоршаған орта саласындағы заң бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, сондай-ақ экологиялық заңнаманы жаңарту және жетілдіру жұмыстарын ұдайы жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Жалпы ҚР Энергетика министрлігі ведомствосының жұмысы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және экологиялық проблемаларды тиімді шешуге, экология саласындағы бақылау функцияларының ашықтығын және мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуды қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін болдырмауға бағытталатын болады.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

«Жасыл технологиялар» халықаралық орталығы 2018 жылдан бастап ЭКСПО павильондарының бірінде өз жұмысын бастайды

2017 жылғы 12-13 шілдеде Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінің аймағында орналасқан Конгресс орталықта бесінші «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» атты халықаралық форум өтті.

Форумға әлемнің 10 мемлекетінен 200-ден астам делегат қатысып, «жасыл экономика» саласындағы мәселелерді, «жасыл» технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу, бизнестің «жасыл» дамуы мен «жасыл» бизнестің қағидаттарын ұстану секілді сұрақтарды талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Форумды Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев құттықтау сөзбен ашты.

Министр «Жасыл экономика» еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз септігін тигізетін маңызды құралдардың бірі екендігін атап көрсетті. Мемлекеттік саясат саласындағы түрлендірудің жоғары екпіні келесі міндеттерді қамтитын «Қазақстан 2050» стратегиясы секілді бағдарламалық құжатта анықталған:

- электр энергетикасы саласында баламалы және жаңартылатын электр энергия үлесі 2030 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс;

- энергия тиімділігін арттыру саласында ЖІӨ электр сыйымдылығын 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету міндеті қойылған;

- су қорлары саласында 2020 жылға қарай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және 2040 жылға қарай ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау мәселелері тұр;

- ауыл шаруашылығы саласы ауыл шаруашылық алқаптарының өнімділігін 2020 жылға қарай 1,5 есе арттыру жолында қызмет етуі тиіс;

- қалдықтарды жою саласында қайта өңделген қалдықтардың үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға дейін жеткізу көзделген.

Сонымен қатар Форум шеңберінде төмен көміртекті технологиялар мен климат жөніндегі Париж келісімін жүзеге асыру және «жасыл» қаржыны жұмылдыру саясатының сұрақтары талқыланды.

Форум жұмысына өз салаларының беделді сарапшылары мен ғалымдар қатысты. Өзінің тұрақты дамуды қамтамасыз ететін практикалық әдістер бойынша диалогтарды әзірлеумен және белсенді позициясымен танымал 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг мырзаны атап өтуге болады. 2017 жылғы маусым айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесу барысында ғалым Қазақстанға энергияны тиімді үнемдеуге және жылдың суық мезгілінде жылуды сақтауға арнап қала салумен ерекшеленген канадалық Монреаль қаласының тәжірибесін қарастыруға кеңес берді.

Форум жұмысының бірінші күні Австриялық технологиялар институтымен және финдық KaukoInternational Group компаниясымен Өзара түсінушілік туралы меморандумдарына қол қойылды.

Қ. Бозымбаев Қазақстан үшін қол қойылған екі құжаттың маңыздылығын атап өтті.

«Неліктен бүгін осы екі ұйыммен Өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды? Өздеріңіз білетіндей, Финляндия Еуропада ғана емес, сондай-ақ әлем бойынша ең «жасыл» мемлекеттердің біріне жатады. Финляндияда қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 98%-ды құрайды. Қазақстанда өндірістік қалдық бойынша бұл деңгей 26%-ды құраса, тұрмыстық қалдық бойынша не бәрі 2-3%-ды құрайды. Сол себептен осыдан бірнеше апта бұрын елімізде Финляндия Президентінің іссапары барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан Финляндияның тәжірибесін жаппай пайдаланатындығы туралы өзара келісті. Біз финдік министрмен бірлесе отырып, әріптестіктің барлық бағыттары бойынша 6 жұмыс тобын құрдық. Біз бүгін құжаттарға қол қою бағыттардың бірі бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі деп санаймыз, бұған қоса еліміздің «жасыл» экономикасын дамыту үшін финдік технологиялар мен компанияларды тартуымыз қажет екендігін мәлімдейміз. Австриялық технология институты таныстыруды талап етпейді. Себебі аталған институт әлем бойынша «жасыл» экономиканы және энергетиканы дамыту саласындағы жетекші ұйымдардың біріне жатады. Біз мұндай тәжірибесі мол ұйымдардың әзірленімдерін өз елімізде пайдалана аламыз» - деді өз сөзінде Қанат Бозымбаев.

Бұған қоса Форум шеңберінде Қазақстандағы бірінші «жасыл» ауылға, яғни «Арнасай» жасыл технологиялар орталығына (Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылы) бару жоспарланған. «Жасыл» ауылда инноваторлар мен жастардың қатысуымен «жасыл» технологиялар көрмесі өтеді.

ҚР Энергетика министрінің сөздеріне сүйенсек, «Арнасай» «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының үздік жобасы ғана емес, еліміздегі «жасыл» білімді дәріптеуді негізгі міндеті деп ретінде қабылдаған алғашқы орталыққа жатады. «Жасыл» ауылда қазіргі сәтті 35 жоба жүзеге асырылуда.

Қ.Бозымбаевтың пікірінше «Жасыл көпір» бастамасын ары қарай дамытудың маңызды қадамына 2018 жылдан бастап «ЭКСПО» павильондары бірінің базасында «Жасыл технологиялар» Халықаралық орталығын құруды жатқызуға болады. Қазақстан Президентінің бұл бастамасы ЭКСПО көрмесінің тұсау кесерінде өткізілген министрлік конференцияда БҰҰ, Еуропалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Өндірістік даму ұйымы тарапынан қолдау тапты.

Бүгінгі таңда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы 15 мемлекетті және 16 үкіметтік емес ұйымдарды біріктірді.

ҚР ЭМ баспасөз қызметі

Жасыл экономика - болашақтың экономикасы!

Қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз.

«Жасыл» экономика дегеніміз не?

Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы

«Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;

4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері:

Экономиканың ресурстық секторларында активтерді жаңарту циклі біршама уақыт алады, ал экономикасы табиғи пайдалы қазбаларды өндіруге бағдарланған елдерде таза экономикаға көшуге ондаған жылдар жұмсалады.

Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да одан тыс қалмайды.Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады:

2013-2020 – осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады;

2020-2030 – қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады;

2030-2050 – ұлттық экономиканың табиғи ресурстарды олардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі.

«Жасыл экономикаға» көшуді іске асыру мәселелері «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелетін болады.

Секторлар бойынша Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асырудың құралдары, кейіннен түзетіліп, ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің бүлінуіне қарсы күрес және топырақтың құнарлылығын көтеру, балық шаруашылығын, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын молықтыру сияқты мәселелерге жаңадан назар аударылатын «Агробизнес – 2020» Қазақстан Республикасында агорөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы мен басқа да салалық бағдарламалар сияқты, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілетін, қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады.

Сонымен қатар Су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жасыл экономика және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Табиғи капитал теориясы мынаны болжайды, яғни табиғи жүйелер қызметінің жоғалуы негізгі өнеркәсіптік капиталдың өсімінен әрқашанда өтеліп отырады. Алайда, табиғи капиталды өндірістік капиталмен үздіксіз алмастыруға болмайды, олай болса, табиғи капиталды капиталдың басқа түрімен технологиялық алмастырудың әрқашанда шегі болады. «Табиғи ресурстар» түсінігі экономикалық теорияда аз зерттелген деп саналады. Соңғы уақытқа дейін жалпы экономикалық ғылымда, тіпті жаңа пайда болған «экологиялық экономика» теориясында да «табиғи ресурстардың» негізгі жүйе құраушы белгілері толық анықталмаған, сонымен қатар, табиғи құбылыстарды «ресурстар» және «ресурс еместер» деп бөлудің критерийлері, «табиғи құбылыстардың» (табиғи объектілердің) «экономикалық құбылыстарға» (экономикалық объектілерге) өту үдерісінің сипаты, осы үдерістердегі ғылыми зерттеулердің рөлі, жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи құбылыстар» мен «табиғи ресурстар» және жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи капитал» арасындағы айырмашылықтарды көрсетудің критерийлері толық анықталмаған. Осыған байланысты, өндірістік материалдық ресурстардың құнын анықтау үшін қолданылатын әдістемелер бойынша «табиғи ресурстардың» құнын анықтауға талпыныстар жасағанда үлкен қиыншылықтар туындайды.

«Табиғи» капиталдың негізгі үш қызметін бөліп көрсетуге болады:

1. Ресурстық қызметі – тауарлар мен қызметтердің өндірісін табиғи ресурстармен қамтамасыз ету;

2. Экожүйелік/экологиялық қызметі – табиғаттың әртүрлі сипаттағы реттеушілік қызметін атқаруы: зиянды қалдықтарды ассимиляциялау, климатты және су жүйесін, озон қабатын реттеу және т.б.

3. Эстетикалық, этикалық, адамгершіліктік, мәдени, тарихи аспектілерімен байланысты табиғат қызметтері. Бұлар бір сөзбен айтқанда, «рухани» экологиялық қызметтер деп аталады.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта, әлемдік қауымдастық жоғарыда аталған дағдарыстардың, әсіресе, экономикалық, экологиялық және азық-түліктік дағдарыстарды еңсерумен байланысты аса өткір мәселелерді шешуге бел буа кірісті. Бұған дер кезінде мемлекет басшысы да өркениеттің бірігуі мен әріптестік танытуы жолымен жаһандық дағдарысты еңсерудің жаңа бағыттарын атап көрсеткен болатын. Оның бір тетігі ретінде Астана қаласының «Жасыл көпір» бастамасын атауға болады.

мақаланы жүктеу

ЭКСПО-2017 Болашақты жобалаудың жаһандық бастамаларын ықпалдастыру алаңы

Жасыл экономика – экономикалық ғылымда соңғы екі онжылдықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылым мен философияның басқа да идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б. Алайда қазірге дейін жасыл экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:

  • UNEP анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар ;
  • БҰҰ анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;
  • ЖЭ – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика [2].

Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.

«Жасыл» экономиканың принциптері мен аксиомалары. «Жасыл» экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:

- шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

- шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағат тандыру мүмкін емес;

- жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты [3].

Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:

құжатты жүктеу

Алматы қаласы өзендерінің ластануын бақылау

«Жасыл» экономикаға көшудің негізгі принциптерінің бірі: білім, ғылым және өндірісті ұштастастыра білу болса, сол білімсіздіктен туындап жатқан өндіріс қызметі экологиялық мәселелерге алып келіп отыр. Ал Экологиялық мәселелердің арасында су ресурстарының ластануы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі таңдағы барша әлемді алаңдатып отырған су мәселесі, оның ішінде табиғи сулардың ластануы көптеген шаруашылық қызметке әсер етіп қана қоймай, халық денсаулығының кепілі болып табылатын ауыз су сапасына да кері зардаптарын тигізеді.

Бұл мақаланың мақсаты тіршіліктің көзі болған судың сапасын өзіміз күнделікті тұрып жатқан қала жағдайында бақылау. Себебі сулардың ластануы оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі болып табылады.

Материалдар мен әдістер

Зерттеу объектісі ретінде бәрімізге ортақ қара шаңырағымыз Алматы қаласының өзендерінің үлгілері келесі учаскелерден алынды: т. № 1 –Тимирязев көш. Есентей өзені; т. № 2 – Абай даңғ. Есентай өзені; т. № 3 - Райымбек даңғылы (Коперник көшесінің қиылысы); т. № 4 – Райымбек даңғылы (Коперник көш. қиылысы); т. № 5 – Айша Бибі көш. Көл (Рысқұлов көш. қиылысы). Су үлгілері су мониторингін жүргізуге арналған жалпы белгіленген әдістеме бойынша алынды. Судың рН көрсеткішін арнайы pHметр–150M приборы арқылы анықтадық. Су құрамындағы нитриттарды анықтау үшін экспресс әдісін қолдандық. Бірнеше көрсеткіштерді Hach IZV335 спектрофотометр құралын қолдану арқылы анықтадық.

Нәтижелері

Зерттеу жұмыстары бойынша судың көрсеткіштері ретінде рН көрсеткіші, судағы еріген оттегі, оттегінің биохимиялық қажеттілігі, оттегінің химиялық қажеттілігі, түстілігі, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, фосфор, магний, темір мөлшері анықталды.

мақаланы жүктеу

Арыс өзені суын микробиологиялық тұрғыдан бағалау

Өзектілігі. БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су проблемасы пайда болады. Бұл жағдайда су проблемасы осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3 таза судан айрылуда[1]. Сонымен қатар, судың микробиологиялық көрсеткіштері де қоршаған орта мен оны тұтынушыларға үлкен қауіп туғызатын биологиялық қару ретінде саналып отыр.Судың биологиялық және экологиялық өнімділігі, онда өтіп жатқан органикалық заттардың синтезделуі мен ыдырау процестерінің қарқындылығымен анықталады [2].

Зерттеу мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) жер үсті суларын экологиялық тұрғыдан бағалап, микробиологиялық қауіпсіздігін анықтау.

Зерттеу материалы мен әдістері. ОҚО Арыс өзені тармағынан (Отырар ауданы) ағынды су алынып, оны микробиологиялық зерттеу жүргізілді.

Нәтижелері мен талдау.Су көздерінде немесе ағынды суда қалыпты жағдайда микроорганизмдер өте көп кездеседі. Бірақ әрбір микробтың өзінің шектеулі рұқсат етілген саны болады. Суда ең көп кездесетін микрорганизмдерге – кокктар, таяқшалар, вибриондар және т.б. жатады. Біз зерттеп отырған Арыс өзені суы шаруашылық пен тұрмыстық бағытта қолданылатын суға жатады. Өзен суының органолептикалық қасиеттеріне тоқталатын болсақ төмендегідей көрсеткіштерді құрады. Иісі – 3 балл, жат иіс – 5 балл, түсі – 33 градус болса, лайлылығы – 3,4 формазин бойынша лайлылық бірлігін берді. Барлық көрсеткіштер қалыпты жағдайдан асып отыр. Басты себеп ретінде жергілікті халықтың өмір сүру мәдениеті (аймақта өзенге шаруашылық қалдықтарды тастау көп кездеседі) мен көктемгі тау мұздарының еру нәтижесінде болған уақытша құбылыс болуы мүмкін.

Өзеннің микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштеріне келетін болсақ, жалпы микробтық саны 1 мл суда 286 болып шықты. Жалпы колиформды бактериялар саны (100 мл суда) – 24, термотолерантты коли-формды бактериялар саны (100 мл суда) – 5, колифагтар – (100 мл суда) 11, лямблиялардың цисталары (50 мл суда) – жоқ, сульфитредуцирлеуші клостриядиялар спорасы (20 мл суда) – 2 спора табылды. Осы өзен суы шаруашылық суына пайдалану үшін белгіленген ережелерге сәйкес соңғы 5 көрсеткіш мүлде болмауы керек және жалпы колиформды

мақаланы жүктеу


Распечатать